Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
«Шаған кенті №24 жалпы негізгі білім беретін мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Тохатова Гульдана Ерболатовна Пән: Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Ауа және оның қасиеттері.Жел Сабақтың мақсаты: Білімділік: Адам өміріндегі ауаның маңызын түсіндіру. Ауаның қасиетін еске түсіру және атап шығу. Тәрбиелік: Ауаның қасиеті туралы оқушының көзқарасын кеңейту. Қоршаған ортаны таза ұстауға, ауаны ластамауға тәрбиелеу. Дамытушылық: Тіл байлықтарын, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту. Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сызба, сарамандық жұмыс Сабақ типі: жаңа сабақ Сабақ түрі: аралас сабақ Көрнекілігі: интерактивті тақта, шар, су құйылған стақан, колба, слайд Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Көңіл-күй ахуалы Үй тапсырмасын сұрау. Бекіту. Тірі және өлі денелер арасында қандай айырмашылықтар бар? Денелер неден тұрады? Жаңа сабақ Жаңа сабақтың тақырыбын жұмбақ жасырып, оның шешуі арқылы табу. Жұмбақ Бір нәрсе жер мен көктің арасында Көрінбес өзі түгіл қарасы да. Білінбей жер үстінде жүрсе-дағы Пайдалы адамзаттың баласына. (Ауа) Ауаны бар екендігін дәлелдеуге болады: Аузымызды ауамен толтырайық және саусақтарымызды бетімізге қойып басайық. -Не байқадындар?(оқушылар жауап береді) Иә адам ауасыз кем дегенде 5 минут өмір сүре алады. Поэзия сәті Ол мөп- мөлдір Көзге көрінбейтін газ. Бізді әуеде қалқып Қоршап тұратыны рас Орманда да бар Емен мен самырсын аңқыған. Тыныстаған сайын Иісіне жаның балқыған. Жазда жылы леп болып, Қыста дірдек қақтырған. Көзімізге көрінбейді, Ұстағанға білінбейді. Онсыз бізге өміржоқ. Таза ауаға жаның тоқ. Оқушылар өздері оқулықтағы тақырыпты оқиды 48-49 бет. Түсінгендерін айтып береді сұрақтарға жауап береді. Жаңа сабақты түсіндіру. Жер шарын жан-жағынан біртұтас, ауа қабаты қоршап тұрады. Ауақабаты атмосфера депаталады. Атмосфера – жердің ең сыртқы, беткі қабаты. Ауа дегеніміз – әртүрлі газдардың қосындысы. Көлемі бойынша ауада 78% азот, 21% оттек, 1 % инертті және басқа газдар. Ауа кез-келген затта, топырақта, суда тіпті біздің денемізде де бар. Балалар, жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз? Өйткені, ауа мөлдір және түссіз болады. Ауаның тағы бірқасиеті-жылуды нашар өткізеді. Аңдардың жүнінің, құстардың мамығының арасында да ауа бар, сондықтан олар суықтан тоңбайды. Қыста қарастындағы өсімдіктер мен жануарлар да суықтан қорықпайды, себебі қарда да ауа бар. Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы өте зор. Ауасыз адам, жан-жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете алмайды. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Орман ішінде, теңіз немесе өзен, көл жағалауында ауа таза болады. Ал жер бетіндегі ау құрамында адамның денсаулығына зиянды түрлі қоспалар да араласып жүреді. Әсіресе, өндірісті қалаларда ауа көп ластанады. Ауаның тазалығынсақтау үшін ірі кәсіпорындардың мұржаларына ыс, шаң-тозаң, түрлі улы газдарды тұратын қондырғылар орнатылады. Сондықтан айналаны көгалдандырудың маңызызор. Өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көпмөлшерде оттегін бөліп шығарады. Дәптермен жұмысы. Атмосфера-ауақабаты. Ауада 78% азаот, 21% оттек, 1% инертті және басқа газдар болады. Сарамандық жұмыс. 1. Шарды бір оқушыға үрлету, ондағы ауаны ақырын ғана шығарту. Колбаның түтігіне шарды кигізіп, ауа шықпайтындай етіп, байлап тастау. Сосын колбаны жайлап қыздыру. Біраздан кейін шар ауаға толып, торсияды. Содан кейін колбаны үстелге қойып, салқындатамыз. Оның ішіндегі ауа сығылып, көлемін кішірейтеді. Колбадағы ау ортайғандықтан шардағы ауа кері құйылып, шар солып қалпына келеді. Яғни, ауа қызғанда көлемін ұлғайтып, суынғанда көлемін кішірейтеді. Сергіту сәті. Біраз демалып алдық енді сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Оқушылар өздері оқулықтағы тақырыпты оқиды 51-53 бет. Түсінгендерін айтып береді сұрақтарға жауап береді. Желбағар дегеніміз не? Рефлексия Балалар жел тақырыбына синквейн жазайық Синквейн стратегиясы ( бес жолды өлең): Ой толғау кезеңінде қолданылады. Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі. - Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім) - Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім) - Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік) - Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем. - Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз. Мысалы: Қағаз Ақ, түрлі - түсті Жазамыз, сызамыз, бүктейміз Қағазға сурет салып үйренеміз Парақ 1.Жел 2.Балғын,самал 3.Салқындатады,тазалайды,жылжытады 4.Бұлттарды қуады 5.Өмір немесе қозғалыс Бекіту. Осы сабақтан мен нені білдім? Алдағы уақытта нені білгім келеді деген сұрақтарға жауап алу. Бағалау. Үйге тапсырма. Оқу, мазмұндау. | |
Просмотров: 577 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|