Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Бейнелеу өнері: 1 сынып Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек құрастыру Сабақтың мақсаты 1. Білімділік Ою-өрнектің түрімен таныстыру, ою-өрнектерді құрастыра білуге үйрету. 2. Дамытушылық Танымдық қабілеттерін арттыру 3. Балалар өз елін, халқын сүюге қазақ өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.Ұлттық мақтаныш сезіміз ояту.Эстетикалық талғамын ұштау Сабаққа пайдаланатынқұрал-жабдықтар: Мұғалім үшін: ұлттық ою-өрнекпен безендірілген әр түрлі фигуралар ,трафарет, фотосуреттер, слайдтар, Оқушыға үшін: қалың қағаз,қайшы,өшіргіш, түсті қағаз. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Сабаққа қажетті құралдардың әзірлігін тексеру. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Амандасу Армысың шұғылалы алтын күн! Армысың мейірімді жер ана! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Бәріміз күндей жарқырайық! Бәріміз тату дос болайық! 2.Өткен тақырыпқа шолу.Топтарға сыртына ою жапсырылған 5 конверттен үлестіріледі(3мин дайындалады).Конвертте өткен сабақтар бойынша сұрақтар жазылған.Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі.(Дұрыс жауаптар слайдтан шығып отырады.) ӨТЕ ЖАҚСЫ ЖАҚСЫ ОРТАША Білу 1 тобына қойылатын сұрақтар:1.Қауіпсіздік ережел жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау; құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану; бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу; жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу; жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау; жұмыс бітісімен материалдар менқұралдарды өз орындарына жиып қою 2 тобына қойылатын сұрақтар:1. Топтық жұмыстың ережесі • Бірігіп жұмысты істеу; • Белсенділік білдіру; • Өз ойын білдіру, сұрақ қою; • Бр-бірін тыңдау; • Уақытты үнемдеу. 3 тобына қойылатын сұрақтар:1. Кез келген басқа түс аясындағы пішіннің түсін суретшілер не деп атайды? (Дақ немесе сұлба) 4 тобына. 1.Сен қолына қарындаш алып сурет салуға кірісесің. Алдымен қағаз бетіне не түсіресің? (сызық 5 тобына 1.Жылы түстерді ата? (қызыл, сары, тоқ сары, ашық қоңыр) Суық түстерді ата. (көк, көгілдір, жасыл, ашық көк Түсіну 8 мин 3.Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық. Жаңа сабақты хабарлау, сабақ мақсатын қою: --Ал енді,балалар,конверттің сыртына назар аударайық,не бейнеленген?(ою түрлері) Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ою-өрнек құрастыру» деп аталады. Өрнектерді немесе түрлі фигуралар мен сызықтарды белгіле тәртіппен орналастырып, қарапайым ою-өрнектер құрастырады. Ою-өрнек - бұл бөлшектерді белгілі арақашықтықта қайталап орналастыру арқылы құрастырылған нақыш. Ою-өрнек бөлшектері бірінен соң бірі тізіліп орналасса, онда жолақты өрнек шығады. -Балалар, сендер оюларды қайдан көрдіңдер?(Балалар алдын-ала оюланған заттардан ұйымдастырылған көрмедегі заттарды атап шығады) Оюлар бір-біріне ұқсай ма?(Жоқ) Ендеше, оюдың түрлері де, атаулары да өте көп.(Слайдтан тұрмыста қолданылатын заттар көрсетіледі.) Сергіту сәті: 1 мин Фигураны алып топқа бөлінеміз. ромбылар, иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар. 1 топ 3 топ Үшбұрыш Сызықтар 4 топ Сопақша 2 топ 5 топ Тік төртбұрыштар Төртбұрыштар Талдау және қолдану: 7 мин Сарамандық жұмыс Өткенді еске алып, ойға толам, Сұрыптап тезге салып, көп ойланам, Ой түбіне жете алмай титықтасам, Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз Алдарына берілген заттарды ою-өрнекпен әшекейлеулері керек. Түрлі түсті қағаздан геометриялық ою-өрнек құрастыру үшін қағаздан қажетті мөлшерде әр түрлі геометриялық фигуралар трафарет арқылы қиып алыңдар. Трафарет-бұл салынатын суреттің қағаздан ойылған үлгісі. Енді оларды түсті қағаз бетіне жайып орналастырыңдар. Ою-өрнек бөлшектері бірінен соң бірі тізіліп орналасса, онда жолақты өрнек шығады Оларды желіммен жапсырмас бұрын бірдей бөлшектердің арақашықтығы да біркелкі болуын қадағалау. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін әр топтан бір оқушы шығып жұмысын қорғайды. Қорғағаннан кейін жұмыстары бағаланады. І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау: 6 мин Постер Жұмыстарын аяқтағаннан кейін әр топтан бір оқушы шығып жұмысын қорғайды. Бағалау:2 мин Смайликтер арқылы бағалау. Ауызша мадақтау Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды Рефлексия: 1. Бүгінгі сабақтан не үйрендің?2. Қай тапсырма қиынға соқты? 3. Қай тапсырма оңай болды? Рефлексия. Жасыл - өте жақсы ұғындым, сары - маған қиндау болды, қызыл – жақсы түсіндім | |
Просмотров: 2037 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|