Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Сабақтың тақырыбы: Астана. Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға «Астана» өлеңін түсініп оқыту арқылы елордамыз Астана туралы мәліметтер беру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, тарихи мәліметтерді саралай білуге, ақпараттық ойлау қабілеті мен компьютерлік сауаттылығын дамытып, ғылыми ізденуге жол ашу. Тәрбиелігі: Отансүйгіштікке, басқаның ойын тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Әдістері: Эвристикалық-ізденушілік, тренинг, талдау, жинақтау, проблемалық, Синквейн, АКТ ,СТО технологиясы. Көрнекілігі:Интер. тақта, қаланың әсем суреттері, оқулық.,үлестірмелік материалдар, ҚР-ның картасы. Оқыту формасы: жеке, ұжымдық. Пәнаралық байланыс: дүниетану,тарих. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Ой қозғау: «сөзжұмбақ» шешу арқылы сабақтың тақырыбын табу. 1.Мемлекеттік тіл. 2. Биік бәйтерек басына қонған құс? 3. Астанадағы биік ғимарат? 4.Оңтүстіктегі астанамыз? 5. 7-мамыр қандай күн? 6.Алматы қай таудың бөктерінде орналасқан? Қандай сөз шықты? Астана. Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз не? Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Астана туралы білімімізді толықтыру. II. Жаңа сабақ. Танып-білу кезеңі:Оқулықпен жұмыс. Е.Өтетілеуұлының «Астана» өлеңімен танысу. Мұғалімнің оқуы. Оқушыларға кезекпен оқыту. Түсіну кезеңі: Сұрақтарға жауап алу. -Ақын Астана қаласын қалай суреттеген? -Астана ҚР-ның қай жерінде орналасқан? -Алғашында қалай аталған? -Олай болса, бүгін біз сүйікті қаламыз Астанаға сырттай саяхат жасаймыз.Бейнекөріністі тамашалау. Қолдану: Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа мәтіндер тарату. 1-ші топ: Географиялық орны және халқы. Астана қаласы кең байтақ Отанымыздың жүрегінде,Сарыарқаның төрінде,Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан. Астанада 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Тұрғылықты халқы-қазақтар.Қала тұрғындарының саны-808 мың адам. 2-ші топ: Астана қаласының рәмізі. Астана қаласының рәмізінің жобасын Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған. Рәміздің іші мен сырты сақинадан құралған шеңбер түрінде.Қос шеңбер-өміршең даму мен мәңгіліктің белгісі. Негізгі элемент –Бәйтерек пен Шаңырақтың біріккен түрі. Бәйтерек-тамырын кеңге жайған тіршілік бейнесі. Шаңырақ-әлем кеңістігінің бір нүктеге тоғысуы. Бәйтеректе құсқанаты оюы бейнеленген.Аспан түстес көгілдір түс тәуелсіздігімізді,оюдың шетіндегі жасыл түс жайқалған жастық шақты сипаттайды. 3-ші топ: Қаланың қалыптасу кезеңдері. Қаланың негізі 1830 жылы қаланған.1961 жылға дейін Ақмола қаласы деп аталған; 1961-1992 жылға дейін Целиноград қаласы; 1992 жылы тарихи атауы-Ақмола қайтарылды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы тәуелсіз қазақ мемлекетінің астанасына айналды.Ал Елбасының 1998 жылғы 6- мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгерді. Сергіту сәті: Мынау менің жүрегім Бәрі осыдан басталған. Мынау-басым ақылды. Бәрін осы басқарған. Мынау менің оң қолым Мынау менің сол қолым. Барлық істі атқарған. Жинақтау кезеңі: 1-ші топқа тапсырма: Картамен жұмыс. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан) Қазақстанның астанасын көрсет. Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан? Біздің облысымыз қалай аталады? Картадан көрсет. 2-ші топқа тапсырма: Қаланың қалыптасу кезеңдерін кестеге түсір. 3-ші топқа тапсырма: СИНКВЕЙН. Астана Сәнді, сәулетті. Өседі, құлпырады,жайнайды. Астана-отанымыздың жүрегі. Арман қала. Рефлексия: Ойларын ортаға салады. Бүгінгі сабақта не білдік? Қандай әсер алдыңдар? Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Астана қаласының болашағы туралы ойыңды білдір. СҚО. Қызылжар ауданы Озерное орта мектебі Таныбаева Ардақ Қайыркелдіқызы | |
Просмотров: 775 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|