Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Қазақ тілі 4 «А» сыныбы Тақырыбы: Біріккен сөздер Мақсаты: Білімділік: Біріккен сөздер туралы ұғыммен таныстыра отырып, оның жасалу жолдарын меңгерту.Ұлттық тағамдар туралы мәлімет беру. Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлану қабілеттерін және сөздік қорларын молайту. Тәрбиелік: Іздемпаздыққа,ұқыптылыққа, сауатты жазуға, ұлтқа деген адамгершілік ізгі қасиеттерін бойларына сіңіру. Түзетулік: Көру қабілетін сақтау.Оқулық, дәптер, тақта,парақ бетіндегі нысанаға байланысты жұмыстар жүргізу. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, өзіндік ізденіс, сұрақ-жауап, бейнелеу, баяндау. Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,үлестірмелі материал,кесте. Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі а)Амандасу. Сабақта қазақ халқының ет тағамдары туралы мәліметтер аламыз. б)Арнау сөзді оқу «Мұралардың ең қымбаты –сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады,күн жылытпас суық көңілді жылытады,асыл адам да, нәрсе де тозады,жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды» ( Ғ.Мұстафин) II. Үй тапсырмасын тексеру «Бас табақ» -Біздің халық өте қонақжай халық. Үйге сыйлы қонақ келсе, қандай тағам жасаймыз? «Бас табақ» туралы не білеміз? -Үй тапсырмасына не берілді? -Күрделі сөз деген не? (Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз) -Күрделі сөздер нешеге бөлінеді? (Төртке бөлінеді.) Күрделі сөздерге мысал келтіріңдер.(Бозтоғай, теміржол,ауыл аймақ, сап-сары.) -Сөз дегеніміз не?(Сөз деген затқа, түр-түске, қимылға берілген атау) Мысалы: қалам, көк,биле. - Түбір сөз деген не? III. Жаңа сабақ -Балалар, енді шағын көрініс тамашалайық. «Айна мен гүл» Ертеде Айна өмір сүріпті.Бірақ оның өмірі көңілсіз ,әрі ол жалғызсырап жүріпті.Өмірден қатты түнеліп келе жатқанда, оның алдынан жайқалған әдемі Гүл шығады. Гүл: Айна, Айна, сен неге сонша көңілсізсің? Айна: Жалғыздықтан жалықтым, өзіме лайықты дос іздеп келемін. Гүл: Мені елдің бәрі көркем, әдемі дейді.Бірақ мен өзімнің әдемілігімді ешқашан көрген емеспін, көргім келеді, менімен дос болшы! Айна: Алақай, алақай, мен өзіме лайық дос таптым. (Екеуі қолтықтасады) Содан бері қазақта қыз балаларға Айнагүл деген есімді қоя бастапты. -Қандай сөз шықты? (Айна+гүл) Дәптермен жұмыс (Қарашаның жиырма жетісі) Көркем жазу Аа Ас- адамның арқауы. Суретті диктант Торсық,табақ,кесе,ожау,қазан. Кестемен жұмыс адам аттары Біріккен сөздер ойын аттары жер-су аттары аң-құс аттары өсімдік аттары «Сый табақ» Кестемен жұмыс Түбір сөздер Біріккен сөздер Түйе құс Түйеқұс Ақ сүйек Ақсүйек Ас қазан Асқазан Ала бота Алабота Оқулықпен жұмыс 33-жаттығу 77-бет.(Сөздерді оқып,көшіріп жаз) Интерактивті тақтаға орындау. Әр сөзде неше түбір? Аққу, бұзаубас, Ақмарал, Шаңсорғыш, балмұздақ, егеуқұйрық, Жетіқарақшы, шекара Ережемен танысу Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп атайды.Олар бірігіп жазылады: алабота,балқарағай. Сергіту сәті 35-жаттығу (ауызша) Берілген біріккен сөздермен қатыстырып сөйлем құра. Аққұтан, шекара, көкжиек Бұл сөздер біріккен сөз екенін дәлелде. Көзге арналған жаттығу (Ұлттық ыдыс-аяқтарды табу) Өзіндік жұмыс.(Топпен жұмыс ) I-топ: Жұмбақты шешу. (Біріккен сөздерді тап. Сөз құрамына талда) Ешкім ілмеген шымылдық. Көкжиекті көлбейді, Бүктеуіңе келмейді, Сипауға да келмейді. (кемпірқосақ) II-топ: Өтірік өлеңді оқу. (Біріккен сөздерді тап.Сөз құрамына талда) Сужыланға емделген, Тасбақаны қарсы алдым. Сексеуілмен жемделген, Таскенеге ер салдым III-топ: Жаңылтпашты жатқа айту. (Біріккен сөздерді тап.Сөз құрамына талда) Бақбақ батпақта ма? Бақбақ бақта ма? «Жезде табақ»- сабақты жинақтау Біріккен сөзден жасалған кісі аттарын ата.Жер-су аттарын ата. Кісі аттары Жер-су аттарын Нұрзат Ақтау Айдана Теміртау Асылжан Сарыөзек Батыржан Алакөл Ойын : «Фигураны тап» АҚ АС ҚУ ҚАБАҚ ТАС БАҚА IV. «Жай табақ» Сабақты қорытындылау Не үйрендік? Не білдік? Кітапхана Біріккен сөздер Бірігіп жазылады Екі түбірден жасалады Айдана Итмұрын V. «Жеңге табақ»- Үйге тапсырма 36-жаттығу, 78-бет VI. Рефлексия VII. Бағалау. Ән «Қазақы дастарқаным» | |
Просмотров: 1244 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|