Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Сабақтың тақырыбы: «Я дыбысы мен әрпі. Сұр қоян.» Сабақтың мақсаты: Білімділігі: 1. Я дыбысы бар сөздерді оқып, жаза білуге дағдыландыру. 2. «Сұр қоян» өлеңін мәнерлеп оқи білуге, мазмұнын түсінуге үйрету. 3. Буын туралы түсініктерін кеңейту. 4. Я дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Тәрбиелігі: 1. Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. 2. Табиғаттың әсемділігін сөзіне отырып, оны сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Дамытушылығы: 1. Ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін, қызығушылығын, белсенділігін арттыру. 2. Сауатты әдемі жазуға баулу. Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, Я дыбысының баспа, жазба түрлері, тақырыптық суреттер ( қоян, аңдар, күн, «Суретші суреті», көкеніс суреттері ), семантикалық карта, сигналды белгілер, ойын, сөзжұмбақ, жүрекшелер. Сабақтың түрі: Дамыту сабағы. Пысықтау сабағы. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, өзін-өзі тану, модульдік технология, көрнекілік. Пән аралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, музыка, математика. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. 1. Мұғалім балаларды «Шаттық» шеңберіне шақырады: - Балалар, амансыңдар ма, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін бізге келген қонақтарға қуанып, ризашылығымызды білдіреміз. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге! (Күн бейнесін көтереді.) Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Қонақтарды құрметтеп, Бас иеміз біз! (Сәлем беріп, орындарына отырады.) 2. Психологиялық дайындық. Зейін тексеру ойыны. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Я дыбысы, әрпі. Ұя.). 1. «Ой қозғау»: - Я дыбысы қандай дыбыс? - Я дыбысын айтқанда қандай қосарлы дыбыстар естіледі? 2. «Ұя» өлеңін жатқа айту. 3. Тізбектеліп оқу. 4. Күн шуағына я әрпіне байланысты әр оқушы сөз жазып, «Күн» нұрына нұр қосады! Қорыту: Құс ұясын бұзба! Құстарды қорғайық! ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Суретпен жұмыс: Ертегі - жұмбақты шешу. Шешуі: Қоян. 2. Сөзжұмбақ шешу: а) Қолы жоқ - сурет салады, Тісі жоқ - тістеп алады. (Аяз) ә) Жесең ащы, Көзіңнен шығарар жасты. (Пияз) б) Есек құлақты, Ешкі құйрықты, Мысық аяқты, Көрдім жүйрікті. (Қоян) в) Тал басында Тамаша үй. (Ұя) а я з п и я з қ о я н ұ я - Балалар, осы сөздердің ішінде бір аңның аты бар, соны кім табады екен? (Қоян) - Ендеше балалар, менің сендерге таныстырайын деген өлеңім не туралы болады? (Қоян) 3. а) Оқулықпен жұмыс. Мұғалімнің Т.Бердияровтың «Сұр қоян» өлеңін мәнерлеп оқуы. ә) Оқулықтағы суретпен жұмыс. 4. Жер-су аттарымен танысу. 5. «Мен - саған, сен - маған» ойынын ойнату. Көкөністер суреті таратылып, жұмбақ жасырады, бір - бірінікін шешеді. (Тіл дамыту). Қорыту: - Қай жауапта я әрпі бар? - Қияр, пияз. 6. Зейін тексеру ойыны. 7. «Суретші көзімен» атты дамытпалы ойын. Суреттен заттарды ажыратып атау. Ойын қорытындысы: - Суретші суретті немен салады? - Бояумен (Бояу) Дыбыстық талдау - Өлең не туралы? (Қоян) - Суретті әдемі ететін зат? (Бояу) Қоян Бояу - дыбыстық талдау жасау Сергіту минуты Күзгі жаңбыр себелеп, Лдымнан жел соғады. Көп ізденген балалар, Білімді боп өседі. 10. Өздік диктант: (математикамен байланыс) 1-ден 5-ке дейінгі сандарды жазу. 11. Оқулықпен жұмыс. Бағандағы сөздерді тізбектеліп оқу. 12. Рольге ену. Қоян өзі туралы эссе айту. ІV. Сабақты бекіту, қорытындылау. а) Семантикалық картаны толтыру; Әріптер Дыбыс түрлері н ө р о с т қ ы і я + + + + + + + + + + ә) Рефлексия. 1. «Сұр қоян» өлеңін сахналау. 2. Өз көңіл-күйлерін жылы және суық түстермен көрсету (сигналды белгілермен). 3. Гүлдерден жүрекше құрастыру (әр гүлді жапсырғанда я әрпі бар сөздерді атау). 4. Жүректен жүрекке. Келген Қонақтармен бірге шеңберге тұрып, «Біз - өмірдің гүліміз» әнін айтады, естелікке жүрекше сыйлап, жақсы лебіздерін білдіреді. 5. Балаларды мадақтау. V. Үйге тапсырма: 1. «Сұр қоян» өлеңін жаттап алу. 2. Кісі аттары мен жер-су аттарының жазылуын есте сақтау. 3. Бағандағы сөздері оқу. | |
Просмотров: 8393 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|