Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Тақырыбы: Етістік 15.02.2017 жыл Сабақтың мақсаты: Оқушылардың етістік туралы және сөйлемдерден етістікті табуға, етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтын жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында байқату. Міндеттері: Топта өз ойын жетік айта алуға мүмкіндік беру.(Жағдай жасау,ықпал ету, бағыт-бағдар беру) Күтілетін нәтиже:Сөйлем құрай алады.Сұрақтарға еркін жауап береді.(Біле алады,жасай алады,көрсете алады) Көрнекілік: интербелсенді тақта, суреттер. Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, топтастыру. Сабақтың жүру барысы : І. Ұйымдастыру Психологиялық ахуал «Өз орныңды тап» ойыны.Балалар қатарымен тұрады.Әр баланың қолында әртүрлі сандар.Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады.Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады. Шардағы сандар арқылы тақ сан және жұп сан болып екі топқа бөлінеді. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Ыстық орындық» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Сұрақтарға жауап алу. -Қандай сөз таптарларын білеміз? - Зат есім деген не? - Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер? - Жалқы есім деген не? - Жалпы есім деген не? - Кім? Кімдер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады? - Не? Нелеер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады? -Зат есімнің түрлері ? ІІІ. Жаңа сабақ. Оқытушы: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Оқушылар: - Қазір жылдың қыс мезгілі. Оқытушы: - Дұрыс! Ал енді тақтаға қараңдаршы мына сөздердің қыс мезгілімен байланысы бар ма? (қар, аяз, боран). Оқушылар: Иә, бар. Оқытушы: - Олай болса, осы сөздерді қатыстырып, қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатынын айтыңдаршы. Оқушылар: - Қыста қар жауады. Аяз болады. Боран соғады. Оқытушы: - Жақсы балалар! Қар, аяз, боран сөздері қай сөз табына жатады? Неліктен? (оқушылардың жауаптары) - Ал өздеріңіз айтқан сөйлемдердегі жауады, болады, соғады сөздеріне қандай сұрақ қойылады? Олар нені білдіреді? (оқушылардың жауаптары) - Иә, балалар! Біз бірінші сыныпта заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздермен таныстық. Оларға қандай сұрақтар қойылады? Оқушылар: - Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады. Оқытушы: - Дұрыс, балалар! Бүгінгі сабақта ондай сөздер табынан етістік деп аталатынын біліп, танып, сәйкес жаттығулар орындаймыз. Тақтадағы суретке қарап, баланың, қыздың, оқушының не істеп жатқанын айтыңдаршы. Қандай қимыл жасап жатыр? Олай болса бізде қимыл-қозғалыс жасап көрсетейікші. (Секіру, билеу) Бұл сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? (оқушылардың жауаптары) - Дұрыс! Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді, сөз табын етістік дейміз. Етістіктерге не істейді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу Б және Қ әріптерін көркем етіп жазу. 370 - жаттығу. Мәтінді оқып, етістіктерді анықтау.(ауызша) 371 - жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу. (Тақтаға жаздыру). 358 - жаттығу (ауызша талдау) Сергіту сәті. Логопед жаттығуы.Сендер шөлдеп қалған боларсыңдар,мен сендерге ыстық шай берейін.Ауыздарың күйіп қалмас үшін үрлеп ішіңдер. Оқытушы: - Сабағымызды одан әр жалғастырамыз. Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Топ оқушылары бірігіп отырып орындайды. Бір оқушы жасаған жұмысты қорғайды. 1-ші топқа «Ішінде, сыртында» ішкі шеңберге зат есімді есімдерді, сыртқы шеңберге етістікті жазу. 2-ші топқа зат еім мен етістікті сәйкестендір. 372-жаттығу Тіршілік көзі (Дүниетанумен байланыс) 373 - жаттығу.(ауызша) Қорытынды: Бекіту жаттығулары: - Сабағымызды сұрақтар арқылы бекітеміз, қорытындылаймыз. - Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді не дейміз? - Жинады, ойнады сөздері қай сөз табына жатады? - Етістіктерге қандай сұрақтар қойылады? - Сөздерге етістік қосып айтыңдар. Түйе..... Мысық.... Қой.... Балалар..... Қар.... (оқушылардың жауаптары) Кері байланыс «Қолтаңба» Неліктен ұнады? Несімен ұнады? Бағалау. Өзін-өзі бағалау Үйге тапсырма: 374-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құрау | |
Просмотров: 474 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|