Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Сарсембекова Сана Амантаевна. №22 ЖББОМ. КММ Мектепалды даярлық сыныбы. Білім беру саласы: Таным Бағдарлама тараулары: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы : 6 саны Мақсаты: 6 саны және цифрымен таныстыру. Балаларды есептеуге дайындау үшін өзінен кіші екі саннан тұратын сандар құрамымен таныстыруды одан ары жалғастыру.Кіші екі санға жіктеу ғана емес,санды екі кіші саннан алумен де таныстыру. Тапсырмалар орындату арқылы алған білімдерін бекіту. Көрнекілік: 0,1, 2, 3 ,4, 5, 6 цифрлары, слайд, күннің суреті. Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, дидиктикалық ойындар. Билингвалды компонент: Алты-шесть-six. р/с Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті Ұйымдастыру-ізденуші Рефлексивті-түзетуші Шаттық шеңбері Жүректен шыққан жылы сөз Жүрекке барып жетеді Жылы сөзден дос жүрегі Мейірімге толып кетеді. Балалар оқу құралдарыңды алып, оқу іс-әрекетіне дайындалыңдар. Бүгін біз 6-саны мен танысамыз. 6-санының жазылуын көрсетемін. Осы уақытқа дейінгі өткен сандарды санап шығайықшы. Санайықшы 0-5 дейін тура және кері санайықшы. 6-санына байланысты тапсырмаларды орындайық.. Түсіндіру арқылы орындалады. 1-тапсырма. Әр топтағы заттарды бір сөзбен ата.Алтыдан берілген заттарды тап және боя. 1.Жемістер.6 бүлдірген 2.Ыдыстар. Дұрыс 6-бүлдірген бар. Бүлдіргеннің түсі қандай? Дәмі қандай? Ол қайда өседі? Қазір ойын ойнайықшы. «Көңілді күн шуағы» деп аталады. Күннің ортасында балалар қандай сан тұр. Иа дұрыс айтасыңдар 6-саны. Ендеше ойын шарты былай кім 6-санының құрамын табады екен. Күннің шуағына 6-санының құрамын жазады. 2-тапсырма. 6. 3 санының құрамын анықта. Сергіту сәті. Секіреміз топ-топ Шапалақтап көп-көп Оңға қарай 1,2,3 Солға қарай 1,2,3 Жаттығуды жасаймыз Алтыға дейін санаймыз. 123456. 3-тапсырма Неше құлпынай бар? Неше алма бар? 3+1=4 Неше қияр? Неше сарымсақ? 2+2=4 Неше алма? Неше алмұрт? 1+4=5 Неше орамжапырақ? Неше боялды? 3+3=6 Балалар есепті шығарады. «Өз орныңды тап» ойын. Балалар кеудесінде сан жапсырылған, балаларды шатастырып қоямыз сан ретімен тұрып орынын табу керек. 4-тапсырма. 6 цифрын бастырып, боя. Телефонның үстіндегі 6 цифрын бастырып сыз, телефонды боя. Қолымда қараңдаршы неше саны бар дұрыс айтасыңдар 6-саны бар. Балалар бұл жай ғана сан емес сиқырлы сан екен ішін ашайын не бар екен. Сан ішінде бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетке жақсы қатысқан баларға сыйы бар екен. Балаларды мақтап, мадақтау. Оқу құралдарын түгендеп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындалады. 1-тапсырма бойынша заттарды атап, суретін бояйды 2-тапсырмада сандардың құрамын анықтайды Балалар сұраққа жауап береді. Ойынды ойнайды. Тәрбиешімен бірге қимыл арқылы орындайды. 3-тапсырмада қарапайым есептер шығарады Суреттен цифрларды тауып,бояйды | |
Просмотров: 846 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|