Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы №2 Ақсуат орта мектебі Нугманова Маржан Жанатқызы бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Метр - ұзындықтың өлшем бірлігі. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: ұзындықтың ірірек өлшем бірлігі- метр туралы түсініктерін қалыптастыру; өтілген ұзындық өлшем бірліктерінің арақатынасын және ондық жүйедегі байланысын көрсету. Дамытушылық мақсаты: есептеу, ойлау дағдысын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: зеректікке, алғырлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың көрнекілігі: өлшем бірліктері, сандар Сабақтың түрі: түсіндіру, сұрақ –жауап Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. * Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. * Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. * Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. * Психологиялық дайындық «5» болсын алар бағамыз, Білімнен бақыт табамыз. Өнер, білім көп оқып, Өсе берсін санамыз. Үй тапсырмасы: №6 тапсырма берілді. Салыстыру. Өрнектерді салыстыру үшін, олардың мәнін есептеп, шыққан санды салыстыру керек. Тірек білімдерін жетілдіру жұмысы Балаларға әртүрлі геометриялық фигуралар жиынтығы таратылып беріледі (қиылған немесе қағаз бетінде бейнеленген, егер фигуралар жеке беттерде болса, мұғалім фигураларды әріптермен белгілеуді тапсырып, күрделендіруіне болады). Мұғалім әр оқушыдан фигураларды өлшеуді және осы фигуралардың қабырғаларын атауды сұрайды. Ұсынылған фигуралардың ішінде дециметр және сантиметрмен өрнектеуге болатындай қабырғасының ұзындығы 10 см-ден артық тіктөртбұрыштардың болғаны дұрыс. Жүргізілген жұмыстан кейін мұғалім ұзындықтың бұдан да ірірек өздеріне белгілі қандай өлшем бірлігі бар екенін сұрайды (метр). Мұғалім мен оқушы бірігіп, баланың өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, қандай заттарды метрмен өлшеуге болатынын анықтайды. Оқушыларға метрдің өлшеу құралдарын көрсеткен дұрыс (рулетка, ағаш метр сызғыш, тігіншінің метр сызғышы). Оқулықпен жұмыс. №1.Оқушылар практикалық жұмыс жүргізгеннен кейін оқулықта берілген сурет пен төмендегі кестені қарастырады. Мұғалім 1 метрде 100 см немесе 10 дм бар екендігін хабарлайды. 1метр( м)= 10 дециметр(дм) 1 м етр( м)= 100 сантиметр (см) 1дм=10см 1дм5см=15см 1м=100см 10дм=100см 1м=0дм №2-тапсырманы орындау барысында оқушылар ары қарай есептеуге негіз болатын санның ондық құрамы және дециметр мен сантиметрдің арақатынасын нақтылайды. 3дм +7дм=10дм=1м 30+70=100 3онд.+7онд. =10онд. =1 жүзд. 2дм+8дм=10дм=100см 20+80=100 2онд.+8онд. =10онд. =1жүзд Балалар тапсырманы орындайды, мұғалім содан кейін бағандағы өрнектердің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауды сұрайды. Дециметрдің ондықтармен, ал сантиметрдің бірліктермен сәйкес келетіндігі туралы қорытынды жасайды. Сергітусәті. Мынау менің жүрегім Бәрі осыдан басталған Мынау басым ақылды Бәрін осы басқарған Мынау менің оң қолым Мынау менің сол қолым Барлық істі атқарған №3 а Балалар с ұ-20 дм ? дм қысқа Шешуі 25-20=5дм Ересектер с ұ-25дм Жауабы: 5дм қысқа №3 ә Қабылан -12м.ұ Шешуі 12-7=5м Жолбарыс -?ұ 7м қысқа Жауабы: 5м қысқа №4 5+8 >3+7 9+4 <5+9 12-8 <14-8 8+3 <8+8 6+7 >11-9 8+5 >8+2 17-7 >17-10 10+50 = 20+40 18-9 <18-8 Сабақты қорыту. «Лото» ойыны. Бұл ойын жұппен немесе топпен өткізіледі. Бұл үшін 0-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған бір түсті карточкалар және толық ондықтарды (10, 20, 30...90) білдіретін сандар бар басқа түсті карточкалар сонымен қатар өлшем бірліктері жазылған карточкалар қажет. Карточкалар үш жерге теріс қаратып орналастырылады. Балалар сандарды көрмейді. Балалардың бірі ондықтардан тұратын карточкалардың бірін, ал екінші бала бірліктерден тұратын карточкалардың бірін үшіншісі өлшем бірлігінің бірін алып көрсетеді, өзге оқушылар санды атайды. Балаларды санға бірден талдау жасауға үйреткен жөн. Мысалы, 23 санында екі ондық, үш бірлік бар. Сонымен қатар өлшем бірліктерін қосып айтуы №6-тапсырма Күләш Әсемнен биік, Әсем Айнұрдан биік. Бойы ең ұзыны кім? Бойы ең қысқасы кім? * Сонымен осы қыздардың бойын қандай ұзындық өлшем бірлігімен өлшейміз ? * Өлшем бірліктерін атап жіберіңдер (метр, дециметр, сантиметр) Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. №5тиімді тәсілмен есепте Бағалау. Оқушылардың білімдерін бағалау, оны күнделікке, журналға қою. | |
Просмотров: 1010 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|