Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Қош бол құтты әліппе!
Қазақбай Гульнара бастауыш сынып мұғалімі №12 орта мектебі, Масанчи ауылы , Қордай ауданы, Жамбыл облысы.
Сабақтың тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппе!
Сабақтың мақсаты: оқушылардың әліппеге дегене сүйіспеншілік сезімін тудыру, өздерінің сауатын ашқан кітабы «Әліппеге» байланысты өлең тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету; оқушылардың тілін дамыту, әдептілікке, инабаттылыққа уйрету.
Сабақтың көрнекіліктері: сынып безендірілер, әріптер, т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
2. Кіріспе сөз: - Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Біз тұнғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітірдік. Әліппе оқулығынан алған білімдерін ортаға салмақ. Әліппені бітіру алдағы өмірге жол бастайтын көп белестердің бірі. Бүгінгі сол белестің бірінен өттік. Баршаңызға келіпсіздер дей отыра 1«Ә» сыныбының Қош бол , сүйікті әліппем ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
3. Жаңа сабақ.
Әліппенің алғашқы бетінде қандай алғыс сөз жазылған және кім жазды?
- Қолыңдағы әсем кітап «Әліппең» - аяулы ана тілінің мөлдір бастауы, білім шыңын жол ашар ақылшын. Еңбегінмен алған білімін өзің үшін де, Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елің, жерің сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін. Балалар, міне бұл мерекеге қуана толғана келіп келіп тұрмын. Жай келмедім. Өзімненбастау алатын өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың.
4. Тақпақ айту:
Оқушылар: «Ана тілі»,«Ана тілі»,«Ана тілі»!
«Ана тілі»: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Оқушылар: «Сәлеметсіз бе, ана тілі?
«Ана тілі»:Ана тілің – арың бұл
Ұятың тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
– деп ақын ағамыз айтқандай мен «Ана тілі оқулығымен көңілді дауыстарыңды естіп құанып келдім. Балалар қандай өнер көрсетеді екен деп ойланып та келдім.
Мұғалім: -Біздің қуанышымыздашек жоқ, өйткені тұнғыш рет сауатымызды ашқан жақын досымыз әліппені бітірдік.
1-оқушы: -Әліппем, менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің,
Ертеңі сәуле жарықтың
Мұғалім: Алфавитті біліңдер
Онда қалып жүйе бар
Біздің қазақ тілінде
42-әріп бар.
Әліппені бітірдік
Жаза аламыз бәрінде
Әріптерді үйрендік
Бала болдық ақылды.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Мұғалім: Армысыңдар аналар!
Армысыңдар балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз,
Әліппеге арналмақ, бүгінгі жыр әніміз
Қымбатты балалар! Өздерің қолға ұстаған аяулы әліппені ортаға шақырайық!
Сынып хормен: Әліппе, әліппе, әліппе!
Қош келдің, Әліппе!
Әліппе: Армысыңдар жас достар!
Армысыз ата-аналар!
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден
Ұстаздар мен балалар
Аталар мен аналар,
Тан ысыңдар досыммен
Достасыңдар осымен
Аттаңнанда бүгін мен
Ана тілін таныңдар,
Оқып ана тілін
Ақыл, білім алыңдар!
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға.
2-оқушы: Келгенде алғаш мектепке
Білмеушіедік әріпті,
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны Әліппе.
3-оқушы: Оқыған оны ғылымда
Оқыған оны ұстазда,
Оқыған оны көсем де,
Жазушы, ақын, дарында.
Хор «Әліппе»
4- оқушы: Бар кітапқа басболған
Әліппе – ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
5-оқушы: Қош бол құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Би «Вальс»
6-оқушы: Оқып сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін
Білім алып ағамдай
Қиындықтан өтемін
7-оқушы: Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достастық
Әліппемен қоштастық
Би «Қазақша би»
8-оқушы: Таныстырған әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Саатты адам санатына енемін
9-оқушы:Әліппем, меніңӘліппем
Өмірдің келем танып мен
Қайталап айтам мен рет
Өзіңе көп рахмет!
Қазақша әріптер туралы тақпақтар.
10-оқушы: Әже, әке әніміз
Әрқашанда сәніміз
Енді білдік әдемі,
«Ә» әріпінің мәнін біз
11-оқушы:Үй мен үйшік жасайық,
Үзеңгіні басайық
Үрлеп үлкен шарларды,
Ү әріпін жасайық
12-оқушы:Қауын, қарбыз жинаймыз
Қағазды бос қимаймыз
«Қ» дыбысы қатаң ғой
Оны қалай айтпаймыз
13-оқушы:Ұршықтай зырлаймыз
Ұяны сырлаймыз
Ұлт, ұят сөзімен
«Ұ» дыбысын жырлаймыз
14-оқушы:Балпаң-балпаң басайық
Аңдарға жем шашайық
«Ң» дыбысын білмеген
Балалардан қашайық.
15-оқушы: Ғас ыр, ғылым ғаламшар,
Ғайша ғалым Ғаламдар
Ғарышкерлер Ғарышкерлер
Сөзінде «Ғ» дыбысы караңдар
Би «Жігіттер биі»
16-оқушы:Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысып
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа
17-оқушы:Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тардай болып кіресің
Таудай болып шығасың
18-оқушы: Анамыздай аялап,
Ақылшы болған ұстазым
Өзіңнің ғана еңбегің
Бүгіндей биік қонғаным
Мұғалім:-Мектепте кім оқиды?
Оқушылар: -Біз!
Мұғалім:- Бақытты балалар кім?
Оқушылар: -Біз!
Мұғалім:- Осындай бақытты тұрмысқа жеткізген кім?
Оқушылар:- Отан,Ата-ана, Мектеп, Мұғалім, Әліппе
Әнді хормен айту:Мұғалімол біздің
20-оқушы:Әліппе,әліппедеп
Алғашқы әріппен
Ана деп қазір біз
Жазуға әзірміз
21-оқушы:Күндерге күн ұласты
Жылжып – жылжып жыл асты
Ойдағыдай оқимын
Мен 1–ші сыныптын
22-оқушы: Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Бастауышқа бар бала
Алғыс айтып жүреді
Мақал-мәтелдер:
Оқу – білім бұлағы, Білім өмір шырағы.
Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
Білікті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.
Әліппенің батасы: Оқуда зеңді болыңдар
Еңбекке бейімді болыңдар
Ақ жол болсын қарақтарым
Айдай болсын қабақтарың
Күнделіктерің 5–ке толсын!
Ана тілі: Құрметті Әліппе! Біз де саған ақ жол тілейміз! (Әліппе кетеді)
Мұғалім:-Әліппе бізге көп нәрсені үйретті әліппенің арқасында жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз құрауға дағдыландық. Әліппеге не дейміз?
Балалар: Қош бол, құтты Әліппем!
Хормен ән айту:«Ұстазым»
5. Қорытынды:
Логикалық ауызша есеп шығару.
Түстерді ажырату.
Мұғалімдерге жұмбақ жасыру.
Мұғалім:-Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңмен құттуқтаймын! «Ана тілі» дана тіліміздің мәртебесін жоғары көтерейік!
- Осымен бугінгі «Қош бол, құтты Әліппе!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Алтындай уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!
Категория: Начальная школа | Добавил: Эля4599 (2016-12-11) | Автор: Қазақбай Гульнара E
Просмотров: 918 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 11:19 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru