Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении |
«Тіл мен әдебиеті мамандарының құзіреттілігі мен келбеті» тақырыбында облыстық семинар Жаңа технология үрдістері талабымен Өнер-білім,халқының сауаттылығы қай елдің болсын баға жетпес байлығы.Халықтың рухани-мәдени дәрежесін көтеру,жас ұрпақты жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу мақсатында еңбек ету-әрбір педагогтің міндеті.Әрбір күні өзгеріске,жаңалыққа толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай,уақыт талабына сай ертеңгі болашақ-жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді.Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді,өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.Өйткені еліміздің ертені бүгінгі жас ұрпақтың қолында.Ал ұрпақтың білімді,саналы болуы ұстаздарға байланысты екені даусыз.Олай болса,бала оқытып,тәрбиелеумен айналысатын барша педагог қауымның басты міндеті-әр оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау, жеке тұлға қалыптастыру.Ал оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп,іс-әрекетінің мақсатын,міндетін,түрін,тәсілін өзінше түсініп,алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жетуі тиіс.Ол үшін әрбір шәкірт мына психологиялық талаптарға ұмтылуы қажет:»Мен істеймін»,»Мен үшін керек»,»Мен істей аламын» деу арқылы атқаратын жұмысының тетігін табу, ізденсе, оқыса өзі қойған мақсатына жете алатынына көзін жеткізу,өз іс-әрекетіне сенімділікпен қарау.Сонымен,әр жеке тұлғаның «Мен» деген көз қарасын тәрбиелей отырып, «Біз»деген көпшілікпен қарым-қатынасын қалыптастыру-басты міндет.Сондықтан өмірден өз орнын тауып,тіршілікті қадірлей білуге,оның мән-мағынасын терең танып,оқушылардың жоғары нәтижеге қол жеткізуі үшін сабақ процесінде де оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану . «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясы 1998-1999 оқу жылынан бастап,мектептің барлық сатысына, барлық пәнге еніп,оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.Бұл технологияның жемісі сол,ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып,өз бетімен оқуына,ақпаратты өз бетімен өңдеуге,ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып,шешім қабылдауға дағдыландыру.Бұл технологияда 1-ші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады. «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік (I.Міндетті деңгей.II.Мүмкіндік деңгей.III.Шығармашылық деңгей) талаптарынан тұрады.Оның басты мақсаты-сынып оқушыларын «қабілетті-қабілетсіз»деген жіктерге бөлуді болдырмау.Сабақта қандай оқушы болмасын,жақсы оқитынына қарамастан жұмысты 1-деңгейден бастап орындайды.Әрбір оқушы 1-деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы.Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен,баяу оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады?»деген сұрақ туады.1-деңгейден аса алмай жатқан жағдайда,қалған тапсырмаларды үйде орындауға беріледі. «Деңгейлеп саралап оқыту»технологиясының 2-ші бір жағы-оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу.Әлбетте,оқушылар неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп,оқытушыдан,жолдастарынан,қосыша материалдардан білім жинайды. «Деңгейлеп саралап оқыту»технологиясы: -оқушылардың өз қабілетіне,болашағына сенуіне; -оқушыны ынталандыруға,оқушы мен оқытушының ынтымақтастық карым-қатынас достығына; -оқушылардың өз білімін өзі бағалай білуіне,баға әділдігіне; -білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді, жеке тұлғаны қалыптастырады. Қазіргі уақытта «Блок жуйесімен оқыту»,»Жобалау әдісі арқылы оқыту»,сахналандырылған сабақ, кіріктірілген (интеграл) сабақ,сайыс сабақ,СТО технологиясымен де тыңғылықты білім беріліп,әрбір оқушы жауапкершілікті сезініп,бұл әдістерге де бейімделе түсті.Бұл технологияның ең басты ерекшелігі-оқушы өз ойын тұжырымды жинақтап,шешен сойлеуге қалыптасады.э Өз тәжірбиемде доцент Нұрша Оразақынованың «Сатылай кешенді талдауын» негізге ала отырып,сатылай комплексті талдаудың сызба түрлерін сабағымда пайдаланамын. Бұл сызбаның ерекшелігі сол- алған білімдерін жинақтауға,еске қайта түсіруге мүмкіндік береді және оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сонау ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жәй ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деген екен.Олай болса,қазіргі таңдағы педогогика жаңалықтарын,қазіргі қолданылып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.Мақсатты білім беру-технологияның басты белгілері.Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы (іс-әрекет арқылы)жүзеге асады.Мұғалім-ұйымдастырушы,бағыт беруші. Сонымен қорыта келгенде,қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында туған тілі мен әдебиетінің қырын,сырын,тұлғаларын,тарихын,табиғатын таныта отырып,ертең өмірден орнын таба алатын өзіне сенімді,нағыз ұлтжанды,парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып,тәжірбиені байыта түсу-бүгінгі таңның басты мәселесі. | |
Просмотров: 1427 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|