Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «№47 жалпы орта білім беретін мектеп» Бастауыш сынып мұғалімі Муканбаева Лаура Жаксылыковна Тақырыбы: Санды және әріпті өрнек (көбейту және бөлу). Мақсаты: 1)Білімділік: Оқушыларға көбейту және бөлу амалдарындағы санды және әріпті өрнек туралы түсінік беру 2) Дамытушылық:Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс-әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін, ой -өрісін дамыту. 3)Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа,қамқаолыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ыдыстар ағаштар, жемістер, интерактивті тақта, электронды оқулық. Түрі жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру,көрнекілік, ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 1,2,3 шебер бала біз 4,5,6 жалқаулық артта қалды 7,8 еңбек пен білім егіз 9,10 тапсырманы орындаған жөн -Олай болса берілген тапсырмаларды орындап, сабаққа белсене қатысып отырайық ІІ. Машықтандыру тапсырмасы (интерактивті тақтада) 1.6 қызғалдақ гүлдерінен бірдей 2 гүлшоқ жасалды. 1 гүлшоқта неше гүл бар? 2.8 ойыншық 4ұлға бірдей етіп таратылды.Әр ұл неше ойыншықтан алды? 3.10 шыршы әрбір үйдің жанына 2 шыршадан отырғызылды.Неше үйдің жанына шырша отырғызылды? ІІІ. Жаңа сабақ. Электронды оқулықты ашып «Санды және әріпті өрнек» деген бөлімнен «түсіндірме» батырмасын басып жаңа сабақты түсіндіру. ІV. Түсініктерін бекіту жаттығулары 1.Ойын «Жаңылма» Интерактивті тақтада мысалдар жазылған, «Санды өрнек», «Әріпті өрнек» деген тұсқа апарып орналастыру. 5*2 а+3 16:4 х*2= 4 6*3 45-7 12-в а-5 = 2 а*6 Х*5 = 20 Сергіту сәті Алыс,алыс жерлерден, Келеді бізге керуен Керуен бізге не әкеледі? Керуен бізге.......... әкеледі. V.Танымдық тапсырмалар 1 Суреттегі берілген ыдыстардағы сандар мен таңбаларды пайдаланып санды және әріпті өрнек құрастыру. 2.№ 3,4 есепті шығару VІ Кел, ойнайық. (интерактивті тақтада) Аңдарға тиісті жемісін тауып жеуге көмектесу.Оқушылар тақтадан жемістің үстіндегі жазылған өрнекті шығарып, тиісті аңның жанына жинақтайды. Топтық тапсырма .Электронды оқулықтағы «Санды және әріпті өрнек» бөліміндегі №1 тапсырманы орындау. VІІ Сабақты бекіту. Оқушылар интерактивті тақтада жазылған өрнектерден өздеріне тиістісін жазу. 1-қатар «санды өрнек» 2-қатар «әріпті өрнек» А+2 2*6 Х-5 10 4+5 65-50 а+8 16 5*4 12:6 Х*2 14 24:6 «Үндемес ойыны» Интерактивті тақтадағы өрнектерге мұқият қарап отыру.Санды өрнек болса бір рет шапалақтау, әріпті өрнек болса екі рет шапалақтау VІІІ.Сабақты қорыту ІХ Үйге № 6, 34бет Х Бағалау: смайликтер арқылы. | |
Просмотров: 1279 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|