Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
"Шаған кенті №24 ЖНББМ"КММ бастауыш сынып мұғалімі: Смаканова Г.Н. Тақырыбы:Негізгі және туынды сын есім . Мақсаты: 1) сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру,сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды сын есім жасай білуді үйрету. 2) оқушылардың ой — өрісін, танымдық қабілетін сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау, ойындар жүргізу: 3) әр түрлі тапсырмалар мен ойын жаттығулары арқылы оқушылардың құзыреттілігін, шығармашылығын арттыру.Оқушыларды мәдениетті қарым-қатынасқа, әдептілікке тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: «Жұп болып оқу», «иә, жоқ», «Еркін жазу» стратегиялары. Сабақтың түрі:аралас сабақ. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру 1.Психологиялық дайындық. Достық шеңбері. «Доп лақтыру» Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы жанындағы баланың аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен – Дарынды Дәурен т. б. Сабақтың мақсатын хабарлау. Негізгі және туынды сын есім туралы алған білімдерімізді ортаға салу. Бүгінгі сабағымыз Ж.Жабаевтың 170 жылдығына қатысты. II. Өтілген материалды қайталау, пысықтау. Әрбір оқушыға жауап беру санына сай смайлик таратылады Ой толғаныс: «БББ» стратегиясы.Ауызша сұрақтарға жауап алу 1. Сын есім дегеніміз не? 2. Сын есім нешеге бөлінеді? 3. Негізгі сын есім дегеніміз не? 4. Туынды сын есім дегеніміз не? − Балалар, біз «БББ» стратегия арқылы сын есімді қайталадық. Ендеше Бб әрпін көркем жазуға кірісейік. Жұппен жұмыс.Схема бойынша түсіндіру.(слайд) ІІІ.Жаңа сабақ «Ойлан,тап» ойыны. Шарты:Ойынға қатысушы берілген суреттің атын айтпай, ол затты сипаттап айтады. Сергіту сәті Мәтінді оқы. Мәтіннен сын есімдерді тауып, қайсысы туынды, қайсысы негізгі екенін айт. 19 ғасырдың 70 - 80 жылдарында Жамбыл белгілі ақын болады. Бұ кезде ұсақ өлеңдермен қатар, көлемді жырлар да шығарады. Патша династиясының 300 жылдығына арналып Алматыда көрме ұйымдастырылады. Көрмеге қазақ байлары ақ үйлерін тігіп, қымбатты дүниелерін қойып, жасауларын жияды. Қазақ байлары мен әкімдерінің бұл жағымпаздық қылықтарын шенеп, Жамбыл «Өстепкеде» (көрмеде, орыстың «выставка» деген сөзінен алынған) деген өлең шығарады. Мақал-мәтелдер бойынша сын есімдерді қой. А) Әдепті бала .......(арлы) бала, Әдепсіз бала .......(сорлы) бала. Ә) ....... ерге нұр жауар (талантты) Б) Отан оттан да ......(ыстық) В) Жалқаулық - ...... ауру (жаман) Бағалау: Әрбір оқушыға жауап беру санына сай смайлик таратылады, соның санына қарай бағаланады. Үйге тапсырма. 37-жаттығу Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды ақын Жамбыл Жабаев атамыздың мына өлең жолдарымен аяқтайық. Жолы бар жігіттің Оңға басар әр ісі. Түбі жаман дерттің, Ем болмайды дәрісі. | |
Просмотров: 1093 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|