Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Күні: Сынып: 1- сынып Сабақ: сауат ашу Мұғалім: Кукеева О.И. Сабақ тақырыбы: Л дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: 1. Сөздерді талдата отырып, Л әрпінің орналасу тәртібін түсіндіру. Дыбыстарды пайдалана отырып, буындарды оқуға үйрету 2. Оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін, ақыл – ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. 3. Ұлтжандылыққа, тіліне деген сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштікке баули отырып, үй жануарларын сүюге, күте білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ойын сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «Кубизм» стратегиялары. Көрнекілігі: суреттер, әріптер, кесте, топшамалар, Пәнаралық байланыс: дүниетану. Сабақтың барысы: Сабақтың бөлімдері Мазмұны ОӘ ФОПД І. Кіріспе. 2 мин 1.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық жаттығу. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, оқу-құралдарын, дыбыстық талдауға қажет заттарын партаның үстіне қойғызу. Өтілген тақырыпты еске түсіру. . ІІ.Негізгі бөлім 7 мин ІІІ. Мағынаны тану. 5 мин 10 мин 5 мин 5 мин Сабақты қортындылау 1 мин ІІ. Өткенді қайталау. (ыстық орындық) Оқушылар өздері білетін ережелерді сұрақ-жауап арқылы еске түсіреді. Дыбысты естиміз және оқимыз. Әріпті көреміз және жазамыз. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Балалар үйден жаттап келген өлең жолдарын айтады Өткен сабақтарда қандай дыбыстармен таныстық?( А, Т, П, Н, Ғ, Р) – А қандай дыбыс? (Жуан дауысты дыбыс) – Т, П дыбыстары ше? (Қатаң дауыссыз дыбыс.) – Н, Р дыбыстары қандай дыбыс? (Үнді дауыссыз дыбыс) – Ғ дыбысы ше? (Ұяң дауыссыз дыбыс) 1. Буын қатарын нотный станға келтіре оқыту До- Ра Ре- Ға Ми- ап Фа-па соль- ат ля – на си- та 2 Тақтада жазылып тұрған сөздерді оқыту. «Орамал тастамақ» ойыны. (ал, нан, арпа Танат Сөздерді буынға бөлгізу, сөздерге дыбыстық талдау жасату, буын түрлерін анықтау. Осы сөздермен сөйлем құрастыру. Жаңа сабақ Жұмбақ жасыру. Тастан – тасқа секірген, Ұзын салпақ құлақты Қандай әріп басында? Кім біледі лақты? Лақ сөзін талдау, буынға бөлу. Л дауыссыз, үнді дыбыс, Буындарды оқуға үйрету: Ла, ло, ол, ор,ал Тік көтеріп құйрығын, Шауып келді жүйрігім. (құлын) Лақ ол ненің төлі? Ал құлын ше? Лақ туралы қандай ертегілер білесіңдер? Л әрпі сендерге сыйлық ретінде ертегі ала келіпті, соны көрсетіп жіберейін. Қалғанын үйде ата-анасынан сұрап келесі сабақта жалғастыру. Сендерде үйде кейде лақтар сияқты жалғыз қаласыңдар, үйде қалғанда бөтен адамдарға есікті ашпаймыз. -Балалар, маған мына сұраққа жауап беріңдерші. - малдарды, төлдерді қалай күту керек? - Лақ сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі? (Л) - Л дауыссыз үнді дыбыс. (Балаларға дыбысты айтқызу.) -Неліктен ол дауыссыз? (өйткені ол кедергілерге ұшырайды) Л дыбысының баспа, жазба түрлерін тақтаға жазып көрсету. Л әрпі неге ұқсайды? (балалардың жауаптары) Л әрпін тақтада, ауда жазып үйрену ( Кестемен жұмыс) -Дыбыс деген не? -Әріп деген не? Тіл ұстарту жаттығулары: «Латышқа бар қатыстығым, Айтамын, - деп - латыш тілін», Айта алмай шатысты інім. