Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
ШҚО Тарбағатай ауданы Тоғас батыр атындағы орта мектебі. Маселова Маржан Еркінғазықызы. Бастауыш сынып мұғалімі. Мақсаты: Өз елін танып – білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Суреттер, слайд, суреттер, бейнежазбалар. Барысы: Психологиялық дайындық. «Менің көңіл-күйім» жаттығуы. Алдарыңдағы стикерге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар. Балалар, алда қандай мереке келе жатыр? Желтоқсан оқиғасына арналған бейнероликті көрсету. 1 -оқушы: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 2- оқушы: Тәуелсіздің ең басты құндылығымыз. 3 -оқушы: Қазақстанды ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген біздің тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев. 4- оқушы. Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске – Айта бергім келеді, айта бергім. 5- оқушы. Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін, Дәлелдеуде Қазақстан елдігін. Арман еткен, қыршын кеткен ағалар, Елің алды егеменді теңдігін. 6-оқушы. Желтоқсан айы естесің, Дауыл боп бұрқап ескенсің. Азаттық күні қашаннан, Көкейін елдің тескенсің. 7- оқушы. Бұрқ етті қазақ баласы, Кеудеде өршіп наласы. Алаңға қарай ағылды, Таусылып барлық шарасы. 8- оқушы. Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, Тарихы оның тым әріден басталған. Бодандықтан құтқарам деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған. 9- оқушы. Жалғыз Отан – адамның жүрегі ғой, Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой. Ел үшін желтоқсанда құрбан болған, Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой. 10- оқушы. Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар, Жетілмей ерте солған гүл еді ғой. Болашаққа даңғыл жол салып берген, Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой. 11- оқушы Бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. 12- оқушы Ерікті елде бар белгі Мағыналы сымбатты, Елтаңбасы елімнің Маған, саған қымбатты. 13- оқушы Көк байрағы бабаның Бүгінгі ұрпақ алауы. Азат елдің шалқыған, Көңілі деп білерсің. 14- оқушы Туған тілім –тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы Өссе тілім менде бірге өсемін, Өшсе тілім менде бірге өшемін. 15- оқушы Қазақстан кең байтақ Туған өлкемсің! Қазақстан – тәуелсіз ел, Байтақ жерімсің! 16 -оқушы Сүйемін туған елімді, Сүйемін байтақ жерімді. Сүйемін қазақ халқымды Сүйемін Отан анамды. 17- оқушы. Үлгі бізге аталардың ерлігі, Ұлағатты өнегесі еңбегі. Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі. Ән: Өз елім. «Мен елімді сүйемін» С. Мәуленов. ( әңгіме тыңдау) «Кім тапқыр?» ойыны. Түрлі түсті бөлшектерді дұрыс орналастыр. Ән. Атамекен Міне, оқушылар мына байтақ даланың иесі сендерсіңдер - Қазақстан Республикасының келешегі, тірегі, тілегі де сендерсіңдер! | |
Просмотров: 657 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|