Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ақсары негізгі мектебінің Рахметуллина С.С. бастауыш сынып мұғалімі Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!» Мақсаты: 1. Оқушылардың білімін ортаға салу. 2. Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын, қабілеттерін, танымдарын арттыру, шығармашылыққа баулу. 3. Байқампаздыққа, шапшаңдыққа баулу. Көрнекілік: сызба, сурет. Сабақтың түрі: ойын сабақ Әдіс-тәсілдері: жарыс, топпен жұмыс, іздену Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру. ІІ Кіріспе әңгіме. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Бұл сабақта сендер өздеріңнің шығармашылықтарыңды, тапқырлықтарыңды көрсетесіңдер. Жарысты бастамас бұрын біз екі топқа бөлініп алайық. І топ – ақындар, ІІ топ – жазушылар тобы. Топ басшылары І топ – Адлет, ІІ топ – Азат. 1 тапсырма. Топ басшылар сайысы. Сөзжұмбақ шешу. 2 тапсырма. «Сөз теру» Берілген сөзден басқа сөз теру. І топқа «Балмұздақ» ІІ топқа «Саңырауқұлақ» 3 тапсырма.Берілген сөздерге (зат есімге) бір әріп қосып, мағынасы өзгерген сөз жаса. І топқа - қала, ат, бақа. ІІ топқа – таба, ел, өр. 4 тапсырма. Ұйқасын тап. І топқа 1. Өзінше ноян ІІ топқа. 1 Бата алмас түлкі, Қорқақ кім? ( қоян) Үсті тікен... (кірпі) 2. Тұмсығымен шымшып, 2.Өңеші кең таңдайын, Құрт тереді...( шымшып) Дәнге тосты...(комбайн) 5 тапсырма. Үй жұмысы. І топқа мақал шығарып келу. ІІ топқа Өлең шығару. Оларға үлгі ретінде «қарға сүйеді баласын аппағым деп, кірпі сүйеді баласын жұмсағым деп.» деген шумақтар беріледі. Жауаптары: І топ. Теледидар қарама 2. Көп сөйлеген адамның досы аз Көзің тозар. 3. Еңбекқор оқушы сабаққа қарайды Сағыз шайнама Жалқау оқушы сағатқа қарайды. Аузың тозар. 4. Бірлікті құртатын өтірік. ІІ топ.1. Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп Ештеңені білмеген момыным деп. Ана сүйеді баласын еркелетіп, «Қызығым, ботам, құлыным»деп. 2. Әке сүйеді баласын дарқаным деп, Елді жаудан қорғайтын қалқаным деп. 3. Сүйеді атам қозым деп, Қошақаным өзің деп. 4. Ит сүйеді баласын күшігім деп, Кешке дейін ойнаған пысығым деп. 6 тапсырма. «Біз ақынбыз» Мына өлең шумақтарын әрі қарай жалғастыр. Айналамда ұшып жүр, Ақ мамық қар себелеп. І топ. Қар үстінде елбеңдеп, ІІ топ. Жүгіреді тұра кеп, Ойнап жүр біздің көбелек. Саят пенен Мейрамбек. 7 тапсырма. Сөз құпиясы. І топқа солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздер. ІІ топқа. Солдан оңға оқысаң да сол сөз, оңнан солға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөздер. І топ. Қыран – нарық, қысым – мысық, бұлақ – құлып, есек – кесе, лақ – қал, сым – мыс. ІІ топ. Қазақ, қырық, ата. Ана, аға, апа, іні, ірі, есе, шаш, қызық. 8 тапсырма. Жұмбақтар сайысы. Екі топ бір-біріне жұмбақ жасырады. Қорытынды.Қазылар алқасы әр топтың ұпайын санап, жеңіске жеткен топты анықтап, марапаттау. | |
Просмотров: 1429 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|