Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы Сабақтың мақсаты: Білімділігі: 9 саны туралы, құрамы туралы білімін кеңейту, сәйкес теңдіктерді жазу, оқу, оларды пайдалануды қалыптастыру. Дамытушылығы: Оқушының зейінін, зерде үрдістерін, пәнге қызығушылығын, жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, шапшаңдық, жылдамдық, шыдамдылық қасиетін дамыту. Тәрбиелілігі: Ұжымдық бірлесе отырып жұмыс жасай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: сандар қатары, дидактикалық материалдар, слайдтар. Сабақтың түрі: ертегі сабақ Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі І. Психологиялық дайындық Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын келді күн. Қайырлы таң, қайырлы күн Күліп шықты күн бүгін. • Балалар 1 жылда неше мезгіл бар? • Қазір қай мезгіл? • Күздің қандай айы? • Аптаның қай күні? • Қазір қандай сабақ? • Өткен сабақта қандай сабақ өттік? • 1-9-ға дейінгі сандар мен цифрлар және олардың құрамы. Бүгінгі сабағымызда 9 санының құрамымен танысамыз. 9 санына байланысты амалдар орындаймыз. Ол үшін «Ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз. «Бауырсақ» ертегісін білеміз бе? Кәне, айтайықшы... Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді. Бір кезде оған Қоян жолығып: - Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді. - Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін. Мұғалім: Қоян: Қой, бауырсақ сенің өленің жақсы, сен одан да менің тапсырмамды орында дейді екен. Балалар, біз де бауырсаққа көмектессек қайтеді? Өткенді қайталау. а) Санды тура және кері санау ә) «Кім жылдам?» ойынын ойнату. 7+2=9 6+2=8 4+2=6 2+7=9 2+6=8 2+4=6 9-7=2 8-2=6 6-2=4 9-2=7 8-6=2 6-4=2 Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, міне бауырсаққа көмектестік. Қоянның тапсырмаларын орындадық. Ертегіні әрі қарай жалғастырамыз... Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді. - Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін. Бауырсақ: Қасқыр, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін. Қасқыр: - Жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында. Қасқырдың тапсырмасы: көркем жазу минөті: 9 Мұғалім: Ал, жарайсыңдар, ертегіні әрі қарай жалғастырайық. Бір кезде Аю жолығады. Аю: - Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын! Бауырсақ: - Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. Сергіту сәті. Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен, Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. Мұғалім: Жарадыңдар, аюдың тапсырмасын орындадық, ертегіні әрі қарай жалғастырсақ. Бауырсақ домалап келе жатса оған Түлкі жолығады: - Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? Мен сені жеймін - дейді ол. Бауырсақ: Жемеші мені, мен саған өлең айтып берейін. Түлкі: - Жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ, сен менің тапсырмаларымды орында. 1-тапсырма: 9 санының құрамын тап. Слайдтағы заттарды қосып, азайта отырып 9 санының құрамымен таныстыру. 2-тапсырма: Оқулықтың 70-бетіндегі кесінділерді өлшеу, ұзындықтарын салыстыру. 9 см 9 см > 8 см 8 см 8 см < 9 см 3-тапсырма. «Салыстыр» 0 < 9 9 см > 7 см 6 < 9 4 см < 9 см 9 = 9 9 см = 9 см 9 > 8 9 см > 6 см Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, түлкінің тапсырмалары қандай көп болса да, барлығын орындап шықтыңдар. Бауырсақ сендерге өте риза, сендер шаршап қалған болар деп сергіту жаттығуын дайындап қойыпты, тақтадағы бауырсақтан көзімізді алмай отыралық. Сергіту сәті. Білімді бекіту: Алдымда гүлдің жапырақтары бар, соның артындағы сұраққа дұрыс жауап берсек әдемі гүл жасаймыз. 1. Санды немен белгілейміз? 2. Қосудың компоненттерін ата. 3. Азайтудың компоненттерін ата. 4. Заттарды біріктіргенде қандай амал қолданамыз? 5. Заттарды бөліп алғанда қандай амал қолданамыз? 6. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? 7. Гауһарда 6 сәбіз. Зәуреде 3 сәбіз. Барлығын қосқанда, Болады екен неше сәбіз? ( 9 сәбіз ) 8. 9 сәбіздің екеуін Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өз қолында қалады? ( 7 сәбіз ) Сабақты қорыту: «Қағып ал!» ойыны арқылы 9 санының құрамын бекіту. 3+6=9 9-3=6 9-2=7 4+5=9 9-6=3 9-7=2 2+7=9 9-4=5 9-8=1 8+1=9 9-5=4 9-1=8 Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, бауырсақ өте риза болып, енді сендермен қоштаспақ, ал өзінен естелік ретінде мынадай бауырсақтың суреттерін қалдырып кетті. Мадақтау. | |
Просмотров: 783 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|