Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Жумадилова Бахытгуль Бургантаевна, бастауыш сынып мұғалімі, Өзін-өзі тану гимназиясы Сабақ Дүниетану Тақырыбы: Адам-табиғат перзенті. Ағза мүшелері. Мақсаты: Адамның табиғаттағы алатын орны, дене мүшелерімен, тері гигиенасымен таныстыру; түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлемді дұрыс құруға дағдыландыру; білімін, тілін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: (Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық. ІІ. Психологиялық дайындық: -Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін не қажет? Адам тіршілік ету үшін қандай жағдай қажет? Неліктен адам табиғат перзенті дейміз? ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу -Адам мен басқа тіршілік иелерінің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай? 2. Қорытындылау IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау Адам-табиғат перзенті. Ағза мүшелері V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Адамның денесі 4 бөліктен тұрады: бас,мойын, кеуде, қол және аяқ.Адамның ішкі мүшелеріне:ми, өкпе,жүрек, бауыр, бүйрек, қарын, ішек, қуық жатады. 1.Оқушыларға оқыту. а) іштей ә) дауыстап б) теріп оқу 2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. -Адам денесі қандай бөліктерден тұрады? -Адам денесінің негізгі мүшелерін ата? -Адам қаңқасының бас, кеуде, қол, аяқ сүйектерінің аттарын ата? VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 7-10 бет оқу. Бағалау. №2 Тақырыбы:Денім сау болсын десең... Максаты: Мектептегі спорттық үйірмелер,оларға қатысудың пайдасы жайында оқушылар ұғымын кеңейту; тілін, сөздік қорын дамыту; салауатты өмір сүруге, денені шынықтыруға тәрбиелеу. Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1.Адам табиғаттың бір бөлігі екенін дәлелде. 2.Адамның ішкі бөлігін ата. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Адам табиғаттан нені үйренеді? -Адамдар мен жануарлар арасындағы қамқорлықты салыстыр. IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Денім сау болсын десең не істеу керек? V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі. -дене шынықтыру -денсаулық кепілі-спортпен айналысу-спорттың түрлері -спорттық және ұлттық ойындар 2.«Денім сау болсын десең»-түсіндіру 3.Сурет бойынша жұмыс. Сергіту сәті VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Оқулықпен жұмыс 11-12 бет.Оқушыларға оқыту:іштей, дауыстап-тізбектей 2.Сұрақтарға жауап алу -Мектепте қандай спорттық үйірмелер бар? Ертеде балаларды қалай шынықтырған? Қимыл-қозғалыстың қандай пайдасы бар? -Қазіргі кезде спорттың қандай жаңа түрлерін бісесің? VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 11-12 бет оқу. Әңгімелеу. Бағалау | |
Просмотров: 1214 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|