Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
2 сыныпта "Дүниетану" сабағы (слайд 1) Тақырыбы: "Су және оның қасиеттері" Мақсаты: Судың қасиеттерімен таныстыру. Білімділік: оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру, және қорытынды шығара білуге үйрету; Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, өзінің пікірін айтуға дағдыландыру. Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілік, табиғи байлықтарына деген қарым-қатынасты тәрбиелеу. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Түрі: Көрнекілігі: интерактивті тақта, су, глобус. Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. (слайд №2) Күндей жарқырап, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай таза көңілмен, Бүгінгі сабағымызды бастайық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (слайд №3) Ауа. Ауаның қасиеттері. 1.Сен қалай және немен тыныс аласың? 2.Ауаның қасиеттерін ата? 3.Ауа дегеніміз не? (ауа газдардың қоспасы /азот, оттегі, көмір қышқыл газы/) Ой қозғау: (слайд №4, 5) Мұғалім: -Балалар, егерде біз глобусты қаттырақ айналдыратын болсақ, ол қандай түс болып көрінеді екен? Глобустағы көк, қоңыр, жасыл, ақ түстердің барлығы бір түске қосылады. -Айтыңдаршы балалар, айналып тұрған глобус қандай түс болып көрінеді екен? Неліктен? (көк). Дұрыс, өйткені ¾ -ін су алып тұр екен. Жұмбақ шешіңдер: (Слайд№6) Мен бұлтпын. Мен өзен және мұхитпын. Мен ұшамын, секіремін, әйнек те бола аламын. (Су) Жаңа сабақ: (слайд №7) Мұғалім: - Балалар шеңберді алыңдар, оны 4-ке бөлеміз. 3-ін көк түспен бояңдар, ал қалған біреуін қоңырмен бояймыз. (балалар тапсырманы орындайды) - Өте жақсы, балалар! Мұғалім балаларды бір тамшы сумен саяхатқа шақырады. (Слайд №8) Көрініс: Оқушы: Сен қайдан келдің?-деп краннан ағып тұрған судан сұрадым. (слайд №9) Тамшы: Алыстағы мұхиттан. Оқушы: Орманда жүріп келе жатсам, айналаның бәрі шық екен. Сен қайдан келдің? деп сұрадым. (слайд №10) Тамшы: Мен мұхиттан келдім. Оқушы: Айналам бәрі тұман екен. Сен қайдан келдің? Сен кімсің?-деп мен тұманнан да сұрадым. (слайд №11) Тамшы: Мен де досым, мұхиттанмын. Оқушы: Сен, газдалған су , неге пышылдайсың? (слайд №12) Тамшы: Біліп қой досым, мен де мұхиттанмын. Мұғалім: Балалар бұл ғажап емес пе? Көжеде, шайда, әр тамшыда, сыңғырлы мұздада, қарда да, жаңбырда да, шықта да, бізге әрқашанда мұхит суы кездеседі. Мұғалім: Неге барлық жерде мұхит суы кездеседі екен, біз тұзды суды ішпейміз ғой? Практикалық жұмыс: Судың қасиеттерін анықтау. (слайд №13,14) • 1-тәжірибе: Стақан, шұңғыл ыдыс, табақша дайында. Осы ыдыстарға су құй. Сен әрбір ыдыстағы судың сол ыдыстың пішініне ие болғанын көресің. Судың нақты пішіні болмайды. Ол қандай ыдысқа құйылса да, сондай пішінге ие болады. • 2-тәжірибе: Қызыл, жасыл, сары, ақ жолақшалармен суды салыстыру. Судың түсі бар ма? Судың түсі болмайды. Су – түссіз. • 3- тәжірибе: Стақандағы суға қасықты сал. Судың ішінен ол анық көрінеді. Су – мөлдір. Бірақ су әрдайым мөлдір бола бермейді, ол әртүрлі заттардың қалдықтарынан ластанады. • 4-тәжірибе: Қант, лимон, тұздың дәмі қандай? Қант тәтті, лимон қышқыл, тұз ащы. Енді судың дәмін байқаймыз. Оны ащы, тәтті, қышқыл деп айтуға бола ма? Жоқ. Су – дәмсіз. • 5-тәжірибе: Үйде анаң тамақ пісіріп жатқан кезде сен иістерді сезесің. Гүлдер мен иіссудан жағымды иістер шығады. Ал мынау судың иісі бар ма? Иіскеп көр. Суда иіс