Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Баймурзилова Гульсара Касымовна- бастауыш сынып мұғалімі. Батыс Казақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы № 6 жалпы орта білім беретін мектебі Дүниетану 1. Сынып: 4 Сабақтың тақырыбы: Еліміздің егіншілік пен мал шаруашылығы. Сабақтың мақсаты: Қазақстан ауылшаруашылығының басты салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсіндіру. Сабақтың міндеттері: 1. Алған білімін саралап, талдауды үйрету. 2. Танымдық белсенділігін, логикалық ойлауы қабілетін дамыту. 3. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: жануарлардың суреті. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар суқойма өсімдіктері мен жануарлар туралы жазып келген жазбаларын оқиды. 3. Жаңа тақырыпты хабарлау. - «Гүлсіз ара тіршілік ете алмайды, арасыз гүл өспейді» дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылар пікірін айтады. Сызба бойынша ауыл шаруашылығы салаларымен таныстырады. Құс + өсіреді ара + өсіреді балық + өсіреді мал + өсіреді өсімдік + өсіреді құс шаруашылығы ара шаруашылығы балық шаруашылығы мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығы ауылшаруашылығына жатады - Ауылшаруашылығы сөзіне ассоциация. - Жұптасып жұмыс істеу. Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларын жүйелеп, кесте құрастырады. I. нұсқа II. нұсқа 4. Оқулықпен жұмыс. 1. Мәтіннің бірінші бөлігін оқыту. - Егін шаруашылығына не жатады? - Өсіру дегенді қалай түсінесіңдер? - (Жерді айдайды, дәндерді себеді, тыңайтады, арамшөптерден тазалайды, суғарады, зиянкестерді құртады, егінді жинайды). 1. «Керек өсімдікті тап» дидактикалық ойыны арқылы кез келген өсімдік туралы жоспар бойынша әңгімелеу: 2. Өсімдіктің аты 3. Қай топқа жатады? 4. Қайда өсіреді? 5. Өсіп тұрған өсімдіктің қай бөліктері көзге көрінеді? 6. Бұл өсімдікті не үшін пайдаланады? 1. Мәтіннің мал шаруашылығы жөнінде жазылған бөлігін оқып, сұрақтарға жауап береді. - Мал шаруашылығы деген не? - Малшының еңбегі туралы не білдіңдер? - Мал шаруашылығы мен өндірістің арасында қандай байланыс бар? Дәлелдеңдер. 5. Проблемалық жағдайды шешу. - Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы бір-бірімен тығыз байланысты деп айтуға бола ма? 6. Пікір айт: 1. Қазақстан халқы үшін мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының маңызы бар ма? 2. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында қандай мамандық иелері жұмыс істейді? 3. Оқушылар кәсіп иелерінің атынан сөйлейді. Әңгімелерін мына үлгіде бастайды: «Мен малшымын. Жылқы бағамын...» 7. Сабақты қорытытындылау. «Адамға келтірер пайда» кестесін құрастыру. Негізгі сөз Түсініктеме Түйе Киім, ет, сүт, шүбат, көрпе, жүк тасиды және т.б. Ат Ет, қымыз, көлік ретінде қолданады және т.б. | |
Просмотров: 4090 | Комментарии: 1 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|