Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым
Тәуелсіздік… Қандай ыстық, қарапайым әрі қасиетті сөз. Осынау қасиетті ұғымды аңсап күткен қазақ баласы екі жарым ғасыр бойы дұғадай жаттап,ұрпақтан-ұрпаққа найзаның ұшы мен қылыштың жүзімен, ата- баба қанымен аманат етті, намыс жігерін болат кездіктей жаныған батыр бабаларымыздың азаттық жолындағы күрестері- осының жемісі. Тәуелсідікке біз оңайлықпен жеткеніміз жоқ.Бүгінгі ұрпақ егемендік ғасырлар бойғы күрестің,«Елім-жерім» деген жан дауыстың , қасық қандарын қиып, ел үшін жанын пида еткен аға-апаларымыздың қанымен келгендігін есте сақтағанымыз жөн.
Болашақтан үмітін үзбеген аға ұрпақ тағдырлары қаншама рет тағдыр таразысына түсіп,қыл үстінде тұрса да «құт дарып,қыдыр қонған» туған жерді көздің қарашығындай сақтай білді.Теңдік пен татулықты,елдік пен еркіндікті ту етіп ұстаған «бастаса қолдың көсемі,сөйлесе сөздің шешені» болған аталарымыз бен найзаның ұшы,қылыштың қыры,садақтың жебесіне тайсалмай қарсы тұрған аға-апаларымыздың арқасында еліміз «ақ түйенің қарны жарылған » тәуелсіздік таңына жетті.Ең бірінші ел болу үшін тілі,екінші діні,үшінші дінін сақтап қалуы тиіс.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – алдымен халқымыздың бақыты.Елімізде бейбітшілік болуы халқымыздың өжеттілігі, батылдығы емес пе? Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезімін енгізуге ерекше көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Қазақ халқы әрдайым қонақжай халық.Халқымыз өзге ұлтты менсінбеу,оларды жамандауды білмейтін халық.Қазақ елін шын сүйетін азаматтар мен азаматшылар өте көп. Мен де елімді сүйетін қазақтың қызымын.Мен қазақ болғаныма мақтанамын. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері ,сол мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлттың ауызбіршілігін ,қадағалауға үлесін тигізген бастық ағаларға алғысым шексіз,бәрі де сол кісілердің арқасында.Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі деп білемін.
Қазақстан — қазақ халқының ата-бабамыздың қонысы. Халқымыз өлшеусіз табиғат байлығымен қатар, ең бастысы сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекшеленетінін ұмытпаған жөн.Бүгінгі шуақты күндерді бағалай біліп, жаңа белестерге ұмтылу – біздің ұрпақтың бағыты болуы тиіс.
Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба
Жолымен алдық деп ойлаймын.
Н.Ә. Назарбаев
1991 жылы — еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан кезі болды. Қазіргі Қазақстан әлемге мақтанарлықтай абройға қол жеткізді.Жас мемлекетіміз аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда жас мемлекет Қазақстан бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы — қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес,бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» — деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің барасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп ал­у, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же­ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер­мей­ді. Мұндай істердің орындалуы – ерекше тарихи жетістік.. Айта берсек 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі көп. Дегенмен,бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Мен тәуелсіздіктен кейін дүниеге келсем де,Егемендіктің қаншама қиындықпен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті.Ата-бабаларымыздың аңсаған арманына біздер, яғни бүгінгі ұрпақтың қолы жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы,ендеше біз де келешек ұрпаққа дәл солай жеткізейік.. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Оның ішіндегі қазақтың қос жұлдызын айпай кетпеуге болмас .Елі үшін, жері үшін Мәншүк пен Әлия тәрізді қазақ қыздарын айтсақ болады.Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.Міне, осыдан – ақ қазақ жастарының қандай екенін байқауға болады.Жерін қорғауға барлығы бірдей атсалысты.Бұл олардың отанын сүйетінін, ауызбіршілігіміз жарасқан ел екеніміздің айқын көрінісі деп білемін. «Ерлік — ұрпаққа ұран, елге – мұра »деген бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз бүгінде жас ұрпақтың бойындағы патриотизмді дамыту үшін зор көңіл бөлуде, Елбасының бастауымен ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Ұлан» ұйымы – осының айқын дәлелі емес пе? Біз,жастар, «Бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарып»,бір қозғалысқа бірігіп,биік асуларды бағындыруымыз қажет. «Жас Ұлан» ұйымы осы игі істердің бастауы деп ойлаймын.Осы орайда жас ұрпақтың болашағына алаңдаулы Нұрсұлтан атамызбен еліміздегі белсенді жастардың ойы ұштасып жатқандай.Себебі құрамына оқу үлгерімімен, үлгілі тәртібімен көзге түскен үздік оқушыларды қабылдайтын ұйымның мақсаты- елім деп еміренген, батыр да дана, ақылды да айбарлы, сәулелі де сезімді, ұшқыр да озық ойлы, саналы да үмітті ұрпақ тәрбиелеу болып отыр.Бүгінгі кезде рухани дүниесі кең,ұлтын сүйетін,білімге деген құштарлығы мол,дәстүрімізді,ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас азамат қалыптастыруда, ұйымның атқарар жұмыстары көп екендігіне сенімім мол.Қазіргідей жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтар әлсіреп,замандас ұл-қыздарымыз қазақы болмысымызға сай келмейтін әрекеттерге бой ұрып жатқан бүгінгі заманда қоғамымызға осындай ұйымдар қажет-ақ.Менің ойымша,жас ұрпақты ұлтжандылық рухта тәрбиелеу үшін ұлттық идеологиямыз керемет болуы тиіс.Сондықтан да осындай ұйым жас өскіндердің талай ізгілікті шарасына арқау болып,тәрбие жұмысына жәрдемін тигізіп, патриоттық сезімнің мән-мазмұнын байыта түсетініне кәміл сенемін. Қазақ аруларының қазақи болмысы, ұлдарымыздың батыл да батыр мінездері анық байқалатыны сөссіз. Мен осы ұйым мүшесі ретінде айтарым, мен келешекте мықты маман иесі болып,еліме кішкене болса да үлесімді тигіссем деймін.Болашағың өз қолыңда Жас ұландар! Барлығы әр адамның өзіне байланысты,отанын сүю,қашан да елін мақтаныш ететін жастар артады деген сенімім мол. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» дегендей, болашағымызды бірге кемелдендірейік, Жас ұландар!
Категория: Начальная школа | Добавил: darigabazylova (2017-12-26) | Автор: Базылова Дарига Ахановна E W
Просмотров: 565 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 9:08 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru