Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Горьковский орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Айтмуханова Айгуль Валиевна Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеттері. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: оқушыларға ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру Дамытушылық мақсаты: байқампаз болуға үйрету Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа тәрбиелеу Көрнекілігі: «Ауаның құрамы» таныстырылым, тәжірибе үшін шар, бір стакан су, май шам, слайдтар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, . Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 2. Психологиялық дайындық. -Мультфилм көру.Ұнады ма? Не туралы? Аю мен бұғыға не болды? Неге? Ал, қоян мен жанат ше? Неге? Дұрыс, адамдар бір-біріне жол беру керек,тыңдау керек, төбелесуге болмайды, бір-біріне көмектесу,бір-бірімен келісу. Біз да бүгін осы ережелерге бағынып жұмыс істейміз. 3.Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. 1) Топқа бөлу.Үшеу шар, үшеу май шам арқылы топқа бөлінеді. Топтағы рөлдерді анықтау: басшы, қорғаушы, тайм -мененджер Оқушыларға жаңа сабақты түсіндірместен бұрын жұмбақ шешу. Мұрын арқылы өкпеге өтіп Кері қайта шығарамыз Көрінбестен бірақ бәрібір Онсыз біз өмір сүре алмаймыз.Окушылар өз күштерімен жауап беруге тырысады. Мұғалімнің сөзі -Ал, балалар ауыз-мұрынды жауып көріндерші. Көп уакыт шыдадыңдар ма? Тұңшықтыңдар? Не жетпеді сендерге? (Ауа) Ауасыз өмір сүреалмаймыз. Бізді айнала қоршап тұрған ауа. -Ауаны ұстап көрейікші, иіскейікші. Ауа туралы не айтуға болады? Біз ауаны көрмейміз, себебі ол мөлдір, түссіз және пішіні жоқ. -Қазір әр топ тәжірибе жасайды: 1 топ тәжірибесі: Шарды үрлеп, содан соң оның желін шығарады. 2 топ тәжірибесі: Май шамды жағыңдар. Бір май шамды ыдыспен жабыңдар. 2 топ та не болғанын постерге жазады. Қорғайды. 4.Сергіту сәті Мұғалімнің түсіндіруі. - Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді. (Слайд көрсету) Қорытынды: Ауа туралы не білдіңдер? Кестені толтыру.(Оқушылар ауаның қасиеттерін кестеге толтырады.) Негізгі сөз Ауаның қасиеттері Ауа Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қатты, т.б. 5.Бағалау: топ басшылары смайликтер арқылы бағалайды. Топ басшысын мұғалім бағалайды. 6.Рефлексия:смайликтер арқылы 7.Үйге тапсырма беру. | |
Просмотров: 895 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|