Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
«Ұзынжал негізгі мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі-Майбасарова К.М. Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда сын тұрғысынан оқыту технологиясының маңызы» Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз әсерін тигізуде. Мен өзімнің іс тәжірибемде « Сын тұрғысынан ойлау технологиясын » қолданамын. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор. Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт. Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету дамыудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет: 1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек. 2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру. 3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану. 5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету. 6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. Сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының: - Сабаққа қызығушылығы артады; - Нақты өз деңгейінде бағаланады; - Жеке қабілеті айқындалады; - Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді; - Даму мониторингі айқын көрінеді; Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар: - Мен осы мәселе туралы не ойлаймын? - Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе? - Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары: - Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау; - Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау; - Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру; - Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау; - Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау; - Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау; - Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. Менің өз іс тәжірибемде ана тілі сабағынан өткізген В.А.Сухомлинскийдің «Ақ шаш»деген сабағыма тоқталып өтейін. Оқушыларды топқа әр түсті фишкалар арқылы топқа бөлу. Фишка түстес көрсеткіші бар партаға барып отырады. Мен бұл сабақта мынандай стратегияларды қолдандым: 1. «Болжау» стратегиясы 2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы 3. «Топтастыру» стратегиясы 4. «Әдебиет үйірмесі» 5. «Бес жолды өлең» стратегиясы 1-ші «Болжау» стратегиясы. Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді. 2-ші «Екі жақты күнделік» стратегиясы. 1. Мәтіннен өздеріне әсер етіп ойында қалған үзіндіні жаз. 2. Мишаның келесі сұрағына анасы не деп жауап береді деп ойлайсын, соны жаз. 3. «Ананың көңілі – балада.Баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қандай қатысы бар? 3-ші «Топтастыру» стратегиясы. 1) Дүниеде не қымбат? (Ана) - Ана неден қымбат?(Бәрінен) - «Бәрі» ұғымына не кіреді? 2) Анаға деген махаббат қай күннен басталады?(Құндақта жатқан кезден) - Құндақта сөзін қалай түсінеміз? 3) Жылап уанбай, шырылдағанда кімді іздейсін?(Ананы) -Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар? 4-ші «Әдебиет үйірмесі» • Шағын әңгіме «Менің анам» • Өлеңді аяқта • Мәтіннің мазмұнына сай нақыл сөз, мақал-мәтел немесе шешендік сөз жаз. 5-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы 1.Зат есім (1 сөз) 2. Сын есім (2 сөз) 3. Етістік ( 3 сөз ) 4. Қорытынды ой (4 сөз ) 5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз) Топ басшыларына өз топтарындағы балаларды бағалату. Қорыта келе, сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Ізденушілігін арттырып өз ісіне сенімін нығайтады.Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. | |
Просмотров: 788 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|