Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
ШҚО, Семей қаласы «№22 ЖОББМ» КММ Дайындаған: Омарова Макпал Абдулловна №2 «Еркетай» ортаңғы тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні: 11.11. 2015ж Білім беру саласы: Қатынас Бағдарлама тарауы: Тіл дамыту Тақырыбы: Үй жануарлары мен төлдері (байланыстырып сөйлеу) Мақсаты: үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету, өзара сыйластыққа төрт-түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу,танымдық қызығушылықтарын арттыру. Құрал жабдықтар:қуыршақ Шопан ата, киіз үйдің макеті,төрт түлік малдың суреті, мүсіндері, Билингвалды компонент: сиыр – корова - cow,түйе – верблюд - camel , ешкі – коза - goat , жылқы – лошадь - horse,қой – баран - ram. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық-қозғаушы «Еркелетіп айт» сөздік ойыны -балалар,сендерді үйде ата-апаларың «ботам», «қозым», «құлыншағым» деп еркелете ме? Ендеше,менің қолымдағы қазақтың киіз үйін сыйлау арқылы бір-біріміз ді еркелете отырып,тілек айтайық. Көздерін жұмғызып,үнтаспа арқылы үй жануарларының дыбыстарын тыңдатамын. Қай жануардың дыбысы екенін сұраймын. Осы кезде топқа Шопан ата кіреді. -Ал,көзімізді ашайық,бізге кім келіп тұр екен? Бұл кісі төрт түлік малдың иесі-Шопан ата. Шаттық шеңберіне тұрып,киіз үйді бере отырып,бір-біріне жақсы тілектер айтады көздерін жұмып, ауылдағы ата-апаларының ауласын-дағы үй жануарларын елестетеді.Дыбысы арқылы қай жануар екенін анықтайды Іздену-ұйымдастырушылық Шопан ата балалармен амандасады, сұрақтар қояды: -Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер? -Ал,олардың төлдері қалай аталады? -Жарайсыңдар, мен сендердің жандарыңа отырып демалайын. Атай отырып, оқу іс-әрекетіне қатыса ды -Жақсы,дем алыңыз. Тәрбиешіні мұқият тыңдап, Шопан атамен амандасады -жылқы,сиыр,қой,ешкі -құлын,бұзау,қозы,лақ Іздену-ұйымдастырушылық «Ұйқасын тап» (сөздерді дұрыс қолдануға ,сөздік қорын молайту) Қы-қы-қы-жүйрік екен... Кі-кі-кі-сүзеген ғой.... Із-із-із-сиырда бар... Та-та-та үлкен көзді .... Сөздік жұмысы: «төлдер,сүзеген, өріс» деген сөздердің мағынасын түсіндіремін. «Сипаттап бер» д /о Дорбаға үй жануарларының суреттерін саламын.Балаларға өздері қалаған бір үй жануарының мүсінін алып, соны сипаттап беруді ұсынамын. Сергіту жаттығуы Шығармашылық сәт. Төлдер туралы жатқа білетін өлеңдерін еске түсіруді ұсынамын «Қайсысы артық?» д/о Суреттер қатарынан (үй жануарлар-ының бір жабайы жануар)артық суретті табуды ұсынамын. Ұйқас сөздерді табады -жылқы -ешкі -мүйіз -бота Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді қалаулары бойынша бір үй жануарының мүсінін алып,суреттеп шығады өлеңді бірге айтып, қимыл-қозғалыстарды жасайды төлдер туралы білетін өлеңдерін айтады артық суретті тауып, алып тастайды Рефлексивті-түзетушілік -Шопан ата көрдіңізбе,балалар үй жануарлары мен төлдерін,олардың тіршілік ету ерекшеліктерін жақсы біледі. Оларға қамқорлық жасай алады. Енді,біздің балалар,сізге үлкен көмекші болады. -Рахмет,құлыншақтарым,өте риза болдым.Менің қолғанаттарым . Менің сендерге базарлығым бар. Енді ,мен өріске барып қайтайын. -Сауболыңдар. -Сау болыңыз,атай Балалар мақтау сөздерге қуанады Атаймен қоштасады рефлексивті-түзетушілік -Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытамын. -Балалар бүгін біз нелер жайлы айттық? -Бізге кім келді? -Үй жануарларына қамқор бола аламыз ба? Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? Балаларды мадақтап, ұйымдастырыл-ған оқу іс-әрекетін аяқтаймын. Көңіл күй сыйлау. -бүгін біз үй жануарлары мен төлдері туралы айттық -бізге қонаққа Шопан ата келді -үй жануарларына қамқорлық жасай аламыз Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: үй жануарлары мен төлдерін,олардың тіршілік ету ерекшеліктерін Нені игереді: әңгіме құрастыру барысында жаңа сөздерді дұрыс қолдануды Нені біледі: жануарларды күтіп-баптауды,оларға қамқорлық жасай білуді | |
Просмотров: 1462 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|