Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Бопанова Айгерим Онгарбаевна, Тәрбиеші, Өзін-өзі тану гимназиясы Сабақ Дүниетану Тақырыбы: Бұлшық ет-қимыл қозғалыс мүшелері мен маңызы. Максаты: Бұлшық ет, оны жаттықтырудың маңызын түсіндіру, үйрету; тазалыққа, денсаулық сақтауға үйрету; білімін, ой-өрісін дамыту. Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Адам денесін қандай сүйектер қозғалысқа келтіреді? 2. Дене бітімі сымбатты болып жетілуі үшін қандай жағдайларға мән берген жөн? ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу -Адам денесі қандай бөліктерден тұрады?-Адамның қаңқасы қандай қызмет атқарады? 2. Қорытындылау IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бұлшық ет-қимыл-қозғалыс мүшелері. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. «Бұлшық ет» «Бұлшық етті жаттықтырудың маңызы» түсіндіру. 2. Оқушыларға іштей оқыту. VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Оқушыларға оқыту. а)дауыстап оқу. ә)теріп оқу 2. Сұрақтар мен тапсырмалар. -Адам денесіндегі бұлшық еттер қандай негізгі қызмет атқарады? -Бұлшық ет жиырылғанда және созылғанда қалай өзгереді? -Адам денесінің қай жерлерінде бұлшық ет бар? -Бұлшық еттерді қалай жетілдіріп, дамытуға болады? VII. Бекіту кезеңі: Қорытындылау VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 18-20 бет «Бұлшық ет» оқу мазмұндау. Бағалау. | |
Просмотров: 911 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|