Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Математика пәні мен өзін-өзі тануды ықпалдастыру сабағы №5 мектеп-гимназия. Мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Құндылығы: Дұрыс әрекет Қасиеті: Батылдық,ептілік,алғырлық. Мұғалім: Бодыкова Мейрамкул Куланбаевна Сабақтың мақсаты: -Жылдамдық, уақыт, қашықтыққа берілген есептер жайлы білімдерін тиянақтап, пысықтау.Қозғалысқа арналған есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: 1.Білімділік: Жылдамдық, уақыт, қашықтыққа берілген есептер жайлы білімдерін тиянақтап, пысықтау. Бір бағыттағы қозғалысқа арналған есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру. 2.Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, математикалық әдіс-тәсілдерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. 3.Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін өмірде қолдана білуге, тапқырлыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.Батылдыққа,шымыр болуға,алғырлыққа,ептілікке баулу. Сабақтың түрі:қайталау Оқыту әдісі: сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, ажырату, жинақтау, жаттықтыру, , ізденіс әдісі, жазба жұмысы, өзіндік жұмыс, Көрнекіліктер: слайд, сызба, деңгейлік карточка т.б. Пәнаралық байланыс: музыка, дене шынықтыру Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін қадағалау. Зейіндерін сабаққа аудару. Қонақтармен амандасу: -Жарқырап күнде ашылды,айналаға нұр шашылды. -«Қайырлы күн!» біз өнерлі баламыз, -«Қайырлы күн!»сәлемдесіп аламыз. -Мақсатымыз-білім алу,міндетіміз-еңбектену. -Еңбектену арқылы,5-ке қолды жеткізу! 5Т-ұстанымын еске түсіру. 2.Тыныштық сәті. «Тыныс алу» жаттығуы Біз қазір тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазсыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, дайындаламыз. Көзімізді жұмамыз...., арқамызды тік ұстаймыз...., қолымызды тіземізге қоюға болады.1,2..,1,2... Кіріспе.(Ой қозғау) - Балалар, қазір әлемнің назарын аударған қандай оқиға болып жатыр? - Олимпиада. - Бұл олимпиада қандай ойындарға арналаған? - Қысқы ойындар. - Ол қай елде болып жатыр?-Иә,балалар 28 қаңтардан ақпанға дейін бүкіләлемдік қысқы Универсияда.Алматы қаласында өтпек.Оған 55 мемлекеттен 2000 спортшы қатысады. Оған біздің елден де спортшылар қатысқалы жатыр.Біздің спортшыларымыз жеңіске жету үшін бойларында қандай қасиеттер болуы қажет? -Ептілік,батылдық,алғырлықжәне де шымыр болуы керек. 4- топ: Батылдар,Ептілер,Алғырлар,Шымырлар. - Қандай қысқы спорт түрлерін атап бере аласыңдар? - Хоккей, шаңғымен сырғанау,коньки(мәнерлеп сырғанау), шорт трек, фристайл, сноуборд т. б. Спорттықойындарды үш тілде айтқызу. - Ендеше, бүгінгі сабағымызда осы олимпиадалар өтетін жерлердіаралаймыз. Спортшы секілді бізде…… С – салмақты П - парасатты О - озат Р - рухты Т - төзімді Ш - шыныққан Ы - ынтымақшыл болайық! Бүгінгі сабағымызда осы қасиеттер бойларыңнан табылады деген ойдамын. Сәттілік тілеймін! (Өз бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді еселеп арттыра берсек, ол бізді рухани биікке көтереді.) ІІ.