Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Пәні: Өзін-өзі тану Сыныбы: 2 Пән мұғалімі: Еспаева Г.А Тақырыбы: «Үлкенге –құрмет, кішіге-ізет» Өзгеге жасаған ізетің, Өзіңе жасаған құрметің. Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; - сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; - үлкендерді сыйлауға; кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, дәптер, оқулық, ақ қағаздар. Шаттық шеңбері Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Барлығына бас иіп Сәлем бердік біз Әңгімелесу. -Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе? - Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады? - Достарыңмен арада қандай сыйластық бар? Мәтінмен жұмыс. «Үш дос» Әңгімені оқу, талдау. - Балалар неге бірге ойнай алмады? - Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек? Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет» Жаңа ақпарат. Оқушылар оқулықтағы жаңа ақпараттарды оқи отырып, адамдардың арасында көп нәрсе сыйластыққа байланысты екенін түсінуі қажет. Өмірде адамдар бір-бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру. Дәптермен жұмыс Сабақта айтылған ойларды оқушылардың түсінгенін білу мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады. 1- Тапсырма: «Менің айтар ақылым». Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі), ініңе арнап хат жаз. 2- Тапсырма «Менің айтар ақылым». Үйдегі үлкендердің өзіңе айтқан ақылдарын жазуға ұсыныс жаса. Сахналау «Кішілік-кісілік» Көп ойланып есебі, Келсе керек білгісі. Сөз сұрапты деседі автор Қариядан бір кісі: — Уа, қария, данамыз, Алайық бір түсініп. Үлкендік деп ұғамыз? бір кісі Дейміз нені кішілік? — Ағайынмен, досымен, Тату болса ісімен. Санаспай-ақ жасымен, Сыйлас болса кісімен; Кезек күтіп сөйлесе, қария Көрсетсе ізет, білгендік. Кеуде кере келмесе, Сол — Кісілік — үлкендік. — Сіз үлкендік дегенмен, Басқаша ұқтық мұны біз. Мәмілешіл бар елмен бір кісі Кішілік қой мұнымыз. — Жөн-ақ өзің аңдасаң, Сөздің мәнін түсініп. Ұйқасады әрқашан қария Кішілік пен кісілік. Жүректен жүрекке Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі өлеңді бірге айтып, сабақты аяқтайды. «Ақ әжем» әнін айтқызу Өткізген: Кокушева Сәуле Асқарқызы Өзін-өзі тану. «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет». 2-сынып. Сабақтың тақырыбы: Үлкенге — ізет, кішіге — құрмет Сабақтың мақсаттары: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылығы туралы түмініктерін кеңейту, өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту, үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар. Пайдаланған әдебиет: әдістемелік нұсқау, «Қазақтың мақал-мәтелдері», 2008 г., «Қазақстан» Сабақ барысы: 1. Шаттық шеңбері — Балалар, кәне «Шаттық шеңберге» тұрып бір-бірімізбен бас иіп, жымиып амандасайық. — Балалар, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай жымиып бас ию — адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Адамға деген құрметің жымиып тұрып амандасудан басталады. Кәне сәлем беру туралы мақал — мәтелдерді есімізге түсірейік (Сәлем — сөздің атасы, Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергенің, т.с.с.) Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Риза— шылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді. 2. Ән айту. Әңгімелеу — Балалар, «Анамды жақсы көремін» өлеңін айтайық (өлең айту). Үлкенмін ғой мен енді, жудым еденді, Аналарға арналаған жаттадым өлеңді. Апатайым менің, апатайым-ай, Саған арнап әнімді тағы айтайын-ай. Әнді айтып берейін, Би де билеймін. Өйткені мен анамды Жақсы көремін. Өнерімді құптаған сенсің білемін, Өлең көп жұптадым саған жүрегім. Анамды мен сүйемін,сөзін ұғамын, Ардақтаймын әрқашан асыл тұмарым. Қайырмасы: — Балалар, ата-аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? Ендеше, балалар, сыйластық отбасынан басталады. Балалардың үлкендерді сыйлауға және үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру мақсатында сұрақтар қою: — Балалар, ата, әжелерің сендерге қандай ақыл-кеңестер айтады? — Сендер әжелеріңе қандай құрмет көрсетесіңдер? 