Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
«№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Семей қаласы Логопед: Мұратова Лаура Қайратқызы Санаты:бейсанатты Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: «Р дыбысын автоматизациялау» Сабақтың мақсаты: Түзету-білімділік:Р дыбысын буын, сөз ішінде дұрыс, анық айтуға машықтандыру. Суреттердің атын атату. Бейнелі сурет бойынша сөз құрап айтуға үйрету. Түзету-дамытушылық: Есту зейіндерін көре отырып, есте сақтау қабілетін, қиялдарын елестету қабілетін, ақыл – ой және фонематикалық естулерін дамыту. Түзету-тәрбиелік: Балалардың еңбекке деген сүйіспеншіліктерін дамыту, сыныпта тыныш отыруға, үлкенді сыйлау және қадірлеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Р фонемаларының артикуляциялық кескіні, тілге арналған артикуляциялық жаттығулардың суреттері. Әріптердің кесіндісі, айна, түрлі – түсті қағаздар, түрлі суреттер, ойын тапсырмалар. Сабақтың түрі: топтық қорытынды сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. - Сәлеметсіздер ме оқушылар! - Салеметсіз бе Лаура Қайратқызы! - Қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс айларын ата? - Қазір қай ай? - Қаңтардың нешесі? Психологиялық дайындық “Шаттық шеңбері” Оқушылар, барлығымыз шеңбер жасайық. Бүгінгі ашық сабағымызда мен сендерге жақсы көңіл -күй сыйлағым келеді. (Слайдта күліп тұрған күннің бейнесі) - Мынау не балалар? -Күн. -Күн не істеп тұр? -Күн күліп тұр -Ендеше, қазір мен сендерге мына күліп тұрған күнді сыйлаймын! -Жақсы, балалар, қараңдаршы бүгінгі күн не деген әдемі, неткен әсем. Күн өз жылуын бүкіл Семей қаласына, жер бетіне төгіп, таратып, шапағатын сеуіп тұр. Ендеше біз сол күнге сәлем берейік. Сәлем бердік, алтын күн, Сәлем бердік, ашық аспан. Сәлем бердік, табиғатқа, Сәлем бердік, баршаға. Логопед мұғалім: - Балалар, күн шуағын шашқанда, біздің көңіл күйіміз қандай болады? (Қуанамыз) - Біздің түрімізден қалай бақылауға болады? - Біз жымиямыз, иә? Қане, бір-бірімізге жымиялық. - Ал егерде бұлттар пайда болып жатса? (Таң қаламыз) - Бір мезетте найзағай жарқылдады қорқып кеттік - Енді жаңбыр жауып кетті, біз не істейміз? Көңілміз түсіп кетті. Барлығын мимикамен көрсетеміз. Логопед мұғалім: Ал енді біздің көңіліміз көтеріңкі болу үшін біз күнді құрастырамыз. Күнді құрау үшін бізге берілген әр түрлі тапсырмаларды орындау кажет. Ол үшін біз, Р дыбысының артикуляциясын есімізге түсіріп алайық. 2. «Р» дыбысының артикуляциясын еске түсіру. Алдымен «Р» дыбысының артикуляциясына назар аударамыз: — ерін аздап дөңгеленіп тұрады; — жоғарғы,төменгі тістер алшақ келеді; — тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі; — тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді; — тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады; — ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып,қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді; 3. Артикуляциялық жаттығулар. Р дыбысына байланысты жаттығулар жасаймыз. «Көңілді