жоқ. Су-иіссіз. • 6-тәжірибе: Бір ыдыстан екінші ыдысқа су құямыз. Су құйылады. Су – сұйық. Ол ағады. Көзге жаттығу жасау (слайд №15 ) Саяхат жалғасады. Мұғалім: - Балалар ертегіні тыңдаңдар. (слайд №16) Түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйі мұздан салынған екен, ал қоянның үйі ағаштан салынған екен. • Бұл ертегі қалай аталады? • Ертегінің басында жылдың қай мезгілі суреттелген? • Сендер неге олай ойлайсыңдар? Біз мұздан үй салдық. Мұз қатты болғандықтан үй жақсы тұр. Бірақ қыс мезгілінен кейін көктем келеді. Күн ыси бастады. Күннің сәулесіне үй жылтырап тұрады. Күннен күнге ол үй әдемі болады екен. Мұғалім: - Балалар ол көпке созылды ма? Неге? Күн жылыған сайын түлкінің үйі еріп, сұйық затқа айналды. Үйдің орнында не пайда болды? (кішкентай орман көлі) Күн одан сайын ыси берді, біздің кішкентай көліміз ауаға көтеріліп, буға айналып кетті. (Сұйықтан газ тәріздес күйге айналып, ұшып кетті). Олар жоқ болып кетіп, бұлтқа айналды. Жел бұлтты басқа бұлттарға қосады. Адамдар енді нені тосады? (жаңбырды) Табиғат құбылыстары: Табиғаттағы судың айналымы. Қорытынды: су үш күйде болады – қатты, сұйық, судың газ түріндегі күйі. (слайд №17) Ойын «Су – су емес» (слайд №18) Кеме, балық, яхта, қайық, дельфин, акула, өзен – оқушылар қолдарын көтереді. Жел, тас, үй, бор, шай, кітап, радио, автобус – оқушылар қолдарын шапалақтайды. Оқулықпен жұмыс: (слайд №19) - Балаларға мәтінді оқып береді. - Мұғалім түсіндіреді. - Балаларға тізбектеп оқытады. Сергіту сәті (слайд 20,21) Блиц-турнир (слайд №22,23) 1.Су қайда тез буланады? (орманда, егістікте, бос далада немесе теңізде ме) 2.Буланған ылғал қайда барады? 3.Су әрқашанда сұйық бола ма? 4. Құдықтағы су неліктен суық бола? Гиннес рекордтық кітабынан (слайд №24) Мұғалім: - Балалар, ал сендер білесіңдер ме... 1. 1953 жылы Америкада жауған жаңбырдың ең ірі тамшы 9 см көлеміндей болған екен. 2. 1860 жылдың 1-тамызынан 1861 жылдың 31 шілдеге дейін 12 ай тоқтамастан жаңбыр жауған екен. 3. Ең терең көл – Байкал көлі. Оның тереңдігі 1 км 940 м. екен. Сабақтың қорытындысы: (слайд №25,26) Мұғалім: Сонымен балалар, біз тамшы сумен саяхат жасадық. • Сендерге ұнады ма? • Сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңдар? • Табиғатта су неше күйде болады екен? (сұйық, қатты, газ түрінде) Бағалау. (слайд №27) Сабаққа қатысқан балаларды бағалау. Үйге тапсырма. (слайд №28) “Су” мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру. Су туралы сурет салу. Проблемалық тапсырманы шешу: Мұғалім: Баяғы бір заманда Айдаһар ауылдарды қырып, адамдарды құлдыққа алған екен. Бірде Айдаһар балаларды ұстап алып, өзінің қараңғы үңгіріне қамап тастап, көктемге дейін біраз өссін, сосын мен оларды жеймін- деген екен. Балалар шулап-улап Айдаһардың үш басын ауыртады екен. Сонда ол балаларды алдаймын деп айтқан екен «Жарайды балалар мен сендерді жіберемін, бірақ сендер маған мөлдір суды ыдыссыз әкеліп бересіңдер, - деген екен». Балалар келіскен екен. Суды ыдыссыз қалай апарамыз?- деп балалар ойлады? Проблеманы шешу үшін не істеу керек? Сынып 2 топқа бөлінеді, әр топ проблеманы өздері жеке шешеді 1 топ: Су туралы мен не білемін? 2 топ: Ыдыспен не істейміз? Қосымша: 2 Қорытынды: Ыдыста суды мұз қылып қатырып алып, Айдаһарға қатты күйінде ыдыссыз апарып, барғасын еріту. \ | |
Просмотров: 1383 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|