Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

«Менің құқықтық алаңым»
Шығыс Қазақстан облысы.
Аягуз ауданы,Тарбағатай ауылы.
«Тарбағатай жалпы білім беретін орта мектеп» К.М.М.
Өзін-өзі тану мұғалімі
Назарова Жұпар Мұқанқызы
Тренинг
ТАҚЫРЫБЫ: «Менің құқықтық алаңым»
МАҚСАТЫ:
● адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
• әр адам өз бостандығы мен құқықтарын қорғауға құқылы екенін дәлелдеу
• құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;
• өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
• оқушылардың логикалық ойлау мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту дағдыларын дамыту;
• оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы түсіндіру.
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: интерактивтік тақта, дөңгелете қойылған столдар; стол үстінде фломастерлер, ромашка гүлі салынған қағаз беттері, ромашканың ортасы әр түрлі түстен (топтардың санына байланысты);
Міндеттер:
Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықтық алаң, оқушының құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Кіріспе сөз.
Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы – «Менің құқықтық алаңым».
Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білетін боламыз, яни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз.
Сөздікпен жұмыс.
1. Кәне, анықтап алайық, құқық дегеніміз не?
Құқық-қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым
Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен
қарым-қатынасқа қойылатын талап
Мораль- адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.
Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлектеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси- құқықтық акт
Декларация - тараптар мақұлдаған жалпы принцитер мен мақсаттарды
қалыптастыратын салтанатты акт.

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие. Бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайымына заңдарда көрініс тапқан:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы
3. Бала Құқықтары туралы ҚР Заңы
4. Азаматтық Кодекс
5. Неке және отбасы туралы Заң

2. Топтарға сұрақ
- Осы құжаттарда бала деп көрсетілгендер кімдер, неше жастағылар деп ойлайсыңдар?
(Кәмелеттік жасқа толмағандар).

3. Шағын топтармен жұмыс. «Бала ма, бала емес пе?» ).
Кененбаев Мұрат әке-шешеден жетім қалды, өзі күтім тілеп отырған кәрі әжесінің қолында тұрады. Бірден-бір күнкөріс көзі – асыраушысынан айырылған адамға берілетін зейнетақы. Бала әжесін күтеді, кейде машина жуып табыс табады, кешкі мектепте оқиды.
• Сәбитова Ира 16 жасында сәбилі болды. Ол кешкі мектепте оқиды. Ата-анасымен бірге тұрады.
• Киркорова Ася 11 жаста, соның төрт жылын ол үй астындағы жертөле қабатта өткізіп келеді. Ата-анасы әуелі оны таяқтан көз ашырмады, ақыры өздері үйден кетіп тынды. Содан бері хабар жоқ.
• Александр Ким мен Саша Малинина 17 жаста үйленді.
• 17 жастағы Тимур Қанатбаевты Орал қалалық соты ұрлық жасағаны үшін соттады. Бұған дейін ол бұзақылығы үшін түрмеде отырып шыққан еді.

4. «Құқықтық алаң» ұғымын анықтау
Құқық ұғымын анықтадық. Ал енді «құқықтық алаң» дегеніміз не? (Оқушылар жауап береді. Қиналған жағдайда мұғалім жауап береді).
Құқықтық алаң – адам құқықтарының жиынтығы
5. Шағын топтармен жұмыс
Сіздердің столдарыңызда түймедақ гүлдері жатыр. Алаңқайда өскен бұл гүлдер сіздер үшін құқықтық алаңқайдың символы іспеттес болсын.
Тапсырма. Әр топ өзінің құқықтық алаңқайын жасап шығару керек. Гүлге өздерінде бар деп есептейтін құқықтарын жазу керек.
«Құқық алаңқайы» жобасын құру және талқылау. (3-5 минут).
Әр топ өздерінің жобасын қорғайды да, тақтаға іледі.
Ал енді шын мәнінде біздің құқықтық алаңымыз қандай екен? Соған назар аударайық. Сіздердің алаңқайларыңыз бұл алаңмен сәйкес келе ме екен, тексерейік.
Практикалық жұмыс. «Қай құжат артық?» ).
Мына балалар құқығы қаралған құжаттардың ішінде бір құжат артық. Соны табу керек.
«Әрекетқабілеттілік пирамидасы» Бала туылған сәттен бастап кәмелеттік жасқа толғанға дейін қандай құқықтарға ие бола алады?

Балалар, құқық бар жерде міндет те бар. Енді соған тоқталайық. Сіздердің құқықтарыңыздың шектелетін кездері де болады. Құқықтарыңызды кім шектей алады?
• Сенің ар-ұятың
• Жалпығаортақнормалар мен әдепережелері
• Заңдар

ҚР балалардың міндеттері:
• білімалуға
• тәртіпсақтауға
• мектепмүлкінсақтауға;
• үлкендердісыйлауға;
• анатілдіңтазалығынсақтауға;
• әрдайым таза, ұқыптыжүруге;
• темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге, т.б.

Мектепте кездесетін жағдаяттарды талқылау

Шешім қабылдау:
«Біз сабақ үстінде ұялы телефон ұстамаймыз. Бұл – біздің шешіміміз. Және мұны біз орындаймыз»
Қорытынды:
№1 Ереже. «Міндетсіз құқық жоқ»
№2 Ереже. «Өзіңе тілемейтініңді басқаға да тілеме»
№3 Ереже. «Сенің құқығың басқалардың құқығы басталатын жерде шектеледі»
Сау болыңыздар!
Категория: Начальная школа | Добавил: Нурдаулет (2016-01-21) | Автор: Назарова Жұпар Мұқанқызы
Просмотров: 1249 | Теги: .начальная школа | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2025-01-10, 5:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru