Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
3"А" сынып жетекшісі: Әлдибай Аян Алжанбайқызы Тәрбиешісі: Амирбаева Назара Толендиевна 3" Б" сынып жетекшісі: Тажиева Гульназара Аутовна Тәрбиешісі:Алимгожаева Зоя Жапаровна Арнайы санаториялық үлгідегі № 15 мектеп - интернаты "Күз - мерекем, күз - берекем"-мерекелік кеш Мәди: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар,ата-аналар, оқушылар. Ақмарал: Қайырлы күн , қош келдіңіздер. Мади: Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ішінде өзінің ерекшілігімен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап, көздің жауын алары сөзсіз. Ақмарал:«Не қасиет бар дейсің,осы күзде Деп айтқаны әркімніңесімізде Ет, майымен, тоқашын қолтықтап ап, Байлық , ырыс әкелген осы бізге Талай – талай басынан таңды асыра Алтын дәнін тиеп ап арбасына Қараңыз өзі бастап кеткен жоқ па, Отанның берекелі қамбасына»- деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлағандай бүгін Алтын Күз туралы, оның кереметтері жайлы,күз тойы "Сабан той" жайлы ойымызды ортаға салмақпыз. Ақмарал: Кәне Мәди неге тұрмыз ортаға « Алтын күздің» көзайымы « Бидай мен Қаңбақты» шақырайық. Мади: Алтын, алтын сары алтын Алтын күзде нұр жатыр Мектептегі дәстүрлі Мерекеміз бұл да бір Күз береке, күз – думан Өлкемізге күз келді Күздің тойын тойлауға Шақырамыз сіздерді.Кәне бидай мен Қаңбақты ортаға шақырайық Ортаға Бидай мен Қаңбақ келеді Бидай мен Қаңбақ:Сәлеметсіздерме достар! «Күз – берекем, күз – мерекем»атты мерекелік кешке хош келіпсіздер Қаңбақ:Сен осы Бидаймысың? Бидай:Бидаймын. Қаңбақ: Ақыл айтсам тыңдаймысың? Бидай:Тыңдаймын. Қаңбақ:Осы қай тұрысың,жүрмейсің,көрмейсің,кезбейсің. Не бар,не жоқты да сезбейсің. Бидай: Ой, Қаңбақ, ашығын айтсам дұрысын, Осы қай тұрысың? Белгілі тұрағың жоқ, Бас түгіл құлағың жоқ. Қаңбақ:Жарайды Бидай, ары қарай айтыспай-ақ қояйықшы. Бізге қыздар «Алтын күз» әнімен қонаққа келіпті. Нұрай мен Диляраны қарсы алайық Бидай: Көк аспаным мөлдіреп Шуақты көзім елжіреп, Асыр салып жүретін Сары көйлегім желбіреп Айтшы: Қаңбақ? Бұл қай мезгілдің келгені? Қаңбақ:Шөп сарғайып Өңі тайып Дала сұры қашады Бой жаза алмай Денең мұздап тоңады Айтшы Бидай -Бұл қай кезде болады? Бидай:Қазан болды молшылық Дәулет қорын қалады Заңғар көкке жол сызып Құстар қайтып барады Бұл құбылыс Қаңбақжан! Күзде ғана болады Қаңбақ: Жайдары күз, жарқын күз Аяулы күз, алтын күз Дәнге толы кең далам Дариядай шалқар күз Бидай , бұл алтын күздің келгені Бидай: Дұрыс айтасың Қаңбақжан, Сенің миың толып қалыпты, Бүгінгі мерекемізге ән шашумен келген 3 «Б» сынып» « Алтын күз» әнімен қарсы алайық. Бидай:Сен, осы Қаңбақпысың! Қаңбақ:Ия, Қаңбақпын. Бидай:Өзің ұф десе ұшасың, Суф десе қонасың, Осы кімге тұлға болмақсың. Қаңбақ: Бидай, көктемде шығып, Күз болса бұғып, Бастарың салбырап, Маужырап тұрасың да қоясың. Бидай:Жарайды, Қаңбақжан менің кім екенімді енді білесің. Күз айы – ерекше берекелі,мерекелі ай. Әрбір үйдің дастарханы дәмге, еліміздің қоймасын дәнге толтырады. Қаңбақ:Бидай мен сенің кім екеніңді білемін. Бидай деген –егін. Егін дегенім дән. Дән дегенім нан емес пе? Нан бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі. Нан қасиет, нан береке, нан мереке емес пе? Бидай:Көп рахмет, Қаңбақжан Қазір менің достарым Алтын күздің тағы бір көрінісін ашып береді 1- оқушы:Мерейлі күз, мырза күз Сыйлығыңа ырзамыз Аппақ арай таңында Шомыламыз нұрға біз 2-оқушы:Қамба толды астыққа Алғыс саған, алтын күз Бір уыс дән шаштық та Қап –қап қауын алдық біз 3-оқушы:Күзім- күзім – ау Мінезің бұзық –ау Жаңбырың сіркіреп Келгенің қызық –ау 4- оқушы:Астық, жеміс жиылды Қамбамызға құйылды Ардақты күз, мың алғыс Алдық өнім – сыйыңды 5-оқушы:Қосып білім нұрға – нұр Біздер бүгін жарқынбыз Басы оқу жылының Берекелі алтын күз 6-оқушы:Жұлып едім жүзімді Жүзі бірден үзілді Жүзін де жеп қойыпын Өзім әбден тойыппын 7- оқушы:Бір тістеп өзін алғамды Дәмі аузымда қалғанды Домаланатып жеймін мен Күнде қызыл алмамды 8-оқушы:Жинап жатыр ауылым Сап – сары ала қауынын Алмақ едім үлкенін Ауырын-ай, ауырын. 