тіл ертегісі» Кішкентай көңілді тіл туралы ертегі Ерте заманда Кішкентай көңілді тіл өмір сүріпті. Тәңертең ол оянып, төсектен тұрып, терезеден далаға қарады (тіл ауыздан сығалайды). Аспанға қарады, күн ашықпа екен деп (тілдің ұшы үстіге көтерілді). Жерге қарады, далада су, балшық барма екен деп (тілдің ұшы астыға түседі). Тілге дала ұнады, тіл біраз қыдырғысы келді (тіл астыға-үстіге, оңға-солға қимылдар жасайды). Далада Тіл ескі достарын кездестірді олар: Бегемот (жалпақ тілді шығару), Керік (ұзын үшкір тілді шығару), Бақа (тілдің ұшын шықарып оңға-солға апару), Сиыр (тілді мұрынға және иекке созу). Олармен Тіл әңгімелесті. Біраздан кейін, Кішкентай Көңілдң тілдің тамақ ішкісі келді. Үйге келіп, Мысық сияқты сүт ішті (тілмен жалағандай қимыл жасау). Сүтке де тойды, бірақ сүтке ернін бұлғап алды. Еріндерін тазалады (тілдің ұшымен үстіңгі, астыңғы еріндерін жалау). Тістерді тазалады (тістерді «тазалау»). Кішкентай Көңілді Тіл қайтадан ойнағысы келді. Әткеншекті көріп тебе бастады (таңдайды қағу). Әбден шаршаған Тіл үйдің терезесін жауып ұйықтауға кетті. Осымен ертегі аяқталды. 4. Тыныс алу жаттығулары. «Ыстық шәй» Оқушылар сендер біраз шаршаған сияқтысыңдар сондықтан мен сендерге шәй берейін, бiрақ шәй өте ыстық, сондықтан еріндеріңіз күйдiрiп алмау үшін, мен шайды үрлеуді ұсынамын. 1. Оқушыға буындап айтқызу: Ра, ро, ры, ру Ар, ор, ыр, ұр - Дауыстылар арасында: Ара, оро, ыры, ұрұ, аро, ору, ыра, ыро - Дауыссыздармен қатар: Тра, қра, шра, жра, дра 2. Оқушыға сөзді аяқтауды тапсыру. - [р] дыбысын жалғап айтуды ұсыну: қа..., со..., бо..., та..., жа..., қоңы..., қо..., тұ..., бұ..., құ..., сұ..., сы..., то... . [-ра] буынынжалға: Қа..., да..., жа..., сұ..., домбы..., жази..., гита..., Ша..., о..., а..., жы... . [- рақ ]буынынжалға: Ба..., та..., жа..., қа..., сұ..., құ..., жы..., тұ..., шы... . [Ыр] буынынжалға: Бат..., сып..., қоң..., қасқ..., мам..., си..., ау..., шат... . 3. Сөздіқайтала: раушан, ракета, рахмет, риза, рұқсат, арпа, парта, тырна, торғай, айран, дорба, сорпа, тырма, орақ. 4. Суреттердіата: қар, қыран, тырна, қарға, торғай, ара, картоп, жапырақ, арпа, арша, тарақ, парақ, айран, қырық, тырма, қияр, қарақат, ара, сырға, торсық. 5. Сөйлемді қайтала: 1. Марат базардан тор сатып алды. 2. Омар томар тасыды. 3. Қамбар арамен бөренені кесті. 4. Орманда Ораш суыр көрді. 5. Қырмызы қырдан гүл терді. 6. Суретбойыншасөйлемқұра: (сюжеттісуреттер) Құмаралмұртжеді. Бауырсақ терезеден домалап түсті. Шорман шортан ұстады. Шынарды қаздар қуды. Марат қолшатырды көтерді. Жарас гитарада ойнады. 7. Буынұйқас Ра-ра-ра – Айжаншашыңды тара Ра-ра-ра – қозығажақсы қара. Ры-ры-ры – мінгенатым торы Ры-ры-ры – жинапалдым тары. Ар-ар-ар – даладақалыңқар Ар-ар-ар – үйгежылдам бар. Ыр-ыр-ыр – жаттапалдымжыр Ыр-ыр-ыр – айтылмайды сыр. - Осымен біздің тапсырмалар аяқталды. Енді мен сендерге осы күліп тұрған күнді сыйлағым келеді. | |
Просмотров: 948 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|