Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
ШҚО, Семей қаласы, №47 жалпы орта білім беретін мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Мухиттанова Нуржикен Манаповна Математика 1 сынып Сабақтың тақырыбы: Біз нені үйрендік? Сабақтың мақсаты: 1. Бүгінгі сабақтарда біз өткен сабақтардан алған білімдерімізді пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. 2. Логикалық ойлау белсенділігін арттыру. 3. Есептер шығару арқылы шапшаңдыққа, тапқырлыққа жылдам ойлауға үйрету. Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, ойын түрінде жүргізу. Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, сөзжұмбақ шешу, суреттер, дидактикалық материалдар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру құрылымы Психологиялық дайындық Қане, біздер ойлайық, Ойымызды жинайық Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық. Жаңа сабақ Біз нені үйрендік? 2. Оқулықпен жұмыс. Санауды үйрендік. №1 мысал 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100. 3. Математикалық диктант. 3+2= 5+3= 7+3= 8+2= 10 - 4= 9 - 3= 20+30= 30+10= 4. Қасқырдың тапсырмасы: Салыстыру №1 мысал 5*9 70*50 90*90 6*3 50*70 7*70 6+3*7+150*50 10 - 2*9+1 5. Сөзжұмбақ шешу. 1. Бір аптада неше күн? 2. 9 бен 4-тің айырмасы неге тең? 3. «Артық» ұғымына қарсы ұғым 4. Қыстың соңғы айы. «Ойлан тап». Қане бәріміз қарап суретке есеп құрастырамыз Алма - 8 -? артық Құлпынай - 6 6. Сергіту сәті: Ал санайық, санайық, Санын біліп алайық Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу Қолымда сонда саусағым нешеу? Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты он саусақ. 7. Логикалық тапсырмаға жауап алу 1. Екі сиырдың мүйізі нешеу? 2. Бір мысықтың аяғы қанша? 3. Үш адамның қолы нешеу? 4. Шаянның неше аяғы бар? 8. Өз бетімен жұмыс. «Балық аулайық». 9. Геометриялық фигураларды ата. 10. Түлкінің тапсырмасын орындау Теңдеуді шеш: 10 - а=8 4+а=7 а+2=8 11. Психологиялық тренинг. 12. Жолаушыларды шығарып салайық. Есептер шығару. 13 Сабақты бекіту 1. Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? 2. Несімен ұнады? 3. Не үйрендік? 4. Қандай тапсырмалар орындадық? 14. Үйге тапсырма 190 бет №2 | |
Просмотров: 1011 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|