9- оқушы:Қызықтың ба қиярға Ал да жей бер ұялма Көтергенше берейін Қапшығыңа сиярма 10- оқушы:Асқабақтың дәмі Таңдайымда әлі Кептірілген дәні Таптырмайтын дәрі Сахнада әні:«Осень» Алина 6сынып Бидай:Қаңбақжан, көрдің бе? Біздің жинағанымыз дән, Айналамыз толған ән, Абырой да,даңқ та, Ерлік те, жеңіс те, Барлығы осы егісте. Қаңбақ:Бидай достым, сенікі дұрыс екен, Мен бекерге мақтаныппын. Бидай:Күз айында «жиын терім» көп болсын-деген ырыммен тойланатын тойды білесің бе? Қаңбақ:Білемін ол « Сабан той»? 1-оқушы: « Сабан той» - түркі халықтарында тойланатын мейрам.Егін бітік шығып,қырманның қызылдап,жеміс-жидек мол өсіп,қоймасы толып,оны төкпей-шашпай, суыққа ұрындырмай, мезгілінде жинап алған соң «Сабан той» өтеді. 2-оқушы:"Сабан той" – ұлттық салт дәстүр ішінде жомарттық пен қайырымдылықтың, ынтымақтық пен еңбексүйгіштік елдің мерекесі, әрі тойы. Мұны егінші ел жасайды. 3- оқушы: Әрине мұнда кең дастархан жайылып, ақсақалдар бата береді.Ұлттық киімдерін киіп шыққан жастар, ән айтып,би билейді.Ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүрлер еске түсіріледі. 4-оқушы:" Сабан той"- халықтың туған тілін, төл мәдениетін,қонақжайлылығы мен кішіпейілділігін сақтауға деген талпыныс,түрлі ұлт өкілдерінің басын қосатын ерекше мейрам. 5-оқушы:"Сабан тойда" - палуан күрес, ұлттық ойындар, тағы басқа да ойын- сауық түрлері өтеді. Хор: 3«А» сынып оқушылары 6-оқушы: Жетті желмен алтын күз Жеміс жинау салтымыз Жинап – теріп болған соң Той жасайды халқымыз Мол өнімді жинаймыз Елге бәрін сыйлаймыз Алқа –қотан,той-думан. Ортамызды ашайық Ән мен күйді шалқытып Інжу –маржан шашайық Жиналған жұрт таңқалсын Өнерден күмбез орнатып Сабан тойды жасайық Той өткізу: Бидай:Міне, қаңбақ, еліміз қауырт жұмыстан кейін кең тыныс алып, бір жасап қалды. Бұл той шаруа адамдардың, жұмыстарының қорытындысы десе де болады. Қаңбақ: Бидай, той әнін тыңдасақ қалай болады. Бидай:Тыңдасақ , тыңдайық. Қаңбақ: Ортада Мейірбек пен Ерболат « Қырманға кел қалқатай» әнімен Бидай:Сен осы Қаңбақпысың? Қаңбақ:Қаңбақпын. Бидай:Бір сұрақ қойсам тыңдармысың? Қаңбақ:Тыңдармын Бидай:Егер айтсам дұрысын « Кеусен» деген ырымды естіп пе едің, туысым? Қаңбақ:Естуім бар? -«Кеусен» -бұл адамның кең пейімділігін, жомарттылығын білдіреді. Өз өнімін жинап жатқан шаруадан кез келген адам «қоймаң» толсын, « кеусен бер» деп сұрайды екен. Жомарт жан сұрағанын береді екен! Бидай:Біздің ортамызда да «Жомарт жандар» бар. Қаңбақ:Олар достарымыз Ерболат пен Гаухардың аналары. Екеуі хормен: Сіздерді ортаға шақырамыз. Ата – ана сөйлейді. Қаңбақ:Сіздерге көп – көп рахмет.Бидай бізге тағыда достарымыз келіп тұр екен.Ән айтпақшы.кімдер дейсің ғой?«Жылайды жапырақ»әнін айтуға Сұңқар мен Әсем келіпті. Қаңбақ:Бидай бүгінгі кеш маған қатты ұнап тұр,билегім кеп тұр Бидай:Өте дұрыс айтасың Ерекше бидаймын мен бүгін Еңбекшіл ерен дегізген Ризамын бүгін бәріңе Еңбекшіл бол бәрің де Күзім қандай тамаша Би билейік жаңаша Ортаға алып Қаңбақты Би билейік тамаша Би орындалады. Ән:Бексұлтан Бидай мен Қаңбақ қосылып: Мерекесі елімнің, Берекесі жерімнің, Алтын, Күзге рахмет! [/size][/size] | |
Просмотров: 1243 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|