Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Сабақ: жаратылыстану «Магнит» Мектеп: СҚО Ақжар ауданы Горьковский орта мектебі Күні: Мұғалімнің есімі: Дюсенова К.К. СЫНЫП: 1сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау; 1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Тәжірибе жұмыстар арқылы, магниттің қасиеттерін зерттейді Оқушылардың басым бөлігі: Магниттік қасиеті бар денелерді тауып алады Кейбір оқушылар: Магниттің өмірде пайдасы бар екенін айта алады Тілдік мақсат Оқушылар: Негізгі сөздер мен тіркестер: Магнит-магнит, тарту-притягивать, тебілу-отталкивать Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Магниттің қандай қасиеттері бар? Қандай денелерде магниттік қасиеттері бар? Алдыңғы оқу ЖОСПАР Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар Басы 5 мин Тренинг: «Атомдар мен молекулар» Әр қатысушы-жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі.жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады. Ортасы 2мин 8 мин 15 мин 5мин 5 мин Оқушыларға магнит туралы мәлімет беру. 1.Оқушылар тәжіриби жұмыстар жасап магниттің қасиеттерін зерттейді: Партада әртүрлі заттар жатады, балалар магнитті жақындатып, не болғанын қорытынды жасайды.Магнит барлық заттарды тарта ала ма? Магнит қандай заттарды тартады? Д: Тәжірибе жасап, заттарда магниттік қасиеттері бар екенін анықтайды. 2 Топпен жұмыс: 1 топ- құмда жоғалған заттарды (шуруп, кнопка, пластмаса, скрепка,резина бөлшектері) магнит арқылы табу 2 топ-су құйылған құмырадағы заттарды қолын суға малмай, құмыраны төнкермей алуға бола ма? 3 топ- қатты қағаз бен партаның арғы жағынан магнитті жылжыту 4 топ-шынының сыртынан тексеру Д: Магниттің күшін анықтайды 3.Магниттер заттарды тарта алады.Сонымен қатар олар бір-біріне тартылады. Кейде магниттер бір-бірінен тебіледі. Оларды ажырату үшін бір жағын көк түсті, екінші жағын қызыл түске боялған. Бірдей түстер бір-бірінен тебіледі, әр түсті жақтар бір-біріне тартылады. 4.Магниттің өнеркәсіпте қолдану туралы бейнефильм көрсету. Электромагнит деген не? Қайда, не үшін қолданады? Адамдар еңбегін жеңелтуге аталған құрылғы әсер ете ме? Д:Магниттің өмірде пайдасы барын айтады Ойын «Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылыңдар ма?» Үш тілде айтылады 5. Магниттік қасиеттерге ие заттардың суретін салады. Д:Магниттік қасиеттері бар заттардың суретін сала алады Заттар: қарындаш, скрепка, резинка, платмасса, шуруп, кнопка, құм, құмырадағы су, шыны Аяқталуы 5 мин Кестені толтыр: Заттар суреті Магниттік қасиеті бар Магниттік қасиеті жоқ Магниттің қандай қасиеттері бар? Қандай денелерде магниттік қасиеттері бар? Кері байланыс: 1. «Баға ағашы» рефлексиясы: * САРЫ – қызықты; * ҚЫЗЫЛ –қызықты емес * ЖАСЫЛ - өте қызықты; Парақша қағазда кестенің сызбасы Қосымша ақпарат :1820 жылы Ампердің ұсынған болжамына сәйкес, заттың магниттік қасиеттері, осы заттарды құрайтын бөлшектердің магниттік қасиеттерімен анықталады. Әр атомның ядросының айналасында не айналады? Заттардың көбінде жеке электрондардың магнит өрістері және жеке атомдар мен молекулалардың магнит өрістері бір-бірін теңгереді. Сондықтан да мұндай заттардың магниттік қасиеттері байқалмайды. Бірақ магниттік қасиеттері аса күшті бірқатар заттар бар, мысалы, темір, кобальт, болат т.б. Магнит өрісі әрекетінен магниттелетін заттар магнетиктер деп аталады. Кейбір заттар өзі сыртқы өріс арқылы магниттелген кезде оны күшейтеді, ал басқалары әлсіретеді. Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс Топтық, жеке Жұлдызшалар физика | |
Просмотров: 2311 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|