Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
ШҚО, Семей қаласы, №47 жалпы орта білім беретін мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Мухиттанова Нуржикен Манаповна Сабақтың тақырыбы: ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты:Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету Дамытушылық мақсаты: өзіне деген сеніділігін арттыру; Тәрбиелік мақсаты: өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Көрнекілігі: буклет Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Жаңа ақпарат Біз бақытты баламыз! Жылай қалсақ, жұбанамыз, Ақыл тыңдап, тіл аламыз, Біз тәртіпті баламыз! Таңда ерте тұра аламыз, Беті-қолды жуа аламыз, Біз ұқыпты баламыз! Үлкендерді сыйлаймыз біз, • Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер? • Өзіңе, өзгеге, табиғатқа құрмет дегенді қалай түсінесіңдер? • Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың? Әңгімелесу Өзін-өзі тану сабақтары арқылы адам өзін, басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады. Сабақта сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, ба¬қыт, білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады. Өзіңді тану Жақсы болу – өзіңнен, Жаман болу – өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзіңнен үйрен, өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын? – деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, Мен қандаймын? – деп ойла. Өзін-өзі танудан үйренген құндылықтар туралы түсініктеріңді айтыңдар. ҮІ. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Оқушылардың еңбегін мадақтау. Сабақтың тақырыбы: ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ЖҮРЕКПЕН Білімділік мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету Дамытушылық мақсаты: өзіне деген сеніділігін арттыру; Тәрбиелік мақсаты: өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Көрнекілігі: буклет Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Шаттық шеңбері бірлік Отан білім махаб¬бат Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің. Балапан Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды. Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа. Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды. Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды. • Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті? • Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма? Суретке қараңдар. Төмендегі сұрақтарды қол¬дана отырып, «Біз осылай өсеміз» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар. Жағдаятты шешу • Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет? • Адамның дамуына не ықпал етеді? • Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер бай¬қадыңдар? • Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалай¬сыңдар? Жүректен жүрекке Біз осылай өсеміз Суда жүзіп өсеміз, Қырды сүзіп өсеміз. Күнге қызып өсеміз, Құмда шыжып өсеміз. Қайырмасы: Талаптанып өсеміз, Қанаттанып өсеміз. Таулар көріп өсеміз, Баулар егіп өсеміз. Жеміс теріп өсеміз, Жеңіскер боп өсеміз. ҮІ. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. Оқушылардың еңбегін мадақтау. | |
Просмотров: 777 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|