Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
"Бөбек" ҰҒПББСО Оқу - сауықтыру кешені Сынып : 4 Қазақ тілі Күні: 19.11.2015ж Сабақтың тақырыбы: Алматы қаласы Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді игерту. Оқу техникасын жандандыру. Дамытушылығы:байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытып, жетілдіру. Сөздік қорларын толықтыру арқылы тілдесім әрекетін дамыту. Тәрбиелігі: оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау. Тазалыққа, тәртіптілікке және жинақылыққа тәрбиелеу. Функционалдық сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың құндылығы:Дұрыс әрекет Сабақтың қасиеттері: мейірімділік, камқорлық, табандылық,білімділік Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кесте Пәнаралық байланыс:орыс тілі, өзін-өзі тану Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі: а)сәлемдесу, ә) топты түгендеу, б) сабаққа даярлықтарын тексеру. 2. Үй тапсырмасын сұрау: модульді қайталау. 3. Шаттық шеңбері: Бір-бірімізге жақсы тілектер, жылы лебіздер айту. Дәйек сөз: «Ерекше іс істесен, ел таңырқайды» Қ.Айнабеков 4. Сабаққа кіріспе. а) Ауызекі сөйлесу: не жаңалықтар бар? ә) Кезекшімен әңгіме 5. Жаңа тақырып: Сөздік жұмысы. Жаңа сөздермен таныстыру. (1.Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды, 2.Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады, 3. Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы оны қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Тапсырмалармен жұмыс. 1-тапсырма. Оқы біліп ал. Алматы метросы Алматыда миллионнан астам аадам тұрады. Қалаөте үлкен. Жақында метро салынды. Метро өте әдемі. Көп станциялары бар. Олар: «Райымбек», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Алатау». Метро 2011 жылы ашылды. 2-тапсырма. Мәтінді оқы айт. Алматы қаласы Қазақстанда үлкен қалалар көп. Алматы Қазақстанның үшінші астанасы болған. Алматыда театр, мұражайлар, Ұлттық кітапхана, «Медеу» мұз айдыны, спорт сарайлары, метро, қонақ үйлер бар. Мен Алматы қаласын жақсы көремін. 3-тапсырма. Диологты оқы, сөйлеп үйрен. Қосымша тапсырма. Әдептілік әліппесі мен тәртіптілікке шақыратын түсінікпен тәрбиелік әңгіме өткізу. Ай неге жалаңаш қалды • 1Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты. - Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді. Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты. Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі. Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты. 4-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы, жаттап ал. Апорт Апорт деген алманың Таттың ба сен бал дәмін? Апорт деген тәтті алма Ол өседі бақтарда Алатауда өседі ол Оған тең жоқ деседі ел 6. Сабақты бекіту. 5-тапсырма. Сөйлеп үйрен, дәптеріңе жазып ал 6-тапсырма. Сергітуді оқы, жаса. Соңғы тыныштық сәті: - Балалар бүгін сабақта алған білімдеріңді, үйренген жақсы қасиеттерді бойларыңа жинап,жүректеріңе түйіп алыңдар. 7. Бағалау. Оқушыларды берген жауаптарын ескере отырып, әділ бағалау. 8. Үй тапсырмасы: Мәтінді оқу, мазмұнын айту. | |
Просмотров: 2677 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|