Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тиісті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері – әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді». Шығармашылық - алынған ақпаратты түрлендіріп, тапқырлық танытып бірыңғай ойларды қорыта білуі, оралымды ойлау қабілеттері, зерттеушілік белсенділігі. Шығармашылықты дамытудың алғы шарттары: Оқушының шығармашылық деңгейін анықтау. Оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Оқушының мүмкіншілігіне қарай тапсырмаларды жүйелі түрде орындату. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды есепке алып, зерттеу. Оқушының шығармашылық қабілетін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту. Мұғалімнің өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізуі. Оқушы шығармашылығын дамытудың кезеңдері: Анықтау кезеңі: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің бастапқы деңгейін анықтау, оқушыларды қабілет деңгейіне қарай топтау. Қалыптастыру кезеңі: Шығармашылық тапсырмалар жинақталған әдістемелік нұсқау жасап, оның тиімділігін оқу үрдісінде тексеріп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, білім деңгейлерінің артуын қамтамасыз ету керек. Бағалау, қорыту: Алдыңғы жасалған жұмыстар нәтижесінде оқушының шығармашылық әрекетке деген тұрақты қызығуы қалыптасып, белсенділігі артып, шешімдер құра білуі тиіс. | |
Просмотров: 660 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|