Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Әлдибай А.А. бастауыш сынып мұғалімі Арнайы санаториялық үлгідегі №15 мектеп-интернаты Алматы қаласы Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем Мақсаты: 3-сыныптағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: қайталау сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық. ІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІІІ Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру жай сөйлем дегеніміз не? Айтылу мақсатына қарай түрлерін ата. ә) оқулықпен жұмыс 1-жаттығу (Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.Мәтіннен хабарлы,лепті, сұраулы сөйлемдерді тап. Ауызша орындау.) б) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу А а А а Алма. 2-жаттығу Сызбаға қарап,қандай қорытынды шығаруға болады? Жай сөйлем. Жалаң сөйлем тек бастауыш пен баяндауыштан тұрады.Жайылма сөйлем бастауыш,тұрлаусыз,баяндауыштан тұрады. 1-жаттығудағы қарамен жазылған сөйлемдерді сызба бойынша талдау.(Қарамен жазылған сөйлемдер Жайылма сөйлемдер себебі олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден тұрады.)4-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз. (Жұлдыздар тізілді,ай үңілді) 5-жаттығу Сергіту жаттығуы(терең ойлау тапсырмасы сызбадағы жай сөйлем түрлерін салыстырып, олдардың ұқсастығын мен айырмашылығын дәлелде.) 6-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындату Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендір. Жалаң сөйлем: Жаңбыр сіркіреді.Қаз қаңқылдады.Жайылма сөйлем Жолдасты жол айырады.Екі дос мектептен қайтты.т.б IV.Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? І қатардың балалары жалаң сөйлемдер айтады(МысалыБауыржан келді.) ІІ қатардың балалары жайылма сөйлемге айналдырады(Бауыржан сабақтан келді).ІІІ қатардың балалары жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылығын дәлелдейді Сөйлем түрлерін ата. V.Үйге тапсырма: 3- жаттығу 4-бет. VІ. Оқушыларды бағалау | |
Просмотров: 852 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|