Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары №3 сабақ Мектеп: Рудный орта мектебі Тақырып: Арайлап атсын әр таңым Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер:Шындықты айту, уәдені орындау, үлкендерді,мұғалімдердісыйлау Сынып:1 «А» Оқушылар саны: 4 Сабақ мақсаты:Бақыт ,махаббат, ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретінде мәнін ашу. Міндеттері: 1.Әртүрлі көңіл күйді сезіне білуге және мәдениетті қарым-қатынас жасауды үйрену 2.Оқушылардың бойында шындықты айту,уәдені орындау, үлкендерді, мұғалімдерді құрметтеу қасиетерін дамыту; 3.Өзін және айналасындағы адамдарды сыйлай және қуанта білуге тәрбиелеу Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Оқулық, дәптер, тақта, үнтаспа. Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi.Тыныштық сәтi. (5 мин) Орманға саяхат. -Денемізді тік ұстап, орындықта еркін отырамыз.Көзімізді жұмамыз.Көз алдарыңда көк шалғынды дала. Жұмсақ самал есіп тұр.Аспанда күн нұрын ерекше төгіп, сенің маңдайыңнан өтіп жүрегіңе құйылды. Нұрға бөленген жүрегің жаңа ашылған гүлдей сүйіспеншілік қауызын ашады. Сүйіспеншілікке толы жүректен күннің нұры сенің аяғыңа түседі.Сенің аяғың тек жақсы жерлермен ғана жүру үшін.Аяғыңнан күннің нұры қолыңа барды, тек жақсыны ғана ұстау үшін. Күннің нұры қолыңнан аузыңа барды, жақсыны ғана айту үшін. Аузыңнан күннің нұры құлағыңа барды, тек жақсыны сөз есту үшін. Күннің нұры құлағыңа барды, тек жақсыны көру үшін. Сенің бүкіл тұла бойың сүйіспеншілік нұрына бөленді. Сен осы сүйіспеншіліктеріңді досыңа жібер. Ата - анаңа жібер.Сен сол сүйіспеншілік нұрын туған-туыстарыңа жібер.Барлық мектептегі таныстарыңа жібер.Айналаң сүйіспеншілік нұрына бөленіп тұр. Біздің бөлмеде нұрға бөленіп сүйіспеншілікке толды. Көзімізді ептеп ашайық. Рахмет. Сабақ барысын талдау: 2. Үй тапсырмасын тексеру№3 сабақ Суретпен жұмыс 3.Дәйексөзбен жұмыс. Әрбір таңғы қуаныш –өмірге шаттық сыйлайды.. Халық даналығы 3.1Хормен айту 3.2 Мағынасын ашу 3.3 Дәптерге жазу 4.Әңгiмелеу. Сурет бойынша әңгімелеу Сұрақтар: «Денсаулық» туралы әңгімелеу Сурет бойынша жұмыс жүргізу 5.Шығармашылық жұмыс. Жұптық жұмыс (10 мин). Оқушыларды жұпқа бөлу. 1.Сурет бойынша өздеріне қандай сурет ұнайтынын айту 2. Суреттерін салу 6.Топпен ән айту: Дос болайық,бәріміз. Сөзін жазған.Х.Талгаров Әнін жазған И.Нүсіпбаев 1.Әрқашан дос,біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріндер. Достық жырын біліндер, Ту ғып ұстап бірлікті, Еңбекті сүйіндер! Қайырмасы: Дос болайық,бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. 2.Қараттанып қарышта, Озып шыққан жарыста, Батыл бас,жас ұлан! Самға биік,алысқа, Жұлдыздарға,ғарышқа, Бойда күш тасыған. Қайырмасы: Дос болайық,бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз. 7. Үй тапсырмасы.№ 4 сабақ Бала тілегі 21 бет 8. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка орындалады. -Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, сүйіспеншілік пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңмен толық сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! | |
Просмотров: 390 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|