Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
ШҚО № 12 жалпы орта білім беретін мектеп Семей қаласы Бастауыш сынып мұғалімі: Кыдырханова Асель Толегеновна Сабақтың тақырыбы : Еңбек-бәрін жеңбек Сабақтың мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту . Сабақтың міндеттері: -білімділік: еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; -тәрбиелік: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; -дамытушылық: еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, таратпа материалдар, сабақтың дәйексөзі жазылған плакат, Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: Шаттық шеңбері, мәтінмен жұмыс, пікірлесу сұрақтары, дәйексөз, жаңа ақпарат беру, сергіту сәті, ойын-жаттығу, әңгімелесу, пікірлесу сұрақтары, шығармашылық жұмыс, жүректен –жүрекке Пәнаралық байланыс: Ана тілі Сабақтың жоспары :І. Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлемдесу; - Шаттық шеңбері. 2. Негізгі бөлім: -Сабақтың дәйексөзі; - Сахналау; - Мәтінмен жұмыс; - Пікірлесу сұрақтары; - Мәтінмен жұмыс; - Жаңа ақпарат беру; -Шығармашылық жұмыс; 3. Қорытындылау: - Үй тапсырмасы; - Қорытындылау; - Рефлексия; - Жүректен -жүрекке. Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу: - Сәлеметсіңдерме, оқушылар! Шаттық шеңбері -Балалар, сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Бәріміз өлең жолдарын дауыстап айтайық. Әдепті де өнерлі, Еңбексүйгіш баламыз. Жаңа істің шебері, Жасаушысы боламыз. -Ой, тамаша! Орындарымызға жайғасайық. 1. Негізгі бөлім: Дәйексөз Еңбек- қуаныш, Жалқаулық- айырылмас азап. Абай. Еңбекті адамдық болмыстың басты сипаты деп танитын бұл секілді дуалы ауыздардан шыққан терең пайымдауларды әлі де келтіре беруге болады. Сахналау:Өлеңді рөлге бөліп оқыңдар. Қайдан келдің, бауырсақ? Ө.Тұрманжанов Дастарқанда шашылып, Жатты аппақ бауырсақ. Бауырсаққа қызығып, Қарап тұрып көзін сап: -Қайдан келдің бауырсақ?- Деп сұрады қуыршақ. -Дүкеннен келдім Нан сатқан,- Деді оған бауырсақ. -Дүкенге келдің қай жақтан? -Наубайдан келдім нан жапқан. -Наубайға келдің қай жактан? -Диірменнен келдім ұн тартқан. -Диірменге келдің қай жақтан? -Даладан келдім кең жатқан. Жер анам менің көсілген, Диқандар мені өсірген. Нан дастарқанға кандай еңбекпен келеді? Пікірлесу сұрақтары: Өздеріңнің жақын адамдарың қандай еңбек түрлерімен айналысады? Әңгімелеп беріңдер? Мәтінмен жұмыс «Жақсылардың жақсысы» Аңыз Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи жабық тұрады екен. Сонда әкесіне қыз: -Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз.Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын,-деді. -Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда.Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін.Сен оған өмір бойы риза боласың,-деп жауап қайтарды әкесі. Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай, жүгіріп келіп,есікті ашып жібергенде, ол тек ұршық пен өрмек және кітапты көреді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлып тұрып: -Әке, сен жабық бөлмеде «Жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым,-дейді. -Міне, жақсылардың жақсысы деген осылар, қызым! -Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі. 1.Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді? 2.Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер? Жаңа ақпарат Еңбек- адамның өзіне, өміріне және қоғамға пайда келтіретін іс-әрекеті. Еңбек арқылы адам өз арманы мен мақсатына жетіп, қуанышқа, бақытқа бөленеді. Еңбек – адамның рухани және дене кушін жұмылдыру арқылы, өзіне дейін жасалған тәжірибені пайдаланып, тиісті құрал- саймандар мен жұмыс тәсілін қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс- қимыл процесі. Шығармашылық жұмыс: Кітаптағы 88 беттегі суретке қарап, «Еңбек – түбі береке» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар. Сергіту сәті: -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Үй тапсырмасы: Оқушылар түйген ойларын үйде бекіте түсуі үшін мынадай тапсырма беріледі: Берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемдерді оқыңдар. Суреттерді бояңдар. Қорытындылау: Сабақ қорытындыланады: Адам тек қана еңбек арқылы қалыптасып, кемелденеді, өз жөнін өзі білетін, ешкімге жалынышты, тәуелді емес, өзінің бақыты мен қуанышы, атақ- абыройы үшін ешкімнің алдында ұятты, қарыздар емес жеке тұлғаға, сонысымен қоғамға пайдалы, айналасына сыйлы, қайырымды шапағат иесіне, шын мәніндегі инабатты кісіге айналады. Рефлексия: - Ал, балалар осы сабақтан не үйрендік? - Өздеріңе қандай ой түйдіңдер? - Өздеріңнің сыныптарыңды еңбекқор балалар деп санайсыңдар ма? Жүректен –жүрекке Еңбек. Нұрхан Жанаев Қырға шықсаң,өрлеп, Мұның аты-Еңбек. Гүл өсірсең, терлеп, Мұның аты- Еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты – Еңбек. Сабағыңды жөндеп, Әзірлесең- Еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек. | |
Просмотров: 1043 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|