Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК - БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ШАРТЫ.
«Қазақстанның болашағы –бүгінгі жастар. Мұғалім оларға қалай білім берсе,Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеті ауыр»
Н.Ә.Назарбаев


Мұғалімнің кәсіби дайындығының үнемі жетілдірілуі мұғалім еңбегінің жоғарылауы,оның педагогика ғылымдарының қазіргі жетістіктерін,педагогикалық тәжірибені қаншалықты меңгергеніне байланысты. Жалпы педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі, өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберліктерінің жиынтығы болып табылады.
Бүгінгі күні ғылымның, техниканың, мәдениеттің жедел дамуымен байланысты мұғалім педагогикалық процесті басқаруда шығармашыл бола түспек. Мамандар бәсекеге қабілетті, қазіргі заман талабына бейімделе алатын тұлға болуы шарт. Алдыңғы қатарлы жаңашыл педагогикалық тәжірибелерді енгізу, қолдану, іздену арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатын көздеу қажет.[1]
Өйткені ұлттың болашағы –ұрпағы болса, ұрпақ тәрбиешісі – ұстазы, білім ошағы – мектеп. Жақсы жабдықталған мектеп пен білікті ұстаз ғана білімді шәкірт тәрбиелейді.
Осы орайда ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин халықтың творчестволық күшіне,жарқын болашағына мол сенім артты.Ол, әсіресе, жастарды оқытып-
тәрбиелеу мәселесіне көңіл бөлді, оларды біздің нағыз келешегіміз, бар үмітіміз деп, жастарды «Желкілдеп шыққан көк шөпке» теңестіріп, «біз болмасақ сіз барсыз, үміт еткен достарым, Сіздерге бердім батамды», - деп жас өспірім қазақ жастарының келешегінен зор үміт күтті.
Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды.Ы.Алтынсарин атамыз «өмірдің негізгі мәні –еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу – кісіліктің басты белгісі -деген». Сондықтан өз мамандығына жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгерді.Ол өз шәкіртінің озық та, ойлы, алда болуын әрдайым қамтамасыз етеді. [2]
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыруға арналған тұжырымдамада «Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін, ең алдымен, адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін бойына жинаған білімді,парасатты ұрпақ тәрбиелеу керек»деп көрсетілген. Осы мақсатта озық педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып,ұлттық сана-сезімі жетік, қазіргі заман талаптарына сай ойлау қабілеті жоғары азаматтар тәрбиелеу – ұстаздар міндеті. [3]
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 25 маусымда №832 Қаулысымен
«Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-
2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық
жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың
жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. [4]
Практикада қолдануға болатын білімді дүние жүзілік жүйеде функционалдық
сауаттылықпен байланыстырады. Функционалдық сауаттылық ұғымына адамның
мамандығына , жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы мен
үнемі білімін жетілдіріп отыру процессін жатқызуға болады. Функционалдық
сапаларға: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау,шешім қабылдай алуға
қабілеттілік болып табылады.
Бастауыш сыныпта балалар оқу процессіне ең қажетті білім мен біліктілікті
қабылдайды, яғни дұрыс оқуға, сауатты жазуға, санауға үйренеді. Функционалдық
сауттылықтың бастапқы сатысын меңгереді. Бұл кезеңде оқушылардың
психологиялық ерекшеліктері ескеріле отыра, білім және тәрбие процессі
функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталады. Осы мақсатты жүзеге асыру
үшін, бастауыш сынып мұғалімі оқытуда жұмыс түрлерін түрлендіріп отырады. Бұл
функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Ал Ы.Алтынсарин ғылым негіздерін балаларға қызықты, түсінікті етіп беруге
ерекше көңіл бөліп орыс тілі, ана тілі, арифметика, табиғаттану сабақтарына, сөзді
бір тілден екінші тілге аударуға ерекше назар аударды.Сабақта мысалдарды
балалардың күнделікті өміріне жақын фактілер келтіре оқытуды, біртіндеп жеңілден
ауырға қарай жылжуды талап етті.
Алтынсарин түсінігінде білім дегеніміз айналадағы ақиқатты тану. «Табиғи
ақыл,- деп жазды Ы.Алтынсарин , - ол бізді қоршаған айналаны ғана қамтуға
қабілетті,ал оны дамытып,біздің көрмегенімізді де білуге мүмкіндік беретін
дүниелік білім ғана»,деп атап көрсетті.Ыбырай мұғалімге аса сезімтал, бала жанын
жазбай танитын адам болу қажет екенін айта келіп, оқу –тәрбие саласында
ізденбейтін мұғалімдер туралы былай дейді: «мұндайлар оқушыларды адастырады,
содан кейін қойылған сұраққа оқушылардың жауап бере білмегеніне ренжіп, өздері
де ашулана бастайды, тіпті оқушыларға өшігуге дейін барады.Осыдан кейін
оқушыларды бұрынғыдан да адастырады, мүлде шатастырып, оларды тіпті, ешбір
жауап бере алмайтын халге жеткізеді», сабақ беруге нашар мұғалімдерді ол
«баламен түсінісе алуға шорқақ, дарыны жоқ адам» деп сипаттайды.
«Оқытушыларды бағалағанда, - деп жазды Ы.Алтынсарин, - олардың іске қатысы
жоқ сөздеріне қарап емес,олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни
оқушыларына қарай бағалау қажет»Оқушылардың түсінбеушілігін оқытушылардың
өз кінәсі деп білмей, оқушылардың зер салмайтындығынан деп білетін
оқытушылардың қатты адасатыны айтпай – ақ түсінікті, - дейді
Ы.Алтынсарин.Мұғалім оқушыларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға
тиіс.Оқушылармен сөйлескенде жұмсақ сөйлесу,шыдамдылық ету керек,әр нәрсені
де ықыласпен, түсінікті етіп түсіндіру керек,екі ұшты ,астарлы сөз,орынсыз терминдерді қолданбау керек»деген. [5]
Мұғалім мен сынып алдында өз ойын ашық, еркін айтуға қымсынатын
бастауыш сынып оқушысы, топтық жұмыста ашылып, басқалармен бірге сұрақтар
мен тапсырмаларды талдауда белсенділік танытуы мүмкін. Мұндай жағдайда
оқушылар өздерін сенімді сезінеді және топтық жұмыс түрі оқушының басқа
қырынан ашылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ сабақ сапасын көтеру, сабаққа
оқушының ынталарын арттыру технологияларының бірі - ойын арқылы оқыту.
Мүмкіндігінше бастауыш сыныпта ойын элементтері мен оқытуды ұштастыра
білген дұрыс. Ойын оқушы ой-өрісін дамытады. Ойын мақсатына жету жолында
ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, оқушылардың жеке мінез – құлқы
қалыптасады. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, қызықты және ерікті түрде
жүреді.Оқушы өз жетістіктері мен жеңістерін сезінуі қажет. Мұғалім әрдайым оның
талпынысын, қабілетін ескеріп, шынайы бағалау керек. Баланы басқа
сыныптастарымен салыстырмай, керісінше оны ынталандыру керек. Бүгінгі оқушы–
бәсекеге қабілетті, жан - жақты білікті, еліміздің болашағы болатын жас ұрпақ. Оқу
–тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану сөзсіз білім
сапасының артуына алып келеді. Сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың
пайдалануы- өмір талабы.
Категория: Начальная школа | Добавил: gulmiraabdulina71 (2016-12-19) | Автор: Гульмира E
Просмотров: 851 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 4:10 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru