Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Сабақтың тақырыбы: Етістік Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың етістік туралы бұрыннан алған білімдерін еске түсіру. 2. Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 3. Сөздік қорын молайтып, ойын, тілін дамытып, жұмыс жасауға үйрету. Өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. сабақтың көрнекіліктері: суреттер, сөздер, Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, сәлем бердік сіздерге құрметпенен біз. ІІ. Үй жұмысын тексеру. ( 124 бет, 337-жаттығу) Бірінші сөйлемде Асан деген сөзге сұрақ қоямыз. Кім? (Асан)-бұл зат есім - Еңдеше зат есім деген не? - Қандай сұрақтар қоямыз? - Зат есімнің қандай түрлері бар? - Жекеше түріне қандай сұрақтар қоямыз? (кім?не?) - Көпше түріне ше? (кімдер?нелер?) Жақсы III Ойын "Тез ойла, сөз ойла" не? кім? қоздайды емдейді құлындайды оқытады лақтайды ұшады боталайды тігеді бұзаулайды жазады - Сиырдың қандай пайдасы бар? - Бір сөзбен қалай айтамыз?(үй жануарлары) IV Сәйкестендіру Адасқан сөздерді сызық арқылы қос - Бұл сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? (не істейді?) - Олар қай сөз табына жатады? (етістік) - Етістік деген не? - Қандай сұрақтар қоямыз? - Мұғалім не істейді? - Балалар не істеп жатыр?(суретпен жұмыс, плакатпен жұмыс) не істеді? V Сергіту сәті. Деніміз бен көзге жаттығу жасаймыз. Мен етістіктерді айтамын, ал сендер орындайсыңдар. (жазды, секірді, ұйықтады, бұлғады, отырды) Көзбен жоғары - төмен оңға - солға жабамыз - ашамыз Жақсы балалар! VI Дәптермен жұмыс. Біздің сабағымызды көркем жазудан бастаймыз. - Не үшін көркем жазу керек? - Ал қандай әріпті жазатымызды білу үшін мына тапсырмаларды орындау керек. 1) Әріптерден сөз құрастыр п, ө, ш (шөп) 2) Жұмбақ Көреді бәрін өзгенің Көре алмайды өздерін (көз) Осы екі сөзде қандай әріп қайталанып тұр (ө) - Ө дыбыс қандай дыбыс? - Ө дыбыспен қандай сөздерді білеміз? VII Оқулықпен жұмыс 125 бет 339 жаттығу VIII Сергіту сәті. "Қара жорға" IX Тапсырма. "Ағашты безендірейік" Бір сиқырлы үйде өзгеше ағаш өсіпті. Ол өте әдемі және түрлі түсті болыпты. Ол ағаш өз жапырақтарын мақтан етіпті, күндердің бір күнінде қатты жел соғып жапырақтарын ұшырып, бір жерге үйіп тастапты. Енді ағаш бұрыңғыдай әдемі болу үшін біз оған қалай көмектесе аламыз? Ол үшін ағашқа байланысты етістіктерді ойлап табу керек. Ағаш не істейді? Біз не істедік? ( ағашты безендірдік) немен безендірдік? (жапырақтармен) Ал жапырақтар нені білдіреді? Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? өседі, тұрады, кеседі, аралайды, сынады, ішеді, өледі, гүлдейді, жуынады, тазартады т.б. X Суретпен жұмыс ( карточкамен сөйлем құрастыру) XI Ал мен енді қимылды білдіретін сөздерді айтамын, ал сендер бұл қандай зат екенін табу керексіңдер. Жылан шағады, жорғалайды, ысылдайды. Мысық пырылдайды, мияулайды, секіреді. Гүл өседі, гүлдейді, иісі шығады. Сағат жүреді, тықылдайды, соғады. XII Әр оқушыға әріп беріп үш сөз етістікке байланысты ойластыру. С т ж қ о Қорытынды: Бүгінгі сабағымызда біз не істедік? Бағалау: Үй жұмысы: 341 жаттығу сатты тазалады жазды қуанды ойнады сыпырды тартты жыртты құшақтады отырды сүртті түсінді жүзді қарады орады сүзді тепті жылады | |
Просмотров: 851 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|