Біздің Алматы қаласына келген қонақтарды қонақ уйге орналастыруымыз қажет. Сол қонақтар орналасатын элиталы керемет зәулім үй: Спорт қалашығына барып,үй тапсырмасын орындап жіберейік.Үйге берілген №6есептің жауабын 4 топ айтады.Балалар бірін-бірі бағалау парағына бағалайды. Топта бір-бірімізді ренжітпейік,ұйымшыл болайық!Бағалаған кезде әділетті болайық,шыншыл болайық! Адал ,ақиқат жолымен жүрейік балалар! Ш.Жалпы білімдерін қайталау бойынша жұмыс:Ауызша сұрақтар: 1.Поез 72 км/сағ жылдамдықпен 3 сағ жол жүрді.Ол қанша жол жүрді?жау: 216 км 2.Шаңғышы 70 км жолды14 км/сағ жылдамдықпен жүрді.Шаңғышы осы жолды неше сағатта жүріп өтті?Жауаубы: 5 сағ. 3.Саяхатшылар 12км/сағ жылдамдықпен 5 сағ жүзіп өтті.Олар қанша жол жүзді?Ж:60км 4.240км жолды мотоциклші 40км/сағ жылдамдықпен жүрді. Осы жолды ол қанша уақытта жүріп өткен?Ж:6 сағатта (Балалар,уақытты тиімді пайдалану үшін жылдамдық қажет.Ал,өмірімізді жақсы өткізу үшін уақытты үнемдеп,оны да тиімді пайдалану керек!) Енді,балалар,келген спортшыларымыз бен қонақтарымыздың барлығы Алматы аренасына барады. Оны Мұз сарайы депте атайды. Қане,бізде сол қысқы Универсиядаға арнап салынған Алматы аренасына барайық.Спортшыларға бізде жанкүйер болайық.Бізде олар сияқты спортпен айналысуды қолға алайық..Бізде спортшы сияқты батыл, алғыр,епті,шымыр болайық! Біз бүгінгі күшімізді алдымен білімде сынайық! Универсияданың ашылуы Алматы аренесында өтеді.Ол жер12000 адамға арналған екен.Сол жерде универсияданың ашылуы 28 қаңтар күні болады.Яғни ашылу салтанаты,түрлі спорттық дисплиналар болады. Бізде бүгінгі сабағымызда сол ашылуына алдын ала өз үлесімізді қосайық. Оқушылар күй тартады. Сонымен балалар,Спортшыларымыз мәнерлеп сырғанау жарысын Медеу мұз айдынындаөтеді екен.Бізде спортшыларымызбен бірге Медеуге барып,оқулықтағы 1-тапсырманы орындап жіберейік.Кестені пайдаланып,өрнек түрінде жазып көрсету.96м:24м/мин; 48м : хм/мин; ам : 6м/мин Мейірімділік есептер: 1.Балалар үйіне қайырымдылық жасап,жаялық апардық.Сол жаялықтың 120 жоғары сынып оқушылары,одан екі есе көп бастауыш сынып оқушылары әкелді.Сонда барлығы неше жаялық апардық балалар? 2.Қыста балалар құстарға ұя жасады.4 «А»сынып балалары 23 ұя жасады. 4 «Ә» сынып оқушылары одан 3-ін кем жасады.Барлығы қанша ұя жасалды? 3. Немерелері атасына жеміс жинауға көмектесті. Арман 10жәшік алма жинады,інісі одан екі есе артық жинады.Сонда барлығы қанша жәшік алма жиналды? 4. Балалар алғыс күніне жақсы тілек жазылған 680 ашық хат,оның жартысын бала бақшаға сыйлады.Қалғанын ұстаздарға сыйлады.Ұстаздарға қанша ашық хат сыйлады? Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындашайбалы хоккей өтеді.Енді осы жерге тоқталып,көптеген тапсырмаларды орындап кетейік.2-тапсырманы ауызша шығарып жіберейік.Кестенің әр бағандағы берілген шамаларды салыстыру,не тұрақты болғанын,қалай өзгергенін айтқызу. Осы жерде сонымен қатар,3-тапсырмадағы кестені пайдаланып,машиналардың әрқайсысының жүрген уақытын,олардың бір-біріне жақындау жылдамдығын, екеуі жолда барлығы қанша уақыт болғанын өрнек түрінде жазып көрсету. Біріншісінің уақыты;180км : 90км/сағ; Екіншісінің уақыты;150км: х км/сағ Екеуінің жақындау жылдамдығы-90км/сағ+х км/сағ Барлық уақыты: 180км : 90км/сағ+150км: х км/сағ Келесі 4-тапсырманы орындайық.