Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
ШҚО, Тарбағатай ауданы, К.Сәтбаев атындағы орта мектебі. Бейнлелеу өнері пән мұғалімі Илиясова Салтанат Сабақтың тақырыбы: Пейзаж туралы ұғым Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларды ауа перспективасы түсінігімен таныстыру. ә) Дамытушылық: Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру, дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық жұмыс жасауға баулу. б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу. Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 4. Практикалық жұмыс. 5. Сабақты бекіту. 6. Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару. 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Суреттерін тексеру. -Сызықтық перспектива дегеніміз не? -Сызықтық перспективаның қандай тәсілдерін білесің? 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Шығармада кеңістікті көрсету үшін сызықтық перспективаның тәсілдерін қолдану кейде жеткіліксіз болады. Саған орман пейзажын бейнелеу керек болды делік. Алдыңғы қатарда діңдері жіңішке, ал артқы қатарда жуан діңді ағаштар орналасқан. Ағаштардың кейбіреуі жақын, ал кейбіреуі алыс орналасқанын көрсететін пейзажды қалай жазуға болады? жақындағы заттар үлкен, ал алыстағы заттар кішірек болып көрінетінін сендер сызықтық перспективаның заңдары бойынша білесіңдер. (оқулықтағы суреттер бойынша композициялық шешім таңдау). Пейзажда кеңістікті көрсетудің сызықтық перспективадан басқа қандай тәсілдері бар? Оны білу үшін біз табиғатты бақылауымыз керек. Біз алыстағы заттарды көгілдір түске боялған ауа қабаты арқылы көреміз. Бұл құбылыс ауа перспективасы деп аталады. Оқулықпен жұмыс. «Ойлан да жауап бер!»: 1)Суреттерге қарап алдыңғы және артқы шепте орналасқан ағаштарды салыстыру, олардың түстері жайлы айту. 2)Ағаштардың қайсысы жақын, қайсысы алыс орналасқанын анықтау. Ауа перспективасы – бұл заттар алыстаған сайын пішіндерінің анықтығын жоғалтып, түстері суық тарта бастайтын құбылыс. 4. Практикалық жұмыс. Ауа перспективасына байланысты ағаштардың суретін салу. 5. Сабақты бекіту. 1)Суреттерге қарап сызықтық және ауа перспективасы бойынша сипаттама беру. 2)Бір-бірінен әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың түсі мен көлемін сипаттау. 6. Үйге тапсырма. Табиғаттағы ауа және сызықтық перспективасында бейнеленген пейзажды бақылау. Сабақтың тақырыбы: Табиғат аясына экскурсия ұйымдастыру. Ауа және сызықтық перспективасында бейнеленген пейзаж. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Ауа және сызықтық перспективасында бейнеленген пейзажбен таныстыру. ә) Дамытушылық: Олардың бояуымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін арттыру, дамыту, мүмкіндігінше шығармашылық жұмыс жасауға баулу. б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу. Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Бояу түрлері (акварель, гуашь), дидактикалық көрнекілік құралдар, қылқалам, қағаз, иллюстрация, т. б. Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 4. Практикалық жұмыс. 5. Сабақты бекіту. 6.Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару. 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Суреттерін тексеру. -Ауа перспективасы дегеніміз не? -Сызықтық перспективаның қандай тәсілдерін білесің? 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Ауа перспективасы сызықтық перспективамен салыстырғанда денлердің өлшеміне емес, олардың түстерінің қанықтығына әсер етеді. Сызықтық және ауа перспективалары бір-бірімен тығыз байланысты. Оған оқулықтағы фотосуреттерге қарап көз жеткізуге болады. Алыстағы денелер өлшемі жағынан кішкентай, пішіндері анық емес, түстері қанықпаған және анағұрлым суық реңкті болып көрінеді. Сондықтан шығармада толық кеңістік әсерін беру үшін сызықтық және ауа перспективаларын қатар қолдану қажет. 4. Сөзжұмбақтар мен басқатырғыштар Ә Б И Н Ә Һ Ь І В А Ы Р К Л О Д А Д А Х А Н Л Н М И С А Е А И Л Ь А К С 1. Мына шаршы ішінде пейзажшы-суретшілер – Қастеев, Моне, Левитан, Шишкин, Писсаро, Саврасовтың есімдері жасырылған. 2. Сөйлемді аяқта: -Ауа перспективасы дегеніміз... -Кескіндемені ашық ауада бейнелеген суретшілер - ... -Пейзаждағы түс қанықтылығы ... байланысты. 5. Сабақты бекіту. 1) Мына сөздің бірнеше әрпі жасырын тұр. Егерде сұрақтардың бәріне дұрыс жауап берсең, ол сөзді оқи аласың. Бейнелеу өнерінің бұл бағыты туралы білетініңді айтып бер. 2) Салынған уақытының реттілігі бойынша бірнеше пейзаждың атауын жаз. 6. Үйге тапсырма. Табиғаттағы ауа және сызықтық перспективасында бейнеленген пейзажды бақылау. | |
Просмотров: 1542 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|