Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Әдебиеттік оқу пәні 2 сынып Сабақтың тақырыбы: Мысық пен тышқандар. Сабақтың мақсаты: Ойлаудың жеті түрлі негізін дамыту. Білімділк: Ертегінің мазмұнын түсіндіріп, мысық пен тышқанның қылықтарын ортаға салып талқылау. Дамытушылық: Сөйлеу, ойлау, өз ойын айта білу, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал жасау. Тәрбиелік: Мысықтар сияқты өтірік айтпауға, тату болуға,үлкендердің сөзін тыңдауға шақыру. Сабақтың түрі: Ауызша – 1 картасы. БжС технологиясы.(авторы Ф.Я.Вассерман) Күтілетін нәтиже: Алға қойған мақсатқа жету. Сабақтың барысы: Сабақ оқудың макро құрылымы Технологиялық картаның жұмыс тәртібі Түсініктеме 1- кезең Ұйымдастыру Мотивация. Сабақтың мақсат – міндетін түсіндіру. Психологиялық жаттығу.Рухтандыру (Көшбасшы шығып) - Біз Қазақстанның білімді ұрпағы боламыз ба?! - Иа! - Біз мектебіміздің мақтанышы бола аламыз ба?! - Иа! - Әдебиеттік оқу пәнінен 5-тік баға алып, нәтижеге жетеміз бе?! - Иа! Олай болса сыныпта 19 баланың 12-сі 4пен 5 алып 63% нәтижеге жетуіміз керек. Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі.ООМ бойынша жұмыс 2- кезең Оқушылардың субъектті іс- тәжірибесін өзектендіру Үй тапсырмасы бойынша қарама – қарсы сұрақтар: 1.«Ата ақылы» өлеңін жазған ақынның есімі. 2.Бала ағашты не істеп отырды? 3. Қартайып күші кеміген кім? 4. Қарттың келіні балаға кім болады? 5.Күші азайды тіркесіндегі азайды сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады? 6.Ата, қарт сөздеріне мағынасы жуық сөзді тап. 7. Табақты тағы қалай атайды? 8.Атаға жаны ашыған кім? 9. «Атасы мен немересі», «Шал мен балалар»мәтінінің авторы кім? 10.Бір жарлы шал неменеге мініп келе жатты? 11.Балалар ненің дауысын естіді? 12. Балалар шалға не деп сұрады? 13. Сонда шал не деп жауап берді? 14. Бұл сөзді естіген балалар қайтті? 15.Асқар дастарқан басында шешесіне деп кінә тақты? 16.Әкесі оған не деді? 17. Асқар әкесіне не деп жауап берді? 18. Кімнің пікірі дұрыс? 19. Сендер ата-аналарыңа не дейсіңдер? МПМ бойынша барлық оқушыдан сұралады. 3- кезең Қабылдауды ұйымдастыру Тірек сөздермен жұмыс. Мысықтар Тышқандар Тату – тәтті өмір Қонақ Үңгір Кәрі табады Үлкенді тыңдау 7 сөзге 1 минут уақыт беріледі 4- кезең Ойлауды ұйымдастыру Мәтінмен жұмыс. Мысық пен тышқандар. Мәтіндегі оқу жылдамдығы 1 бетке 5 минут уақыт беріледі. 5- кезең Алғашқы түсінікті тексеру Қарама – қарсы сұрақтар: 1. Кімдер бір – біріне бұрыннан жаулар болады? 2. Мысық пен тышқандар қашаннан бері өштесіп келеді? 3. Мысық тышқандарға келіп қандай ұсыныс жасайды? 4. Тышқандарды мысықтар қайда шақырады? 5. Мысық кетіп қалғаннан кейін тышқандар не істейді? 6. «Мысықтар жаулық райынан қайтып отыр. Расында да тату болғанымыз жөн» деп кімдер айтады? 7. Жас тышқандарға кімдер күмәндарын айтады? 8. Кәрі тышқандар жас тышқандарға не деп айтады? 9. Тышқандар мысықтарға не себеппен барады? 10. Жас тышқандарды мысықтар ауылынан не күтіп алады? 11. Оларды күтіп алған мысық қандай түсті болды? 12. Тышқандарды мысық қалай қарсы алады және оларға не деп айтады? 13. Мысық тышқандарды қайда апарады? 14. Жас тышқандарды мысықтар қалай қырып салады? 15. Кімдер аман қалады? 16. Ертегінің авторы кім? 17. Ертегідегі нақыл сөзді айт және оны қалай түсінесің? 18. Не үшін үлкендердің сөзін тыңдау керек? МПМ бойынша барлық оқушыдан сұралады. 6- кезең Бекітуді алғашқы ұйымдастыру Сын тұрғысынан сұрақтар: 1. Мысық пен тышқан атаулының бәрі бұрыннан бір біріне жау болады.+ 2. Тышқандар мен мысықтардың бір – бірімен жау болғанына екі күн өтеді.- 3. Тышқандар мысықтарға барып ұсыныс жасайды.- 4. Тышқандарды мысықтар қонаққа шақырады.+ 5. Мысық кеткеннен кейін тышқандар жиналыс жасайды.+ 6. «Мысықтар жаулық райынан қайтып отыр. Расында да тату болғанымыз жөн» деп кәрі тышқандар айтады.- 7. Жас тышқандарға кәрілері өз сенімсіздіктерін айтады.+ 8. Кәрі тышқандар жастарына: «Қойыңдар,әлі де артын күтіңдер» деп айтады.+ 9. Тышқандар мысықтарға ұрысу үшін барады.- 10. Жас тышқандарды алдынан өздеріне келген мысық күтіп алады.+ 11. Тышқандарды күтіп алған мысық қара түсті болады.+ 12. Тышқандарды мысық нашар қарсы алады және оларға ешнәрсе айта алмайды.- 13. Мысық тышқандарды зәулім сарайға алып барады.- 14. Жас тышқандарды мысықтар үңгірге қамап,қырып салады.+ 15. Тек қана кәрі тышқандар аман қалады.+ 16. Ертегінің авторы жоқ. Бұл - халық ертегісі.+ 17. Ертегіде нақыл сөз кездеспейді.- 18. Үлкендердің сөзі әрдайым дұрыс болады,олар көпті көрген адамдар,сол себепті оларды тыңдау керек.+ МПМ мен жұмыс. «-» бар оқушыларға көңіл аудару 7-кезең Тақырыптық сөздік қор. Тақырыпты қорыту. (31 сөз) 5 минут Бағалау - 4-5 белгі 5 ұпай - 3 белгі – 4 ұпай - 2 белгі – 3 ұпай - 1 белгі – 2 ұпай МПМ бойынша бағалау. Сапа нормативі: оқушылардың 63% ы – 5 ұпайдан алуы тиіс. Үйге тапсырма 4 белгіден кем алған оқушылар үй тапсырмасын алады. Саменова Лаура Сейтахметовна «№44 жалпы негізгі білім беретін мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі. Источник: http://collegy.ucoz.ru/publ/49-0-0-0-1 | |
Просмотров: 1287 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|