Салт атты 48 км жолды 16 км/сағ жылдамдықпен жүрсе,неше километр қашықтықты жүріп өтеді? 48км:16км/сағ=3сағ 3сағ*8км/сағ=24км Атлетикалық қалашыққа келейік.Атлетикалық қалашықта жарыстан бұрын біз 6-тапсырмадағы есепті баған түрінде шығарып,оны көбейтумен тексеріп жіберейік.Әр топтан әр оқушы шығады.Әр орындалған тапсырманы өздері бағалап отырады.Ал енді, бәріміз орнымыздан тұрып,тау шаңғысы жарысы өтетін Шымбұлаққа барайық.Шымбұлаққа шығайық,сергіп-сергіп алайық.(Сергіту сәті.) Орнымыздан тұрайық,тауға өрмелеп шығайық. Өмірде биік белес бар,оғанда талмай шығайық! Асулардан өтеміз,өмірде ғажап екенбіз. Қол созып асқақ арманға,мақсатқа биік жетеміз! Өте керемет балалар,талаптарың таудай болсын! Армандарыңа жетіңдер!Ал енді,осы биік тауда тұрып теңдеу шешуді шығарып тастаңдар.4-топтан 4 оқушы шығып,теңдеуді тақтаға шығарады.(Өмірде әр нәрсенің шешімі болады.Оны дұрыс шешуіміз керек.Ақиқатпен, шын жүректен шыққан шешім қашанда дұрыс әрекет болады.Ал,дұрыс әрекет болғанда әрқашан дұрыс шешім қабылданады.Теңдеуді де солай дұрыс шешіммен шешу керек. ) .Сонымен қатар осы биікте тұрып,мына фигураларды белгіленуі бойынша атап көрсетіңдерші: Өмірде де үш байланыс дұрыс болса,онда оқушы жақсы болады.Олар:мұғалім,ата-ана,оқушы.Осы үшеуі тату ,ұйымшыл болуы керек. 1.Бұрыш:АОК,АВТ,ВТА 2.Түзу:ОТ,ДЕ 3.Кесінді-КМ,4.Сәуле:ОА,ОК 5.Үшбұрыш:ВТА Шығармашылық тапсырмалар; салыстыру,әрі қарай жалғастыру: 25*11= 250+25= 275 25*19= 250+225= 475 25*15 = 250+225= 475 25*23= 250+325 = 575 Ендеше, балаларҚапшағай қаласы маңындағыХалық Аренасына келіп, ойымызды жаңғыртып алайық. Тапсырмаларды орындай отырып,Универсияда эмблемасын құрастырайық! Мына жазу нені білдіреді? S = V * t ------------ V = S: t ----------------- t = S: V Оқушылар жылдамдық,уақыт қашықтықты табуды еске түсіреді. Уйге тапсырма:28-бет,№5 есеп Рахмет, балалар,енді бәріміз трамплинге барайық.Трамплиннен секірудеоңай емес,ол өте биік.Ол үшін адам бойында тағыда қандай қасиет болу керек?-Батылдық Дәйексөз: Батылдық батырлыққа жеткізеді.Әлем чемпионы болған ,бойында батылдығы бар батырларымызды атап кетейікші;Қысқы Универсиядада спорт сайысына қатысатын спортшыларымыз:(Слайдта көрсетіледі) Қорытынды: «Доп лақтыру»ойыны арқылы қай кездері қысқы олимпияда болғанын атап өтеді.Оқушылардың білімдерін салыстыра отырып,әр топтың топ басшыларын медальдармен марапаттау.Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңді жүректеріңе сақтап,;батылдық,алғырлық,ептілік,Отансүйгіштік қасиетті бойларыңа дарытып алыңдар! 2017 Универсияданың туы ең биік Аконкагуа шыңына тігілді. Оны бойында батылдығы,алғырлығы бар Қазақстан альпинистеріМақсұт Жұмабаевпен Мағжан Сағымбаев Оңтүстік Американың ең биік нүктесінде бағындырды.Міне, осындай батылда батыр спортшылардан үлгі ала отырып бізде Қазақстандық спортшыларымызды Универияданың жеңімпазы болуын тілейміз,бізде білім туын биікке тігеміз! Жақсы баға алған оқушылар білім шыңына білім туын тігеді. | |
Просмотров: 897 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|