Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер. Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: біріккен сөздер, олардың жасалу жолдарын меңгерту, жазылуын есте сақтау; 2.Дамытушылық: оқушыларың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын дамыту; 3.Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі:жаңа сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, шығармашылық тапсырма. Көрнекілігі:интерактивті тақта, слайдтар. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық: *Менің көңіл-күйім жақсы. *Мен тапсырманы жылдам орындаймын. *Мен сабақты жақсы оқимын. *Менің жазуым әдемі. *Менің тәртібім жақсы. ІІ.Үй тапсырмасы: -Күрделі сөз дегеніміз не? -Сөз тіркесінен айырмашылығы қандай? 30-жаттығуды тексеру. ІІІ.Жаңа сабақ: 1.Сурет бойынша жаңа сөздер құрастыру. Ай+гүл, алма+гүл, бота+көз, тас+бақа, тау+ешкі, түлкі+бас. -Суреттегі заттарға жеке-жеке сұрақ қойыңдар. -Енді құрастырған сөздеріңе сұрақ қойыңдар. Не байқадыңдар? 2.Ережемен таныстыру. 3. «Сөз жасам» ойыны. Гүл жапырақтарына жасырынған сөздерден біріккен сөздер құрастыру. Оқыған сөздерді сөз құрамына талдау. Айнабұлақ, Жарбұлақ, Кербұлақ, Талдыбұлақ, Нұрдәулет, Бақдәулет, Есдәулет, Жандәулет, Алакөл, Жалаңашкөл, Сексенкөл, Сасықкөл, аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ, қосаяқ, тасбақа. 4.Оқулықпен жұмыс. 33-жаттығу.Сөздерді оқып, көшіріп жаз. Аққу, бұзаубас, Ақмарал, шаңсорғыш, балмұздақ, егеуқұйрық, Жетіқарақшы, шекара. *Әрсөз неше түбірден құралған? Әр сөзге сұрақ қой. 34-жаттығу.Өлеңді оқып, жатқа жаз. Кемпірқосақ Күн күркіреп, себелеп, Жаңбыр жауып, басылды. Көкжиекке керемет Кемпірқосақ асылды. *Өлеңде кездесетін біріккен сөзді ата. 35-жаттығу.Берілген біріккен сөзді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Аққұтан, шекара, көкжиек. *Бұл сөздердің біріккенсөз екенін кестені пайдаланып дәлелде. 36-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жаз. 1.Аңдар: . . . 2.Құстар: . . . 3.Өсімдіктер: . . . 4.Жер-су аттары: . . . 5.Шығармашылық тапсырма. 1-қатардың тапсырмасы: «Жетіқарақшы» сөзіне өлең құрастыру. 2-қатардың тапсырмасы: «Балмұздақ» сөзіне жұмбақ құрастыру. 6. «Тауып көр» ойыны. Екі бағандағы сөздерді біріктіріп жаңа сөз жаса. Түйе құс Ақ сүйек Ас қазан Ала бұға Ас қабақ Жол барыс Тау ешкі ІV.Қорытындылау: -Біріккен сөз дегеніміз не? -Біріккен сөз қалай жазылады? V.Үйге тапсырма: 37-жаттығу. «Хайуанаттар бағына саяхат» тақырыбына әңгіме құрап жаз. Бірккен сөз боп келетін аң-құстарды жазуды ұмытпа. | |
Просмотров: 1416 | Комментарии: 2 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|