Главная » Статьи » В помощь учителю » Новые технологии в обучении |
«Тілдің үш тұғырлылығын» жүзеге асырып жатырмыз ба? Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған бағдарламасында балаларды білімді етіп шығару және де тілдің үш тұғырлылығын қамтамасыз ету жоспары көзделген.Еліміздің 50 дамыған елдер қатарына қосылудағы бірден-бір көрсеткіші болатын,әр қазақстандық азаматтың үш тілде сөйлеуі еді.Қазіргі таңда сол жолдауда берілген тапсырманы қалай орындап жүр екенбіз?Сол үш тілдің ішіндегі ағылшын тілі туралы ой қозғап көрейін. Қаламыздағы орта буындағы азаматтар өз мамандықтары бойынша жұмыс жасап жүр,егер жұмыста ағылшын тілін білуді талап етсе ғана оқып үйренеді.Әйтпесе сол ағынмен ағып,жұмыстарын жасап жүре бергендері... Ал оқушылардың, студенттердің жайы басқа.Жаңа заманға сай әр жұмыс беруші ағылшын тілін білуді талап етіп қойып жатыр.Бірақ жаңа заманда әртүрлі жаңаша заттар,жаңа азық-түлік атаулары, тұрмысқа қажетті заттардың атаулары ағылшын тілінде аталып жатыр.Бір қызығы қазақстандықтар өздері аңғармай ағылшын тілін үйреніп жатыр десе де болады.Мүлдем тілден хабары жоқ кез-келген азаматты алатын болсақ, ол жоқ дегенде ағылшынша10 сөз біледі екен. Қалай дейсіздер ғой? Мен сіздерге біраз мысалдар келтірейін. «Twix»- шоколады жұп, «Dove» –кептер, «tide» - бағыт, «head & shoulders» -бас пен иықтар, «safeguard» –қорғаныс, «Ariel» - араб елігі, «reach» - қол жету, «aqua fresh» –судай таза, «wanish» - жоғалып кету, «wash and go» - жу да жүре бер деген мағынаны білдіреді екен. Бұл тек ғана сіздердің көзбен көріп атауын оқи алатындар тобы. Ал спорт, басқа да салада жүрген сөздер бір төбе.Өзімнің тәжірибемде ылғи да осы жолдарды қолданып жүремін.Сондықтан да айтарым, құрметті азаматтар ағылшын тілін үйренуді бастап кеттіңіздер, енді ары қарай жалғастыру жеңілдеу болады! Ол үшін тек ғана қызығушылық керек.Ізденуден талмайық!!! Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. №3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Амирова Шынар Серикхановна | |
Просмотров: 834 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|