Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Бисембаева Актоты Амирхановна- Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Тақырыбы: Отаныма арнаймын! Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. Көрнекілік: Шарлар, слайд, нақыл сөздер. Барысы: Әнұран орындалады. 1 ж. Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! № 3 мектеп – гимназиясының бастауыш кластар оқушылары дайындаған « Отаныма арнаймын! » атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке 24 жыл болып отыр. 2 ж. Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын! 1 ж. Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына Тікелей байланысты екенін ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы Желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. 2 ж. Тәуелсіздік үшін құрбан болған аға – апаларымызды еске алып, ерліктеріне бас иеміз. 1 ж. Достар, мен тәуелсіз ел болу дегенімізді өзің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тілінде емін – еркін сөйлеу деп түсінемін. 2 ж. Олай бола, біздің достарымыз Тәуелсіздік туралы не айтады екен? 1 оқушы. Қара мына ғажапқа Теңдік тиді қазаққа Езгідегі ұрпағың Енді айналмас мазаққа Өзіңдікі туың да От пен ауа суыңда Жаса, Қазақстаным! Белді бекем буыңдар. 2 оқушы. Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын! Қасиет кие дарыған, ұланың да жасасын! Қанатыңнан қайрылып, қыл арқаннан майрылып, Қонақ тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып. 3 оқушы. Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы, Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады Аңсаған сан ғасырлар арман болып Қол жеткізген шындық жыры жырлады. 4 оқушы. Ағалардың алып берген биігін Абыроймен асқақ ұстан жастарын Қазақстан деген алып мемлекет Қарыштап тек алға қадам басқаның Атағыңа ғашық болсын жер жаһан Азат елім, ашық болсын аспаның. Күй ансамбль 2 ж. 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл Желтоқсан көтерілісіне қазақ, қазір ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев , Ләззат Асанова және т.б апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылғы желтоқсандағы көтерілісіне жастар еш бір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді. 1 ж. Енді еліміздің тәуелсіздік шежіресін тыңдайық. - 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 1991 жыл 16 – желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. 2 ж. 1992 жылы 2 маусымда ҚР – сы жоғары кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Қазан айында тұңғыш рет ғарышкер Т. Әубәкіров ғарышқа самғады. 1 ж. 1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді. Ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды. 2 ж. 1995 жылы 30 – тамызда Ата Заң қабылданды. Заң 2001 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа конститутция мен еліміздің жаңа тарихы бастау алды. 1 ж. 2012 жылдан бастап 1 – желтоқсан « Тұңғыш Президент » күні деп жарияланды. 2 ж. Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға – әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік. 1 ж. Ендеше, осындай бейбіт елде ата – ана бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік! 2 ж. Біз бүгінгі күмбірлеген күйімізді, әуелеген әнімізді, мың бұралған биімізді Отанымызға арнаймыз! Күй: «Өрлеу.» жас домбырашылар. Ән: « Қазақстан.» Закирова Сымбат. Ән: « Қазақ жастары.» Елеу Данияр. Ән: « Туған жер.» Нұрғалиева Камила 4 б класс. Би: « Корей » 2 б класс Ән: « Туған жер » Асқарова Аружан 4 в класс Ән: « Тұлпарым » Дәуірбек Әбілмансұр Би: « Қазақ биі » 3 б класс. Ән: « Отан » Тайжанов Олжас 2 б класс Күй: « Кеңес » Ән: « Қазақтың қаны » Арыстанов Мейірбек 3 г класс. 1 ж. Мен қазақпын, ұланымын қазақтың Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын Көк байрағым тұр көгімде желбіреп Ала таудай көкке өрлеген қазақпын. 2 ж. Сен қазақсың себебі әкең қазақ Ақ сүт беріп әлдилеген шешең қазақ Ата дәстүр салтың мен ағып жатқан Денеңдегі қасиетті қаның қазақ. 1 ж. Сен қазақсың! Қазақ деген ел бөлек Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек. Киіз үй жер сияқты жұп – жұмыр, Шаңырағы күн секілді дөңгелек. 2 ж. Сен қазақсың! Ұлы дала тұғыры Күмбір – күмбір күрескерлік ғұмыры. Тірескеннің дірілдеткен тізесін, Тұлпарыңның тұяғының дүбірі. 1 ж. Сен қазақсың! Алынбайтын барыссың. Ар – ожданның асқағысың, намыссың! Тағдырыңды танығысы келгендер. Тасқа басқан тарихыңмен таныссың. 2 ж. Сен қазақсың! Отаншылсың, тектісің! Досыңа адал, дұшпаныңа кектісің. Бұл далаға мұрагерлік, иелік Ұрпақтарға ұлы аманат деп түсін. 1 ж. Сен қазақсың! Қазақ едің туғанда Онда дүние тағылымынан үлгі ал да Ата жұрттан ана тілден айрылма. Төбеңде күн, төменде жер тұрғанда! Бірге: Сен қазақсың! Хор: Қазақстан бақытты. Тәуелсіздік монументі. 1 ж. Бақытың құсы әр адамға қонып бір. О, тәңірім бізді баққа жолықтыр Бүгін міне Тәуелсіздік ағайын Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр. 2 ж. Көк жүзінде қалықтаған қыранбыз, Бейбітшілік, бостандық жыр – әніміз Самғап жүрсек бостандықта, биікте. Шарықтаймыз кең әлемге әлі біз. | |
Просмотров: 883 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|