Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға тұрлаулы мүшелер туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу. Сөйлем құрауға негіз болатын сөздерді табуға үйрету. 2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. 3. Туған жер мен елге деген құрметін қалыптастыру, экологиялық білім беру. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта , суреттер, сызбалар, үлестірмелік қималар, тест. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру, сұрақ-жауап. Күтілетін нәтиже: қызығушылықтары артады, сөйлеу, ойлау дағдылары дамиды. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым дара тілім. (Шаттық шеңберіне тұрғызу.) Қол ұстасып бәріміз, Шеңбер құрып тұрайық. Бір-бірімізге күлімдеп, Тек жылулық сыйлайық. ІІ. Өткенді пысықтау. Сұрақ-жауап. 1.Сөйлем нені білдіреді? (Тиянақты ойды білдіреді) 2. Сөйлем неден құралады? (Сөздерден) 3. Сөйлемнің қандай түрлері бар? (Хабарлы, сұраулы, лепті) 4. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (Нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөздер) 5. Сөйлем мүшелерін ата (Бастауыш, баяндауыш) 6. Бастауыш дегеніміз не? (Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді айтамыз) 7. Баяндаыш дегеніміз не? (Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздер) ІІІ. Жаңа сабақ -Балалар , бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы : "Тұрлаулы мүшелер". Ереже: Сөйлем құруға негіз болатын сөздер сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталады. IV.Оқулықпен жұмыс. 60-жаттығу (ауызша) Қар жауды. Бүгін жапалақтапқар жауды. Қар жауды - сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Тұрлаулы мүшелер негізгі ойды білдіреді. Бірінші сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданған. 61-жаттығу. Сөйлемді оқы. Тұрлаулы мүшелерді тап. Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді. Сергіту сәті. Аспанға қарап ай көрдім, Төменге қарап жер көрдім. Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім. 62-жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз. Балалар Ақлима әжеге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды. * Тұрлаулы мүшелердің астын сыз. *Мәтінге тақырып қой. V.Ой қозғау. 1.Заттың түсін білдіретін сөзді көрсет. А. Қызғылт. Ә.Айтты. Б.Бала. 2.Мәтіннің түрін тап. А.Сипаттау. Ә.Мазмұндау. Б.Ойлау. 3.У дыбысы дауысты болатын сөзді көрсет. А.Саулық. Ә.Сурет. Б.Бауыржан. 4.Баяндауышты көрсет. А.Қышқыл. Ә.Айтты. Б.Бала. 5.Бастауышты көрсет. А.Қышқыл. Ә.Айтты. Б.Бала. VI.Үлестірмелі қималармен жұмыс №1. Бастауышты тап, астын сыз. Жел соқты. Жаңбыр себеледі. №2. Бастауыш пен баяндауышты тап, астарын сыз. Бұлт қоюланды. Оқушы оқыды. Малшы бақты. №3. Көп нүктенің орнына бастауыш мүшені қойып, көшіріп жаз. ..... тазалады. ..... ашылды. Үйдің ..... тазарды. №4. Баяндауышты тап, астын сыз. Жаңбыр жауды. Тамшылар тамады. №5. Бастауыштары мен баяндауыштарын тап. Бастауыштан кейін сызықша қойып жаз. 1. Отан - қуат, отбасы - шуақ. 2. Мектеп - кеме, білім - теңіз. №6. Бастауыштан кейін сызықша қой. Әмір - күйші. Алматы - сәулетті қала. №7.Тұрлаулы мүшелерді тап, астын сыз. 1. Тырна түлкіге қонаққа келіпті. 2. Түлкі тырнаны қонаққа шақырыпты. №8. Тұрлаулы мүшелерді тап, астын сыз. Балалар Алтай атаға көмекке келді. Алтай ата балаларға риза болды. №9.Тұрлаулы мүшелерді тап, астын сыз. Мектепте би үйірмесі бар. Оқушылар би үйірмесіне қатысады. VII. Қорытынды. Нені білемін Нені үйрендім? Нені білгім келеді? Бастауыш Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сөйлем талдауды. Басқа да сөйлем мүшелерімен танысқым келеді Баяндауыш Не істеді? Қайтті? Не қылды? Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. VII.Бағалау. Оқушылардың білімдерін жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрышпен бағалау. IX. Үйге тапсырма. 65-жаттығу. Ережелерді жаттау. | |
Просмотров: 1134 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|