3. Тапсырма — Балалар, сендер өздеріңнің ерекше сыйлайтын адамдары туралы және оның қандай ісі, қасиеттері сыйлауға лайық екенін ойланып, айтып беріңдер. (оқушылардың жауаптары) 4. Жағдаяттарды шешу Оқушылардың адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін бекіте түсу үшін 37-бетте сюжетті суреттерге көңіл аудару. Сюжетті суреттер: 1. Шығармашылық кездесу кезінде өзіңді қызықтырған сұрақ қойғың келді. Ол 2. Сенің досың сыныптастарына ренжіп қалды. Себебі 3. Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді. Бірақ — Балалар, осы жағдаяттарды жалғастырып көріңдер. 4. Мәтінмен жұмыс — Қазір біз «Рақмет, ата» әңгімені оқып шығайық. Рақмет, ата! Баламның амандығын біліп,немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес жасар шамасындағы қыз тұрды. Қасына келіп: — Бұл жерде неғып тұрмың? — дедім. — Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой. — Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім? — Гүлнар. — Кімнің баласысың? — Әжемнің баласымын. Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын. Соларды Гүлнарға бердім. — Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін. Рақмет, ата! — деп жүзіме қуана қарады.Кіп кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым. — Балалар, Гүлнардың үлкенді сыйлайтынын, кішіге қамқоршы екенін қандай іс-әрекеттерінен аңғаруға болады? — Атай Гүлнарға қандай ізеттілік көрсетті? — Өз достарыңа, туыстарыңа және жақын адамдарға қандай құрмет көрсетесің? 5. Дәйек сөз «Өзгеге жасаған ізетің — өзіңе жасаған құрметің» (халық даналығы) — Балалар, құрмет — үлкен адамдарға көрсетілетін сыйластықты қарым-қатынас. Ізет — үлкендердің кішілерге көрсететін сыйластықты қарым-қатынасы. Өзің сыйласаң, сен де сыйлайды. Сондықтан жастайыңнан үлкенді құрметтеуді, үлкен болғанда кішіге ізет жасауды білсең өмір бойы сыйлы болып өтерсің. «Өзгеге жасаған ізетің — өзіңе жасаған құрметің» деген сөздің мағынасы осы. 6. Тыныштық сәті — Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді аш— саңдар да болады. 7. Сахналау — Ал, қазір, балалар, біз «Кісілік — кішілік» атты өлеңді рөлдерге бөліп оқимыз. Көп ойланып есебі, Келсе керек білгісі. Сөз сұрапты деседі Қариядан бір кісі: — Уа, қария, данамыз, Алайық бір түсініп. Үлкендік деп ұғамыз? Дейміз нені кішілік? — Ағайынмен, досымен, Тату болса ісімен. Санаспай-ақ жасымен, Сыйлас болса кісімен; Кезек күтіп сөйлесе, Көрсетсе ізет, білгендік. Кеуде кере келмесе, Сол — Кісілік — үлкендік. — Сіз үлкендік дегенмен, Басқаша ұқтық мұны біз. Мәмілешіл бар елмен Кішілік қой мұнымыз. — Жөн-ақ өзің аңдасаң, Сөздің мәнін түсініп. Ұйқасады әрқашан Кішілік пен кісілік. — Балалар, өлеңдегі кісілікке тән қасиеттерді айтып беріңдер. — Кішілікке тән қасиеттерді іріктеп айтыңдар. 8. Дәптермен жұмыс — Сурет бойынша әңгіме құрастырып, дәптерлеріңе жазыңдар. — Берілген сөздердің шеңбер ішінде берілген отбасы мүшелерінің қайсысына қатысты екендігін тауып белгілеңдер және айтып беріңдер. 9. Жүректен жүрекке — Балалар, біз шаттық шеңберге тұрып, бір бірімізге жүрегімізден шыққан жақсы тілек айтайық (жұмсақ жүректі қолдан қолға беріп). — Сонымен, балалар, адамдар өзара сыйласып, бір — бірінің жақсы, ізгі қасиеттерін құрметтесе, сыйластыққа қол жеткізеді. Өзін — өзі сыйлайтын адам өзгелерді де сыйлай біледі. Источник: http://files.gameworld.kz/4trekyp8vk.html | |
Просмотров: 13852 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|