Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Алматы қаласы Арнайы санаториялық үлгідегі №15 мектеп-интернаты Әбілжанова Айжан Әбілжанқызы Жолда жүру ережесі Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережелерімен өлең жолдары арқылы таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге үйрету, көшеде жүру ережесін білу арқала жолда жүру мәдениетін меңгертіп, сақтыққа үйрету. Оқушыларды жол ережесін сақтауға, көшеде дұрыс жүруге, жол-көлік оқиғаларынан орын алатын зардаптардың алдын алуға тәрбиелеу. Мұғалім: Құрметті балалар, біз бүгінгі сабағымызда «Жолда жүре ережелеріне» арнамақпыз. Қазір біздің елімізде жол-көлік оқиғалары жиі орын алып жатқанын өздеріңіз білесіздер. Орта есеппен алғанда республикамызда жыл сайын 500-ге жуық бала жол апатына түсіп, түрлі жағдайларға ұшырап жатады. Осы жол оқиғалары неден деп ойлайсыздар? Сондықтан қазіргі таңда күнделікті көз алдымызда орын толмас өкініштерге алып бары жатқаны жасырын емес. 1-оқушы: Жалғасып достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға, Сабағымыз басталсын сәлемменен. 2-оқушы: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңызда. Жол ережесі қатал тәртіп, Ол-ортақ, үлкен-кіші, бәрімізге. 3-оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес, Жол ережесін білмей тұрып. 4-оқушы: Жайрандаған жарандар, Жан-жаққа көп қараңдар. Жолаушыны соқпаңдар, Жол ережесін сақтаңдар. 5-оқушы: Жиек жол-жүрер жолы баланың, Желаяқтың, жайбасардың, жаяудың. Машинаның жолы-көше ортасы, Мұны ұмытып кете көрме, аяулым! Жолда жүру тәртібі 1. Машина жүретін көшеде ойнауға болмайды. 2. Көлік жүретін жолда жүруге болмайды. 3. Көше қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда өтуге болмайды. 4. Көшенің кез келген жерінен өтуге болмайды. 5. Машина жүретін көшені бойлап жүгіруге болмайды. 6. Әрқашанда абай бол! 7. Жолды үлкендермен бірге кесіп өткен дұрыс. 8. Жолдан ешқашан жүгіріп өтпе. Көрініс: «Дұрыс пен бұрыс» Жол белгісінің негізгі топтары: 1. Ескерту белгісі (жолдың қауіпті жерлерін хабарлайды) 2. Басымдылық белгісі (басымдылық белгілері көше қиылыстарын жолдың жіңішкергенін бөлігін көрсетеді) 3. Тыйым белгісі (тыйым белгісі көшеге қандайда бір шектеу енгізеді) 4. Нұсқау белгісі (нұсқау белгісі бағдар береді) 5. Ақпараттық көрсеткіш белгілері (ақпарат көрсеткіш белгілері елді мекендермен басқа да нысандарды орындалуын хабарлайды) 6. Қызмет көрсету белгілері (қызмет көрсету белгілері алғашқы медициналық көмек, аурухана, телефон, асхана) Мұғалім: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның аты тарихта сақталмаған. Бағдаршамды көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженері –механигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйәнәі алдына бағдаршам орнатты. 1-оқушы: Бағдаршам жол қиылысын жарық сигналдары арқылы реттейді. Онда үш түрлі түсті жарық сигналы қолданылады. Қызыл түс қозғалысқа тыйым салынады, өйткені ол қауіп ұғымын білдіреді. Сары түс дайындық белгісі. Жасыл түс қозғалысқа рұқсат етеді. 2-оқушы: Бұл сақшының үш көзі, Үш көзден, ұқ үш сөзді. Ашса бұл дәу үш көзін, Айтты деп ұқ үш сөзін. Тоқта! Сақтан! Жол ашық! 3-оқушы: Бұл бергенде команда, Бағына тұр аманда. Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға! Сары көзін ашғанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашғанда, Өте бергін, жасқанба! 4-оқушы: Үлкен жолдың үстінде, Әмірші де, күшті де. Бағдаршам екенін, Есте сақта достарым. 5-оқушы: Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда, Жалт тоқтай қал қашанда. Сары жарық: Сары шамы жағылса, Сақ, абай бол барынша. Жасыл жарық: Жасыл жарық жол ашық, Зымырай бер жол асып. Үш жарық бірге: Ирек-ирек көшелер, Көше деген мың ирек. Қиындыққа әйтсе де, Үйренесің біртіндеп Барар жерге асықпа, Бәйге алмайсың бұрын кеп. Ән: «Бағдаршам» 1.Көреген дәу қырағы, Көшемізде тұрады. Оның аты-бағдаршам, Жол сілтейді әрқашан. Ол бергенде команда, Бағынамыз әмәнде. Қайырмасы Ашса кезек үш көзін, Айтты деп ұқ үш сөзін. Тоқта, сақта, жол ашық, Жүрме жолға таласып. 2.Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға! Сары көзі ашқанда, Қарап қалма аспанға! Жасыл көзін ашқанда Өте бергін жасқанба! Ойын: «Бағдаршам» Жұмбақтар шешу Көше бойы аяңдайды, Адам тасып аялдайды. (автобус) Сөйлейді ол білмейді, Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (бағдаршам) Атым сұлы жемейді, Теппесем жүрмейді. (велосипед) Көліктің қаншасын жанынан өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (жол) Арқаным тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. (жол) Төрт аяғы домалақ, Адамсыз ол жүрмейді. (машина) Жол ережесі туралы көріністер көрсету. 1-оқушы: Көшеде біз сақ болайық, Қаймықпасын ата-ана. Жолда сен бол лайық, Оқушылар атына. 2-оқушы: Жолда жүру әліппесін, Білгенің жқн бес саусақтай. Сонда ғана жүре аласың, Сен өзіңді сау сақтап. Бәрі: Ел сенімін ақтаймыз, Жол ережесін сақтаймыз. Сергіту сәті: -Ортасында көшенің киімді шешемін. -Жолды кесіп өтерде, сол жағыма қараймын, оң жағыма қараймын. -Келе жатқан көліктің жүгірмеймін алдына. -Допты алып қолға мен,жол үстінде билегем. -Жол ережесін сақтаймын, Ел сенімін ақтаймын. -Бағдаршамға қарамаймын. -Жаяу өтпеден өтемін. Бәрі: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік. Мұғалім: Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де, барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындау керек. Жол заңы дұрыс жүріп абай болуды талап етеді. | |
Просмотров: 1300 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|