Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Қазақ тілі (4 - сынып) Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы түсініктеріне сүйене отырып, сөз тіркесімен таныстыру. Сөз тіркесінің түрлері туралы алғашқы түсінік беру. Сөз тіркесін құрастыра отырып, олармен сөйлем құрауға дағдыландыру; Дамытушылық: алған білімін іс жүзінде қолдана білу арқылы ой - өрісін дамытып, өз ойын толық жеткізе білуге баулу, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, оқушылардың топпен жұмыс істеу, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, ұқыпты таза жазуға, Отанын сүюге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ойын құралдары, деңгейлік тапсырма, үлестірме қағаздар. Шаттық шеңбері Ереже Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын сөз тіркесі дейміз. Ребус шешу. ........ Кесте ілу. Әдемі гүл тәтті тоқаш мектеп мұражайы төрт тоқсан тез оқу мектепке келу дұрыс жазу есеп шығару Сөз тіркесінің түрлері: 1) қиысу - біз оқушымыз, мен сөйлеймін; 2) меңгеру – мектепке келу, үлкенді сыйлау; 3) матасу – менің орным, көлдің балығы; 4) қабысу – ағаш қасық, көк шөп, төрт тоқсан; 5) жанасу – тез оқу, таңданғандай қарау. Сөз тіркесі 1. Бағынышты сыңары ------- 2. Басыңқы сыңары біз ------------------------------------------------ оқушымыз мектепке ---------------------------------------------- келу менің ----------------------------------------------- орным ағаш -------------------------------------------------- қасық жиырма екі --------------------------------------- оқушы тез ------------------------------------------------------ оқу Сөз тіркесінің түрлері 1. Есімді тіркес ------------------------------- 2. Етістікті тіркес Басыңқы сыңары зат есім,--------------- Басыңқы сыңары сан есім, есімдік, сын есімнен ---------- етістіктен болады болады. Болашаққа (неге?) аманат -------------- Асықпай сөйледі Алтын (қандай?) сағат ------------------------------- Ерте келді Ағасы (кімі?) осы -------------------------------------- Тез жүрді Сергіту сәті «Аялы алақан» 1. Басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесін көрсетіңіз. А) Суыққа шыдамады. В) Белгілі кісі. С) Жақсы оқиды. Д) Түрлі бұйымдар. Е) Қиын есеп. 2. Қайсысы сөз тіркесіне қатысты емес? А) басыңқы сөз В) бағыныңқы сөз С) есімді тіркес Д) қосарлы айқындауыш Е) етістікті тіркес 3. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Дарқан дала. В) Ғұмырнама. С) Мұзға отырғызып кету. Д) Кедей – кепшік. Е) Самал жел. 4. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Абысын-ажын. В) Жастық шақтың қызығы. С) Тайға таңба басқандай Д) Бес саусақ. Е) Жасыл желек. 5. Сөз тіркесін табыңыз. А) Ашу-ыза. В) Ақ-қара. С) Тиын-тебен. Д) Әдемі қыз. Е) Жолдас-жора. 6. Еркін сөз тіркесін табыңыз. А) Жүрек жұтқан. В) Жүрегінің түгі бар. С) Жүрегі тас төбесіне шығу. Д) Жүрегі дүрсілдеу. Е) Тас жүрек. 7. Еркін сөз тіркесін табыңыз. А) қаһарынан қар жауып. В) Сағы сыну. С) Марат- қоян жүрек.. Д) Қас қаққанша. Е) Қоян жүрек.. 8. Сөз тіркесі болу үшін керекті объектіні белгілеңіз. А) сөйлем В) сөз С) дыбыс Д) буын Е) сөйлем мүшесі 9. Бірыңғай есім сөз тіркестерін табыңыз. А) үлкен үй, үйді көру. В) жолдасын шақыру, менің үйім. С) сабаққа дайындалу, жаттап алу. Д) сыйлық алу, үздік оқушы. Е) мөлдір су, оқуға ынталы. 10. Есімді сөз тіркесін табыңыз. А) Олимпиадаға қатысу. В) Жарыста озу. С) Жарыстың жеңімпазы. Д) сабақты түсіндіру. Е) Журналға жазу. Рефлексия не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? Үйге тапсырма: | |
Просмотров: 1878 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|