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. (бейнежазба, сиқырлы әліппенің тапсырмасы) Л дыбысы бар сөздер айтқызу. «Топтастыру» Л дыбысы кездесетін сөздерді топтастыру. Л дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында келеді. «Кубизм» . Тапсырмалар: Кубикте берілген сурет бойынша жұмыс жүргізу. Л дыбысы бар сөздермен сөйлем құрастыру және сызбасын сызу. (Ләйлек, алмұрт, алма, лақ, шелек, піл) - Сөйлемді біз неден құраймыз? - Сөйлемді қай әріптен бастап жазамыз? - Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады? - Сөйлемнің соңына не қойылады? - Мына сөйлемде неше сөз бар? Құлыншағым тоқтамай шапқылады. Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы суреттермен жұмыс. Ала, лақ сөздерін буынға бөлу, буын түрлерін анықтау. Оқулықтағы буындарды, сөздерді қайталап оқыту. Топтық жұмыс «Төлдер» суретіне байланысты әңгіме құрайды. Л дыбысы бар сөздерді буындап, тізбектеп оқытамын. Ол ала бұзау. Ол ала күшік. Ауызша жұмыс: Топтау арқылы Л дыбысын қатынастырып буын жасаймыз. А о Л о а 1. Сөздікпен жұмыс Оқулықта берілген арал, алға, тар, тал сөздерінің мағынасын түсіндіру. Кісінің аты-жөні, жер су аттары бас әріптен басталып жазылады ережені жаттау хормен. 2. Сөйлемдер оқу. Ата, нан ал. Талғат, алма ал. Анар, гүл ал. 3. Сөзге дыбыстық талдау жасау. Оқушылар текшемен жұмыс жасайды және ауызша айтады. Сергіту сәті. Аю болып қорбаңдап орманға біз барайық Түлкі болып айлалап қасқырдан біз қашайық Ләйлек болып бәріміз қанатымызды жазайық Аспанға биік ұшайық. Жерге қонып бәріміз орнымызды табайық Дәптермен жұмыс. Л әрпін тақтаға жазып көрсету. Оқушылармен бірге ауада жазу. Оқушылар дәптерге бас және кіші әрпін жазады. 2. Есту диктанты: (жұптық жұмыс). Балалар диктанты жазып болып бір-бірін тексереді Ала ара. Олар аралар. ІV. Ой толғау. Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беру. 1- қатар лақ тауралы білгендерін әңгімелейді 2- қатар 7 лақ ертегісін сахналап көрсету 3- қатар лақ сөзіне 5 жол өлең құрастырады Лақ сөзіне «Бес жолды өлең» құрастыру. 1. Не? Лақ. 2. Қандай? Әдемі, ала. 3. Не істеді? Жүгірді, секірді, маңырады. 4. Сөйлем. Лақ асыр сап жүгірді. 5. Синоним. Төл. Деңгейлік тапсырмалар. 1. Л дыбысы бар сөздерді және жоқ сөздерді себетке екі бөліп сал. 2. Ла-ла-ла- Асан жақсы ба ... а. Лау-лау-лау- желбірейді жа ... ау. 3. Құрамында т, р, л әріптері бар үш сөз ойлап жаз. Оларды пайдалана отырып ертегі құрастыр Қандай әріппен таныстық? Ол қандай дыбыс? Сөзде қай жерде кездеседі? Л дыбысына өлеңдер жаттап келу Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Балалар өткен әріптерді айтады, мысалдар келтіреді Жұмбақтың жауабын айтады Жаттығуды барлығы қайталайды Л дыбысынан сөздер ойлайды Кубиктің қырларындағы суреттермен сөйлем құрастырады. Сұрақтарға жауап береді Бейне жазбада көрсетілген қимылдарды қайталайды Оқулықта берілген сөздерді оқиды, қайталайды Бал-р мағынасын түсіндіреді Өз бетімен жұмыс жасайды Барлығы сергіту жасайды Балалар бір-бірін тексеріп бағалайды «Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімінің № 18 мектеп-гимназиясы» ММ Ашық сабақ Л л дыбысы мен әрпі Дайындаған: Кукеева О.И. 2015-2016 оқу жылы | |
Просмотров: 2968 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|