Тіл ашар мерекесі 1-о:Армысыздар,мұғалімдер-әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар. 2-О:Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар. Хор: «Мұғалім-ол біздің» М:Өсті міне,бойларың, Өсті ақыл-ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың! -Балалар, мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер соған жауап айтыңдаршы. Іші толған әріпке, Білімдегі жарық не? Хормен:-Болашаққа жол ашар Ол сүйікті Әліппе! Ол сүйікті Әліппе! М:-Олай болса бәрімізге қымбат Әліппені ортаға шақырайық. О:- Әліппе, Әліппе, Әліппе. Әліппе:-Армысыңдар, жас достар : Армысыңдар, ата-ана! Болашаққа жол бастар Әліппең келді ортаға. Құттықтаймын сендерді Бүлдіршіндер,балғындар. Менің атым Әліппе, Мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ер жеткен, Ағаң сенің әпкең де. М:-Сенің нұрың сөнбесін, Ашық аспан жарық күн. Келешегі сөйлесін Қазақ деген халықтың. Тілі балдай баланың, Талабына жарық бер. Ертеңгілік сабағын, Жүргізеді мына тұрған әріптер. «А»әріпі: Адам аузын ашқалы А-дан сөзін бастады. Ата-ана,ақыл,ар А-мен айы аспаны. «Ә»әріпі: Әкең, әжең,әлемің Ә-мен әсем әлемің . Ә-сіз аты аталмас, Әділеттің Әменнің «Ә»дыбысын өткенде тамылжыта ән салуды үйрендік Хор:«Әліппе» «Б»әрпі: Балбұлақтын қасында Бір бәйтерек қасына. Бұлан-бұғы келіпті, Бір-біріне кейіпті. «В»дегенің вал деңіз,толқын күшін шамала «М»дегенімң мал деңіз, қадір тұтқан бабалар. «Төлдер туралы » ән «Г»әрпі: Гүл-гүл жайнап жер-аспан, Гүрілдейді сайда өзен. Гүлжазира жарасқан. Гүлдерімен қай кезең. «Д»әрпі: Дастархандай дараны, Даңқы шыққан даланы. «Д»-мен айтып білген жұрт, Дауылпаздай дананы. «Дастархан»ән Еркелеген ер емен, Еңбегіңді елеген. Ерлік етсең еліңді, Елжіретер «Е» деген. «Ж» әрпі: Жан-жақсылық, жаңалық, Жатыр Ж-дан басталып. «К»әрпі: Көрпеге оранып көсіліп жатпаймын Кітапты қолға алып. Көп өлең жаттаймын. «Қ»әрпі: «Қ»әрпінен құралған, Бас аяғы халықтың. Жарылқасын бір Аллам, Жасай берсін азат күн! Ән«Менің Қазақстаным» «О»әрпі: «О» дыбысын өткенде ою оюды үйрендік. Мақал-мәтелдер айтады. 1.Ою ойғанның ойы ұшқыр. 2.Ойсыздан оюшы шықпайды. 3.Ою ойған сызу да сыза алады. 4.Шебер көп жерде ою да көп. 5.Сызу сызғанның сиқыры бар. «Ө»әрпі: «Ө»әрпімен өрістер, Өмір атты дүниең. «П»әрпі: «П»дегенің періште. Желеп жебер мың иең. Хор:«Әлди бөпем» «С»әрпі:Сыртылдайды күнімен, Сыртылдайды түнімен. Білгін келсе уақытты, Көрсетеді тілімен. «Ү»әрпі:Үстел берсен кіргенде, Үлкен кірсе есіктен. Үлгілі ғой демеә ме, Үйренген ғой бесіктен. «Х»әрпі: «Х»дегенің сәлем хат, Қуанышы қаншама. Ән:«Әже» «Ш»әрпі: «Ш»дегенің шапағат,тие берсің баршаға. «Ы»әрпі: «Ы»дегенің ырысың,орман, тоғай,өзенің. «Я»әрпі:Даурықпандар әріптер, Бәріңді жұрт дәріптер. Мен «Я»-мын соңғы әріп, Менен әрі барып көр. Алфавит сыры Алфавиттың «А» тұрады басында Әрқашанда«Ә» тұрады қасында Байқадың ба«Б» тұрады үшінші Ал осынын сыры неде түсінші «А» деген ол аналар ғой ардақты «Ә» деген ол әкелер ғой салмақты «Б» деген ол балалар ғой әдемі. Біздің елде үшеуі де кәделі. Алфавитті біліңдер Онда жүйе қалып бар Біздің қаза тіліңде 42 әріп бар. Хор: Алшақ кетпей сондықтанда расында, Тұрады олар алфавиттің басында. Қолшатыр биі Әліппе: Балалар, сендер мені оқыдындар, сонда сендер менен не үйрендіңдер? О:-Жұмбақ, жаңылтпаш,санамақ,өлең,ән үйрендік.Енді кез келген кітапты өзіміз оқи аламыз. Ыбырай, Абай аталарымызбен таныстық. 2-О:-Ы.Алтынсарин-тұнғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазған. Біз Ыбырай атамыздың «Бір уыс мақта» әңгімесің, «Мақта қыз бен мысық» ертегісін, «Кел,балалар, оқылық»өлеңін білеміз. 3-О:Абай –қазақ халқының ұлы ақыны.Біз Абай атамыздың өлеңдерін оқыдық. «Әсемпаз болма әрнеге» 4-О: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Ата-ана қуанышқа ортақ бол Сауатты боп шықты міне баланыз. Оқушылар тобы –вальс. 5-О:Өтті оқу сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат, Ана тілі достаспақ, Әліппемен қоштассақ. Ана тілі кіріп келіп:-Саламатсыздарма балалар?Балалар әліппенің сендерге риза болғанына мен де қуанамын. Мені де жақсы оқыңдар. Бәрі:-Жақсы оқимыз,Ана тілі! Ана тілі:Ана тілің –біліп қой, Бостандығын,теңдігін! Ана тілің-біліп қой Мақтанышың елдігің! Хор: «Ана тілің сүйемін.» Білім:Еңбек білім мәнінде, Есептейтін бәрін де. Сөз береміз ардақтап, Математика пәніне. Математика:Сәлемет пе, достарым? Сабағы көп жоспардың. 4 амалды қолданған, Математика достарың. Білім:Әр алуан салалы, Әсем әнге салады. Сурет, сызу сабағы Пәндік кезек алады. Бейнелеу өнері:Сәлем, шәкірт балалар, Сурет сызу сыза алар. Оқушылар дарынды, Ойлантамын бәріңді. Білім:Ердің құты, сәні де, Елдің күй мен әні де. Кезек берем ән күйге Музыканың пәніне. Музыка:Сәлем, әнші халайық, Қане, көпке лайық, Әуезді де, көңіді, Әсем әнге салайық. Хор: «Не нәрсе?» Білім:Қызыққа жұрт кенеледі, Қуанышқа бөленеді. Сергітуді бастаушы Дене шынықтырушы кел енді. Дене шынықтыру:Сәлем, достар білімдар, Қане, түзу тұрындар. Ұлттық ойын бастайық, Қапы қалма болыңдар. «Арқан тарту» ойыны
|