Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ. №12 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП. МҰҒАЛІМ: АЙТҚОЖАНОВА ОРЫНГҮЛ СЕРІКБОСЫНҚЫЗЫ Математика Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы. Сабақтың мақсаты: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы туралы түсінік беру Сабақтың міндеттері: 1. Тіктөртбұрыш (шаршының) ауданын табу тәсілімен таныстыру; 2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, есептеу дағдыларын дамыту; 3. Адамгершілік, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: математикалық диктант, есептеу, сұрақ-жауап, логикалық тапсырмалар, проблемалық жағдайларды шешу Сабақтың түрі: аралас Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар, қима қағаздар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. - Психологиялық дайындық. - Біз дайынбыз бұл сабаққа достарым - Көрсетеміз бізде қандай күш барын - Алға қойған мақсатымыз бір екен - Сәтті болсын қадамымыз әрдайым. ІІ. Өткенді қайталау Білім шыңына баспалдақпен шығу. Білім шыңына алтын кілт бар. Сол кілтті алу үшін баспалдақтың артына жасырылған сұрақтарға жауап беру керек. - Тіктөртбұрыштың негізгі қасиеттері. - 20 ның төрттен бір бөлігі нешеге тең? - Бөлудің компоненттері? - Бір жылда неше күн бар? - Ұзындықтың өлшем бірліктрін өсу ретімен ата! - Тақ және жұп сандар дегеніміз? - 27+13 қосу алгоритмін ата! - Оннан екі артық санды ата! - Тәуліктің сегізден бір бөлігі нешеге сағатқа тең? - Бір метдің оннан бір бөлігі нешеге тең? Соңғы баспалдағымызда кілт тұр. Кілттің артын ашып көрейік? Артында жасырылғаны «Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы». ІІІ. Жаңа тақырып А)Тіктөртбұрыштың периметрін табу. Барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосамыз. Р=3+4+3+4=14 Р=3*2+4*2=14 Ауданның өлшем бірлігі квадрат сантиметр. S=3*4=12 cм2 S=4*3=12 cм2 Ә) Шаршының периметрі мен ауданын табу Р=2+2+2+2=8 Р=2*4=8 Жауабы: 8 см S=2*2=4 Жауабы: 4 см2 ІУ. Жаңа тақырыпты меңгергенін тексерту. №3 Тіктөртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлше, Олардың аудандары мен периметрін тап. Р= 1+2+1+2=6см S=1 *2= 2 cм2 Р= 2+2+2+2=8см S=2*2= 4 см2 У. Оқулықпен жұмыс № 3. Шарты: Шиелі- Телікөл- 90 км Шиелі- Шіркейлі-? 49 км ұзын Екі каналдың ұзындығы? Шешуі: (90км+49 км)+90 км=229 км Жауабы: Екі каналдың ұзындығы 229 км №4 Ауызша орындау. УІ. Бекіту. Сыни сұрақтар 1. Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін оның барлық қабырғасын қосамыз. 2. Тіктөртбұрыштың периметрін табу үшін оның барлық қабырғасын қосамыз. 3. Шаршының ені 2 см болса, оның ауданы 2 см2 –қа тең. 4. Шаршының ұзындығы 3см-ге тең. Оның периметрі 12 см –ге тен болады. 5. Тіктөртбұрыштың бұрыштары сүйір болады. 6. Шаршының барлық қабырғалары тең болады. 7. Ауданның өлшем бірлігі см. У. Қорытындылау. Кері байланыс. «Еркін микрофон». Оқушыларға сөз кезегін беру. Оқушылардан сабақтан алған әсерлерін білу. - Бағалау - Үйге тапсырма беру. 94 бет №6,7 | |
Просмотров: 797 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|