Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа |
Шығыс Қазақстан облысы. Семей қаласы. Бұлақ ауылы. Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі. Дүниетану. Орындаған: Калиева К.Ж. 1-3 сынып. Тақырыбы: Алматы – Астана . Мақсаты: Оқушыларға жаңа сабақтың мазмұнын аша отырып түсіндіру. Міндеттері: 1. Оқушылар мәтінді оқу арқылы негізгі ойды түсініп, жаңа деректер алуға тырысады. 2. Оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы өз ойын ашық айтуға үйренеді. 3. Оқушылар отансүйгіштік,елжандылық сезімдерін арттырады. Әдіс-тәсілдері: мәтін бойынша және топпен жұмыс, венн диаграммасы. Көрнекілігі: ҚР картасы, суретті қағаздар, 7 жүреккше, Венн диаграммасы сызылған қағаз, машина суреті. Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңбер құрып, қолдарына бір шоқ гүл ұстап тұрып, тілек айтады да, қолындағы гүлін келесі балаға береді,ол бала өз гүлімен қосып келесі балаға береді т.с.с. Соңында мұғалімнің қолында бір құшақ гүл жиналады. Оқушылар сары және жасыл қағаз бойынша екі топқа бөлінеді.Топ басшысы сайланады, бағалау парағы беріледі. - Балалар, бүгін біз сіздермен бірге өз қаламыз Семейден жеңіл машинамен саяхатқа аттанамыз.Біздің сүйікті Семей қаламызға биыл 293 жыл толды. Семей қаласы туралы не білесіңдер? (Аспалы көпіріміз,көптеген ескерткіштер, сауда орындары, оқу орындары театрлар т.б. бар.) «Семейім» әнінің сүйемелдеуімен Семей қаласы жайлы слайд көрсетіледі. - Балалар, енді әрі қарай жүйткіп Алматы қаласына кеттік. Алматы қаласы жайлы жазылған мәтінмен танысайық. Оқулықты ашып, мәтінді кезекпен тізбек бойынша оқиды. - Алматы қандай қала екен? - Алматы деген сөздің мағынасы нені білдіреді? - Қала Алматы деп бекер аталмаған еді.Күзде бұл қалада алманың аңқыған иісі мұрын жаратын. Қала көшелерінде,бақтарда апорт алмалар сабағын көтере алмай самсап тұратын. Енді осы Алматы қаласының көрікті жерлерімен саяхатымызды жалғастырайық. «Алматым-жүрегімде» әнін тыңдай отырып, қаланың жоғары оқу орындарының, кинотеатрларының мәдениет сарайларының, спорт кешені «Медеу» және қала көшелерінен слайд көрсетілді. - Енді сапарымызды жалғастырып, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан Отанымыздың жүрегі Астанаға келдік. Оқулықты ашып Астана қаласы туралы жазылған мәтінмен танысайық. Оқушылар мәтінді тізбек бойынша бөліп оқиды. - Сонымен Астана қандай қала екен? Астана жайлы жазылған теңеулерді мәнерлеп оқыту. Астана-қазақтың кең даласымен шауып келе жатқан тұлпар. Астана-ертеңгесімен бүгінгісі ұштасқан ертегі қала. Астана-өр көкірек, аты ән мен батаға қосылған қала. Астана-домбыра, алтын дән және қорғандар. Астана-әулие қала. («Астана»әнін тыңдай отырып, қаланың көрікті де сәулетті жерлерінен слайд көрсету.) - Балалар, бүгін біз сіздермен екі қала, екі астана , бірі-бүгінгісі бірі-кешегісі туралы айттық. Енді осы сабақтан алған білімімізді жинақтап, екі қаланы салыстырып жазайық. Венн диаграммасын толтыру, оны қорғау. Үй тапсырмасын тексеру:қалаларға арналған шығармашылық жұмыстарын қорғау. Оқушылар өз жазған өлеңдерін оқыды. Сөзжұмбақ шешу. 1.Бұрынғы астана. 2.Жақын жердегі қаламыз. 3.Тұңғыш қазақ ғарышкері 4.Ас атасы не ? 5. Өлен жазатын адам 6. Жеміс «Бағалау парағын» сөйлету: топ басшысы. «Менің еліме, жеріме деген тілегім». Картаға жүрекше қойып, өз тілегін айтады. - Сабақ ұнады ма? Алған әсерің қандай? Үйге тапсырма: «Арман – қала» сурет салу | |
Просмотров: 2193 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|